12 Қыркүйек 2013, 09:02
Бас мақала. Газет пен журналдың кезекті санының алғашқы беті қоғамның ең маңызды мәселесіне арналады. Бұрын Кеңестер Одагының Коммунистік партиясы «қоғамның басқарушы, бағыттаушы күші» болғандықтан, орталық органның газеті «Социалистік Қазақстанның» әр санында шеткі, сол жағына басмақала жарияланып тұрды.
Бас мақала сол жылдардағы қоғамның саясат, экономика, қоғамдық саясат, экономика, қоғамдық қатынастар, мәдениет, заң, адамгершілік т.б. аясына арналады. Кейде сондай макалалар қоғамдық мекемені басқаруга арналған зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелерді шешуге арналғанымен, қоғамдық пікір туғызған жағдайлар да кездесіп отырған. 1980-ші жылдардың облыстық және республикалық газеттердің алғашқы бетінде басмақала жазуды үрдіске айналдырған.
Кейіннен бұл жанрдың қоғамдық маңызы жойылып, қайта құру жылдары газет беттерінен алынды. Дегенмен, жанрдың шындық бағасынан гөрі, күні біткен қоғамның ескірген тәртібі басмақала арқылы оқырмандардың наразылығын туғызды. Осы жанр арқылы редакция өткен жағдайларға талдау жасап, өзінің іс-әрекеттерінің (тоқсандық, жылдық, бесжылдық т.б.) қорытындысын шығаруға, болашақтың жоспарын құруға пайдаланды.
Журналдардағы басмақала кең көлемде жазылады. Жылдың алгашқы нөмірінде өткен жылдағы оқиғаларға баға беру, келешектің жоспары, басьшымның алға қойған мақсат- міндеттерін хабарлау негізінде жазылып жүр.
Проблемалық мақала қазіргі таңда кең қолданысқа ие. Проблемалық мақала экономика, саясат, мәдениет, ғылым, білім, адамгершілік, заң, экология т.б. қоғамның барлық саласын қамтиды және әртүрлі тақырыпта жазылады.
Мақаланың бұл түрінің негізі - барша халыққа мәлім, қоғамда шешуді талап ететін мәселелерде жатыр. Егер елде инфляция, жүмыссыздық, заң бұзушылық кең етек алса, жалпыхалықтық мәдениет өзінің шындық бейнесін жоғалтса, онда халықтың өмір сүру деңгейінің төмендейтіндігі белгілі. Нақты, анық, еліміздегі маңызды деректерге сүйенсек: зауыттардың жұмысы (жалақы төленбей кешіктірілсе, мықты мамандар жүмыстан кетсе) тоқтайды. Бүдан қандай қорытындыға келеміз? Қоғамға себеп-салдар, шешім мен үсыныстардың қайнар көзі керек.
Мақалаға «кім?», «не?», «қайда?», «қашан?», «қандай?» т.б. қойылатын сұрақтар жеткіліксіз. Негізгі «кім кінәлі?», «не істеу керек?» деген маңызды сұрақтар қажет. Журналистердің міндеті -зерттеу жүргізу, қиындықтардың көп тармақты себебі мен салдарын, туындаған күрделі мәселелерді аныктап, шешудің жолдарын табу проблемалық мақаланың міндеті.
Теориялыц мақала. Мақаланың бұл түрінің мазмүны қоғамның саяси, экономикалық, мәдени дамуын жэне оның қазіргі жағдайына өзіндік көзқарасына, тарихи өсу тәжірибесіне ғылыми-теориялық жағынан талдау жасаудан құралады және газет-журналдарда, арнайы салалық басылым беттерінде жарияланады. Барлық тақырыптық бағыттағы мақалалар тартылады.
Ақпараттық мақала - мазмұны кең көлемде талданған, анықталған оқиғалардың деректеріне негізделеді. Сонымен қатар, қоршаған ортада барлық болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды бір-бірімен тығыз байланыста талдануымен маңызды. Ақпараттық мақаланың мақсаты - оқиғаларды жедел хабарлау емес,әлеуметтік маңызы бар оқиғалардың мәнін аша отырып хабарлау. Тек хабарлау емес, кең көлемді мақалалар жазу, ақпараттық хабарлар дайындау, ситуацияға қатысушы жаққа қатысты деректер мен дәйектерін зерттеулерді ұсынуы керек.
Мақала - зерттеу. БАҚ туралы заңның қабылдануымен редакциялардың қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларды дербес зерттеу жұмысын жүргізу мүмкіндігі туды. Көп жағдайлармен күрделенген, деректердің жинақталуы мен талдануын, мол құжаттардың зерттелуін, үлкен көлемдегі түрлі қалалар мен тіпті мемлекеттерде адамдардан сұхбат алуды талап ететін жағдайлары жөнінде сөз қозғалып жатыр. Сонымен бірге, осындай жұмысты кейде қысқа мерзімде өткізуге болады. Әрине, бір журналист кәдімгі мақаламен жұмыс істеу шеңберіңде осьшдай жұмысты атқаруы мүмкін емес. Осы кезде сараптамалық орталық (немесе сараптамалық топ) іске кіріседі. Ақпараттың жинақталу мен талдану нәтижесі мақала- зерттеу немесе осыған ұқсас мақалалардың сериясы болуы мүмкін.
Мақала-зерттеу - жан-жақты, кешенді, ағымдағы өмір, өткен жылдардағы қоғамдық маңызы бар оқиғаны зерттеуге негізделген мақала түрі. Мақала-зерттеудің тақырыбы редакция пікірінше ресми органдар мен жеке БАҚ-нан толық емес жэне қате жария етілу салдарынан көбірек объективті, терең, мүқият қарастырылуға тиіс оқиғалар болуы мүмкін. Сонымен қатар, сөз көп жылдық тарихы бар оқиғалар жөнінде болуы да ықтимал. Мұндай мақалалардың мақсаты - шындықты айтуға талпыныс, әділдікті қалпына келтіру.
Мақала-зерттеудің авторы - авторлар тобы немесе ұжымдық зерттеуді пайдаланатын бір журналист те бола алады. Дегенмен, осындай мақалалар кейде авторы көрсетілмей, редакциялық болып беріледі.
Ең бір көрнекі мақала-зерттеуге мысал ретінде, бірнеше ай бойы басылған Оңтүстік-Кореялық ұшақтың 1983 жылғы қайғылы опат болуьша арналған жарияланымдардың топтамасын алуға болады. Бүкіл әлемдік баспасөзде бұл туралы көп жазған болатын, бірақ кеңес үкіметі, сол кездегі тәуелсіз емес баспасөз әлемдік БАҚ-ның деректері мен ақпараттарында қайшылықтар көп болды. Бұл халықаралық шиеленістің себепшісі болды. Бұл шиеленісті жою үшін аталған оқиғаны қайтадан қарауды қажет етті. Мұнымен «Известия» газетінің сараптамалық орталығы айналысып, көлемді мақала-зерттеу жариялаған болатын.
Мақала-зерттеу бұрынғы және қазіргі тарихпен байланысты оқиғалардан басқа, жоғарыда көрсетілген мысалдай әртүрлі себептерге байланысты мәселені қозғауды, оның өңделуін, ақпаратпен қамтамасыз етілуін немесе теорияландыруын талап етпей, оның тергеуін талап ететін деректерге арналуы мүмкін.
Ресейдің «Литературная газета» басылымында сонғы жылдары бұл жанрдағы материалдар жарияланатын «Расследование «ЛГ» мақсаттық жолағы енгізілген. «Известия» газетінде мақала-зерттеулер көп жарияланады.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.