10 Қыркүйек 2013, 07:18
«Қазақстан» спорт сарайында Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) бастапқы ойынында «Барыс» ХК Череповец қаласының «Северсталь» командасының қақпасына 10 шайба кіргізіп, бір рет қана есе жіберді. Ал «Астана» хоккей клубы Қазақстан чемпионатының алғашқы матчтарында сырт алаңда өткен екі ойында ойсырата жеңіске жетті. Олар Өскеменде жергілікті «Торпедо» командасымен күш сынасты. Бірінші ойын 2:5 есебімен, екіншісі 1:9 есеппен астаналықтардың пайдасына шешілді.
«Қар барыстары» командасы да жастар хоккей лигасын жеңіспен бастап, сырт алаңда Нижнекамск қаласының «Реактор» командасынан 1:3 есебімен басым түсті. Екінші ойында 6:3 есебімен «Челны» ХК (Набережные Челны) артта қалдырды. Елордалық клубтар Құрлықтық және Жастар Хоккей лигаларынан басқа, жасөспірімдер хоккей лигасына (ЖХЛ) да қатысуда. №10 БЖСМ тәрбиеленушілері «Қазақстан» СК челябілік «Мечел» командасымен алғашқы екі ойынын өткізді. Бірінші ойында спортшылар тәжірибелі қонақтарға есе жіберді. Бірінші ойын 5:7, екіншісі 2:9 есебімен аяқталды. Астаналық жасөспірімдер командасының бапкері Александр Заводовтың айтуынша, ЖХЛ-дағы дебют спортшылар үшін аса маңызды болды, бұл кездесудің қорытындысына әсерін тигізді.
«Алғашқы ойынды жақсы бастадық. Бірақ екінші кезеңде көп ұпаймен ұтылдық. Ал үшінші кезеңде қарсыласымызды қуып жетуге уақыт жетпеді. Екінші ойында спортшыларымыз жеңіліп қалды, шеберлік пен дайындық нашар болды, қарсыластарымыз да бізден бір-екі жас үлкен», - деді Александр Заводов.
Хоккейшілер 14-15 қыркүйекте сырт алаңда Нефтекамск командасымен ойнайды. Ал 28-29 қыркүйекте Астанада Пермь қаласының «Молот» командасымен күш сынасады.