Репортаж

11 Қыркүйек 2013, 05:45

Баспасөздегі репортаж. Әрбәр жанрдың өзіндік ерекшелігі – өзіндік әдеби-стилін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Репортаж жанры кейіпкердің қатысу мен эмоцияның үйлесімісіз мүмкін емес. Сонымен қатар, репортаж жеделдікті қажет етеді. Репортаж ең алдымен болған оқиға, байқалған құбылыс жайында бастан-аяқ баяндау. Ол бүгінгі таңда журналистика саласында кең етек алған жанрлардың бірі. Репортаж барысында журналист оқиғаны сан қырынан көрсетіп, шынайы болмысты оқырманға, тыңдарманға, я көрерменге жеткізеді. «Репортаж» сөзі латын тітінен аударғанда «хабарлау» деген мағынаны білдіреді. Оның даму кезеңі баспасөзің дамуымен тұспа-тұс келеді. Оның алғашқы белгілері заметка жанрында байқалады. «Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз – оқиғаның өзі» дейді профессор Т.С.Амандосов. ал ғалым С.Байменше: «Репортаж – баспасөздегі жібек баулы жанрларының бірі. Өйткені репортажды жазу оңай емес. Журналистер, әдетте репортаж жазудың әртүрлі нысандарын қолданып отырады. Мысалы, ол автордың болған оқиға жөніндегі монологына да құрылуы мүмкін. Мұндай жағдайда автор өзін көрсетпейді, бірақ оқырман автордың қаншалықты қатысы бар екендігін сезіп, біліп отырады»,- деп түсіндіреді. Репортаждың өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар: - Уақытылы оқиғаларды өрістету; - оқтғаларды кезеңдерге бөлу; - мінтетті әсерлендіруші орта; - деталь арқылы жасалатын жұмыстар; - репликалармен және эпизодтармен (осы репортаждық) болып жатқан тез болатын әсерді жасау; - авторлық «менді» сезіну; - талпыну ырғағы; - оқиғаның аяқталған бейнесі. Репортаж – бұл ерекше жан. Мұнда стиь, сюжет және көрнекілік, дәлелдеушілік, болып жатқан оқиғаға авторлық қарым-қатынас болуы өте маңызды. Бұл жанр рубриканың «проблемалық репортаж» түрі басылымдарда, телерадиода да жиі орын алады. Оқиғалардағы сол немесе өзге де проблемаларды жазу авторға қосымша міндеттеме жүктейді. Оқиғалар туралы айту және проблемалардың неге байланысты болып жатқанын оқырманға жеткізу өте қажет. Қазіргі заманғы репортерлар проблемалық линияларды, проблемалық кезеңдерді көбірек қолданады. Проблемалық репортаждың авторы сол немесе өзге де проблеманы зерттеуге тырысады. Бұл осы жанрдың алға жылжуын көрсетеді. Ондан басқа газет жарияланымдары, жанрлардың өзара кірігу, өзара әсер етулері жүріп жатады. Репортаж – оқиғаларды орнынан жедел және көркем етіп беретін жанр. Жанрдың негізгі қасиеті – «болу эффектісі» - бұл оқырман, тыңдаушы, көрермен болған оқиғаны репортердің көзіменкөруі және естуі. Оқиғаның тікелей қатысушысы автордың өзі оған барлық оқырманды, тыңдаушыны және көрерменді қатыстырады. Репортаж түрлері: оқиғалық – оқиға хронологиялық (сондай-ақ оқиға алды мен оқиғадан кейінгі репортаждарды қарастырады) түрде беріледі. Тақырыптық репортаж – оқиға қандай да бір жерінен бастап беріледі, бұл жерде кеңейтілген және нақты түсініктемелерге рұқсат етіледі және жазылатын ахуалды, яғни репортаж жоспарланбаған оқиғадан беріледі. Репортаждың тілі мен стилінде екі бастама болуы мүмкін: деректілік пен көркемдік. Олар өзара тепе-теңдікте болуы тиіс, егер көркемдік басым болса, репортаж беллетрисикаға айналады, тек деректі ғана тізіп берсе репортаж құрғақ және қызықсыз болады. Сонымен қорта айтқанда, публицистикадағы қандай да бір ақпарат ағымын жедел түрде жеткізетін пішін ақпараттық жанрлар болып табылады. Оның ішіндегі репортаж баспасөздегі репортаж, фоторепортаж, радиорепортаж, телерепортаж болып бөлінеді.   Меңдігүл Шындалиева «Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Баспасөздегі репортаж. Әрбәр жанрдың өзіндік ерекшелігі – өзіндік әдеби-стилін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Репортаж жанры кейіпкердің қатысу мен эмоцияның үйлесімісіз мүмкін емес. Сонымен қатар, репортаж жеделдікті қажет етеді. Репортаж ең алдымен болған оқиға, байқалған құбылыс жайында бастан-аяқ баяндау. Ол бүгінгі таңда журналистика саласында кең етек алған жанрлардың бірі. Репортаж барысында журналист оқиғаны сан қырынан көрсетіп, шынайы болмысты оқырманға, тыңдарманға, я көрерменге жеткізеді.

