11 Қыркүйек 2013, 05:49
Сұхбат – газеттегі сұхбат құрамында көп кездесетін субъектілік болғанына қарамастан, ақпарат алушыларға қажет материалды бірінші болып алуға жағдай жасайды. Аталған субъектизм журналистің алған ақпаратын сұхбатқа айналдырып, қағаз бетіне көшірген кезінде өз елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен, газет бетіндегі интервьюер мен сұхбат берушінің сұрақ-жауап түріндегі әңгімесі оның түпнұсқасы емес. Бұл журналист пен сұхпат берушінің сол әңгімесі, бірақ сұхбат алушы біраз өзгеріс енгіседі.
Алайда, атап кеткендей бұл ерекшелік көбіне журналистің тыңдаған дүниесін оқырман оқитын газетсұхбатына тән, ал аудитория ақпаратты тікелей тыңдап және көре алатын радио мен теледидар сұхбатына көбіне жат болып келеді. Соңғы жағдайда,тыңдарман ақпаратты сұхбат алумен қатар тікелей сұхбат берушіден тыңдап көреді. Мұндай жағдайда, сұхбат беруші адам тікелей қатысып, оны өз санасынан өткізетіндіктен белгілі деңгейде оқиғаға қатысушы есебінде болады. Бұл жерде ақпаратты оқырман, көрермен, тыңдарман тыңдап, көргенін өз дүниетанымына, өмірлік көзқарасына сәйкес қабылдайды. Сұхбат – көп қырлы жанр. Бұл сұхбаттың ақпараттық жанрға да, талдамалы жанрға да қатыстылығын дәлелдейді. Сұхбат өзіндік жеңілдігіне қарамастан, белгілі бір стратегия мен тактикаға бағынуды талап ететін күрделі жанр. Сұхбат біздің көзқарасымыз бойынша ғана жеңіл, себебі, ақпарат алудың көзі ғана болып көрінеді. Сұхбат әртүрлі болады. Жанр ретінде сұхбат: хабарлама (әңгіменің маңызыд тұстары алынып, жауаптар қысқа беріледі), сұхбат – диалог (әңгіменің толық мәнін береді), сұхбат суреттеме (әңгіме мазмұнына өзге оның қандай жағдайларда алынғанын, сипаты беріледі), сұхбат – пікір (оқиғаға, құбылысқа, деректерге түсіндірме беріледі), бұқаралық сұхбат (баспасөз конференцияларынын, брифингтерден беріледі) болып бөлінеді. Публицистика жанрлары мен пішіндеріне арналған орыс тіліндегі «Справочник журналита» кітабында сұхбаттың монолог, диалог. Суреттеме, анкета, және ұжымдық түрлерін атайды. Мұнда «дөңгелек үстел басындағы әңгімені» сұхбаттың ұжымдық түріне жатқызады.
Сұхбат – публицистикалық жанр, журналистің бір немесе бірнеше тұлғамен әңгімесі. Егер сөздердің семантикасына назар аударатын болсақ, «inter» - өзара қатынасты бағыттас деген мағынаны берсе, «view» сөзінің мағынасы – «көзқарас», «пікір» дегенді білдіреді. Демек, сұхбат – көзқарас, дерек, ақпарат алмасу. Жанрлардың құрылуы кезінде, яғни белгілі бір жанрға жатқызу үшін публикациялардың болашақ сипат алуымен жанр аттарын айыра білу кезек. Публикациялардың әлі де жанрлық анықтама алмаған жаңа тобының қатаң принциптік негізі жоқ және белгілі заңдылыққа сүйенбейді. Сұхбат журналистиканың бір жанры деп қарамас бұрын, алдымен оның даму тарихына толықталған жөн. Журналистикадағы кез келген жанрдың даму үрдісі негізінен техниканың дамуымен, радио мен телевидениенің пайда болуы және таралуымен тығыз байланысты. Сондықтан да біз сұхбаттың даму тарихын техникалық даму үрдісімен тығыз байланыста қарастырамыз. Сол арқылы газет, радио және телевидениедегі сұхбатты осыған сай БАҚ әдістемелері бойынша талдаймыз.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.