Телевидеииедегі журналистік мамандықтар тізімінде репортерден, комментатордан кейін шолушы тұрады. Осы қызметтің болуы телевидениеде бұл спецификалық жанрдың нығайғанын көрсетеді.
Шолу - сараптамалық публицистиканың тұрақталған, дэстүрлі түрлерінің бірі. Оны сипаттайтын негізгі ерекшеліктері: біріншіден, авторлық мақсатқа байланысты деректер топтастырылады; екіншіден, шолушы деректер арасындағы себептік қатынастарды ашып, олардың өзара әрекеттесуін қарастырады; үшіншіден, шолу зерттеу ауқымдылығымен ерекшеленеді; төртіншіден, шолу материалы хронологиямен шектеледі.
Осы жанрдың пэні - қоғамдық оқиғалар, ал мақсаты - себеп-салдарлық байланысты ашу арқылы, олардың мағынасын анықтап, болашақ дамуының тенденцияларын көрерменге үсынады. Шолуда тек ақпараттың жедел материалын ғана қолданбай, авторлық ой логикасымен топтасатын мүрағаттық бейнематериалды қолданған жөн.
Шолу екіге бөлінеді: белгілі бір уақыт кезеңіндегі эр түрлі оқиғаларды қарастыратын жалпы шолу жэне нақты мәселе сферасымен (экономика, ғылым, өнер, спорт) шектелген тақырыптық шолу. Соңғы жылдары монологиялық сипаты бар шолудан басқа да шолу-диалогтар пайда болды. Шолушы эңгімелесушілермен бірге қоғамдық өмір аясының өзекті мәселесі жайлы эңгіме қүрады. Бүл жерде телеэкранның бейнелік мүмкіндіктері қолданылады: документалды кадрлар, фотоқұжаітар, бейнебаяндар, бейнеқатар жэне т.б.
Музыкалық шолу, театр көрсетілімдеріне арналған шолу жэне соған үқсас бағдарламалар жанрлық ерекшеліктері жағынан халықаралық немесе спорттық шолудан айырмашылығы жоқ. Бағдарлама тақырыбы, шолушы спецификасы ауысады, ал жанрдың сипаттық мэні сол қалпында қалады.
Шолу түрлері:
Ішкі шолу - елдің ішіндегі өмір оқиғаларын қамтиды.
Халықаралық шолу - халықаралық өмір туралы ақпарат береді. Ол уақыты бойынша: күнделікті, апта сайын, ай сайын, жыл сайын жасалады.
Тақырыбы бойынша:
Саяси;
Экономикалық;
Спорттық;
Ауылшаруашылық;
Мәдени және т.б.
Шолудың басты түрі ретінде баспасөзге шолуды және хаттар шолуын атауға болады.
Сараптамалық жанрлар соңғы жылдарда ақпараттық жанрлармен бірге ақпараттық кеңістікте журналистік шығармашылықтың негізгі аясын ала бастады. Көбіне сараптамалық жанрлар орын алған газеттер пайда болды, бұған: «Панорама», «Кэсіби апта», «Айқын», «Алаш айнасы» және басқаларды жатқызуға болады. Шолу мақалаларында журналист өз пікірін ашық айтып, ойын қоса алады жэне оқиғаға баға беруге, өз ой-толғамдарын айтуға ерікті.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

-