Бүгінгі академиялық оқулықтарда олқылықтар бар – сарапшы

12 Қыркүйек 2013, 07:14

Е.Бөкетов атындағы Карағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің археология, этнология және отан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қанат Өскембаев BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында бүгінгі академиялық оқулықтарда олқылықтар бар екенін мәлімдеді.  «Ғалымдар сол оқулықтарды реттеу жұмысымен айналысуы тиіс. Бүгінгі күні көтеріліп жатқан тағы бір басты мәселе – орта мектептерге арналған оқулықтар проблемасы. Біз алдымен осы жоғары оқу орындарында жазылатын академиялық оқулықтарды дұрыстап алуымыз керек. Онда кездесетін әр түрті фактілер бар, кейде бір оқиғалар екінші оқиғалармен сәйкес келмей жатады. Осыларды реттеп, ғалымдар осылармен жұмыс істеулері керек», -деп пікір білдірді ол. Сонымен бірге, оның айтуынша, бүгінгі тарих оқулықтарын жазуда, оларды толықтыруда бұрынғы жазбаларға да мән берілуі тиіс. «Шет елдерде мүмкін бұндай қиындықтар жоқ болар. Өйткені, оларда сол тарих оқулықтарына негіз бола алатын бұрынғы жазбалар, монографиялар бар. Бұндай жазбалар бізде де бар. Біз егемендік алғанымызға жиырма жылдан енді асты. Сонда да осы уақыт аралығында көп көзқарастар өзгерді. Соны ескере отырып, бұрынғы жазбаларды пайдалана отырып, тарихымызды ешкімді ренжітпей, ешкімді кемсітпей жазуымыз керек», - деп толықтырды ол. Шыңғыс ҒАЙЫП

Е.Бөкетов атындағы Карағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің археология, этнология және отан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қанат Өскембаев BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында бүгінгі академиялық оқулықтарда олқылықтар бар екенін мәлімдеді. 

«Ғалымдар сол оқулықтарды реттеу жұмысымен айналысуы тиіс.

Бүгінгі күні көтеріліп жатқан тағы бір басты мәселе – орта мектептерге арналған оқулықтар проблемасы. Біз алдымен осы жоғары оқу орындарында жазылатын академиялық оқулықтарды дұрыстап алуымыз керек. Онда кездесетін әр түрті фактілер бар, кейде бір оқиғалар екінші оқиғалармен сәйкес келмей жатады. Осыларды реттеп, ғалымдар осылармен жұмыс істеулері керек», -деп пікір білдірді ол.

Сонымен бірге, оның айтуынша, бүгінгі тарих оқулықтарын жазуда, оларды толықтыруда бұрынғы жазбаларға да мән берілуі тиіс.

«Шет елдерде мүмкін бұндай қиындықтар жоқ болар. Өйткені, оларда сол тарих оқулықтарына негіз бола алатын бұрынғы жазбалар, монографиялар бар. Бұндай жазбалар бізде де бар. Біз егемендік алғанымызға жиырма жылдан енді асты. Сонда да осы уақыт аралығында көп көзқарастар өзгерді. Соны ескере отырып, бұрынғы жазбаларды пайдалана отырып, тарихымызды ешкімді ренжітпей, ешкімді кемсітпей жазуымыз керек», - деп толықтырды ол.

Шыңғыс ҒАЙЫП
Бөлісу: