Бір жанрдың үш түрі де (баспасөз, радио, теледидар) бір-біріне ұқсас. Алайда, атап өткеніміздей олардан айтарлықтай айырмашылықтары бар. Радио мен телевидениядегі сұхбат газеттегіге қарағанда көркемдік пен көрнекілік жағынан ерекшелінеді. Радио мен телесұхбатта көрермен мен тыңдарман сұхбатқа тікелей атсалыспаса да, оның қатысушысына айналады. Ақпаратты тұтынушыға жеткізуде радиосұхбат пен телесұхбаттың сапасы көрнекі болуы маңызды, себебі, ақпаратты қабылдаушы сол арқылы болған оқиғаның неге, не үшін, қалай болғаны жайлы өзі шешім шығара алады. Бұл сапас журналистке оңай түспейтін олжа, ол аудиторияға қызықты, маңызы бар, әділ ақпарат беруі тиіс. Олай болмаған жағдайда көрермен басқа арнаға, ал тыңдарман басқа толқынға ауысуы ықтимал.
Газет сұхбаты оқырманның қызығушылығын туғызады. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл сұхбат субъективтілігімен ерекшеленеді. Журналист алдына қойған мақсатына жету барысында маңызды емес деген сұрақтарды алып тастай алады, сол арқылы басқа сұрақтарға толығырақ тоқтайды. Керек болған жағдайда журналист сұрақтардың ретін де өзгерте алады. Яғни, осылай газет бетіне шыққан сұхбат журналист пен сұхбат берушінің сол әңгімесі болмай қалады. Сұхбаттың басқа түрлерінің пайда болуының өзі азеттегі сұхбаттан бастау алған. Сұхбат жүргізудің техникасын игеру барысында сұхбатқа дайындалу мен оны жүргізудің қиындықтарын ескерген абзал.
Кез келген сұхбаттың алғашқы кезеңі әрине – дайындықтан басталады. Сұхбат алушының ұстанымын былай анықтауға болады: «Мен сіздің мен білмейтіннәрсені білетініңізді білемін» ұстанымы. Журналисттің дайындықсыз сұхбат жүргізуіне құығы жоқ. Кейбір жағдайды білмеуі мүмкін, алайда, болған жағдайды алдын-ала анықтап алу, сұхбат берущіге деген құрметті көрсетеді. Кей жағдайда барлығын жақсы деңгейде білген журналист, сұхбат берушіні көлеңкеде қалдыруы мүмкін, адасушылықтың пайда болу қауіпі осында. Тақырыпты журналистің жақсы менгергендігі әңгімесінің тартымды болуына септігін тигізіп, оны керек жаққа бағыттап, сұхбат берушіге ғана белгілі деркетерді табуы мүмкін. Сұхбат жанрында сұрақтар маңызды рөл атқарады. Олар мына ұстанымдарға сәйкесболғаны жөн:
Сұрақтар анық болуы керек. Сұхбат беруші сұрақты түсінбесе оған журналист кінәлі. Сұрақтың түсінікті болу үшін оны алдымен журналистің өзі түсінуі қажет.
Күрделі сұрақтарды қоймаған жөн. Осындай жауап алатын сұрақтар көп жағдайда радио мен телевиденияда сирек пайдалануы мүмкін. Оның негізінде егер сұхбат берушіні толық таныстырудан қашқанда ғана қолданылады.
Сұрақты қою барысында сұхбат берушіге деген сыйластықты ұмытпау керек. Журанлистің этикалық сезімі оның сұрақтарыныңқалай әсер ететінін анықтап отыруы қажет. Сұхбат берушінің іс-әрекетін байқап отыру журналистің кәсіби шеберлігін көрсетеді.
Қойылатын сұрақ қызықты болуы шарт.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

-