«Репортаж» сөзі латын тітінен аударғанда «хабарлау» деген мағынаны білдіреді. Оның даму кезеңі баспасөзің дамуымен тұспа-тұс келеді. Оның алғашқы белгілері заметка жанрында байқалады. «Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз – оқиғаның өзі» дейді профессор Т.С.Амандосов. ал ғалым С.Байменше: «Репортаж – баспасөздегі жібек баулы жанрларының бірі. Өйткені репортажды жазу оңай емес. Журналистер, әдетте репортаж жазудың әртүрлі нысандарын қолданып отырады. Мысалы, ол автордың болған оқиға жөніндегі монологына да құрылуы мүмкін. Мұндай жағдайда автор өзін көрсетпейді, бірақ оқырман автордың қаншалықты қатысы бар екендігін сезіп, біліп отырады»,- деп түсіндіреді.

Репортаждың өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:

- Уақытылы оқиғаларды өрістету;

- оқтғаларды кезеңдерге бөлу;

- мінтетті әсерлендіруші орта;

- деталь арқылы жасалатын жұмыстар;

- репликалармен және эпизодтармен (осы репортаждық) болып жатқан тез болатын әсерді жасау;

- авторлық «менді» сезіну;

- талпыну ырғағы;

- оқиғаның аяқталған бейнесі.

Репортаж – бұл ерекше жан. Мұнда стиь, сюжет және көрнекілік, дәлелдеушілік, болып жатқан оқиғаға авторлық қарым-қатынас болуы өте маңызды.

Бұл жанр рубриканың «проблемалық репортаж» түрі басылымдарда, телерадиода да жиі орын алады. Оқиғалардағы сол немесе өзге де проблемаларды жазу авторға қосымша міндеттеме жүктейді. Оқиғалар туралы айту және проблемалардың неге байланысты болып жатқанын оқырманға жеткізу өте қажет. Қазіргі заманғы репортерлар проблемалық линияларды, проблемалық кезеңдерді көбірек қолданады. Проблемалық репортаждың авторы сол немесе өзге де проблеманы зерттеуге тырысады. Бұл осы жанрдың алға жылжуын көрсетеді. Ондан басқа газет жарияланымдары, жанрлардың өзара кірігу, өзара әсер етулері жүріп жатады.

Репортаж – оқиғаларды орнынан жедел және көркем етіп беретін жанр. Жанрдың негізгі қасиеті – «болу эффектісі» - бұл оқырман, тыңдаушы, көрермен болған оқиғаны репортердің көзіменкөруі және естуі. Оқиғаның тікелей қатысушысы автордың өзі оған барлық оқырманды, тыңдаушыны және көрерменді қатыстырады.

Репортаж түрлері: оқиғалық – оқиға хронологиялық (сондай-ақ оқиға алды мен оқиғадан кейінгі репортаждарды қарастырады) түрде беріледі. Тақырыптық репортаж – оқиға қандай да бір жерінен бастап беріледі, бұл жерде кеңейтілген және нақты түсініктемелерге рұқсат етіледі және жазылатын ахуалды, яғни репортаж жоспарланбаған оқиғадан беріледі.

Репортаждың тілі мен стилінде екі бастама болуы мүмкін: деректілік пен көркемдік. Олар өзара тепе-теңдікте болуы тиіс, егер көркемдік басым болса, репортаж беллетрисикаға айналады, тек деректі ғана тізіп берсе репортаж құрғақ және қызықсыз болады. Сонымен қорта айтқанда, публицистикадағы қандай да бір ақпарат ағымын жедел түрде жеткізетін пішін ақпараттық жанрлар болып табылады. Оның ішіндегі репортаж баспасөздегі репортаж, фоторепортаж, радиорепортаж, телерепортаж болып бөлінеді.

 

Меңдігүл Шындалиева

«Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу: