Түркияның Стамбул қаласында «Ахмерт Комерттің» жүлдесіне арналған 28 - ші халықаралық бәсеке аяқталды. Бұл додада Ресей, Түркия, Швеция, Венгрия, Болгария, Австрия, Косово елдерінің жұдырығы жуан жігіттері айқасты.
Шаршы алаңның шаңын қағып. Біздің елден 5 боксшы аттанып, 3 қоланы өңгеріп қайтты. Әлемнің 70 сақа боксшыларының арасында. Еуропа чемпионы венгр Балаш Башкай, Миклош Варга, түркиялық ағайынды Онур және Ондер Сипал сынды боксшылар да қатысты. Біздер негізінен жастарға үміт арттық. Әбдісамат Қуантай (49 келі), Ерболат Ермеков (64 келі), Дайр Жайлауов (64 келі), Әділбек Әділжан (56 келі) және Әділет Орынбасаровтың (81 келі) тілеуін тілегенбіз. Абырой болғанда, Әділбек Әділжан, Ерболат Ермеков және Әділет Орынбасаров жартылай финалға дейін жетті. Үшеуін де жүлдеден айырған «түріктердің тепкіні». Әділбек Абдулла Дурсунның, Ерболат Урал Карсилоглудың, ал Әділет Эвни Иылдырымға жол берді. Сенген серкелеріміз Әбдісамат Қуантай мен Дайр Жайлауов (Ғани емес) ширек финалда сүрінді. Бір қызығы, «кәкір-шүкір» деп менсінбейтін Косова боксшысы Бурим Хасани біздің Дайрды 3 раундта нокаутқа түсірді. (Зығырданымның қайнап тұрғаны-ай!). Айта кететіні, өз жерінде өткендіктен болар Түркия 4 алтын, 2 күміс және 5 қола олжалап ең биік тұғырға жайғасты. Одан кейін Венгрия 2 алтын, 1 күміс, 3 қоласымен. Орыстар үздік үштікті түйіндеді. Ал бізге бұйырғаны 8 орын.
Baq.kz