11 Қыркүйек 2013, 02:45
Қазақстан құрамасында Швециямен жекепе-жекте ұпай алуға үміті көп емес еді, футболжылардың беріле ойнауы және жанкүйерлердің қолдауы "үміттің басты қозғаушы күші болып еді...
Мирослав Беранек осы жолы құрамды өткен жолғы Фарермен ойыннан едәуір өзгертті, алғашқы минутта-ақ алаңға сол жолғы жекпе-жектің басты кейіпкері Андрей Хижниченко шықты. Қазақстандықтардың бірінші минуттардағы шабуылы қауіпті жағдаймен аяқталды, одан кейін алға шведтер суырылып шығып, Златан Ибрагимович айып добын соғып, есеп ашты.
Қазақстандықтар шапшағ ес жиып, жауап қайтармақшы болды, алайда Сергей Хижниченко Андрейас Исакссонмен қарсы келіп, оны ала алмады. Одан әрі командалар бір-бірінің осал тұсын көздеді, дегенмен шведтер ұрымтал сәттерді тап басып отырды, біздің Дитрий Шомко мен ЭШахтер" жұбы белсенді ойнады, алғашқы тайм қонақтардың пайдасына шешілді.
Александр Кислицын Исакссонды екінші таймның басында-ақ сынап көрді, бірақ та қақпашы "Қайраттың" қорғаушысының соққысын қайтара алды. Қазақстан құрамасындағы Финонченко-Хижниченко жұбы жақсы ойын өрнегін көрсетті. Шведтер қақпаны жиі-жиі нысанаға алды, ал алаң иелері шабуылға көбірек шығып отырды.
Алайда жақсы үміттер ақталмады. Командаларда соңғы минуттарға дейңн ұтымды сәттер болғанмен олардың барлығы да жүзеге аспады. Ойын соңына дейін есеп өзгерген жоқ
Енді 11 қазанда Қазақстан сырт ойында Фарер командасымен кездеседі.