Apple iPhone-нің жаңа моделін ұсынады

10 Қыркүйек 2013, 05:54

Бүгін америкалық Apple компаниясы Калифорния штаты Купертинода баспасөз конференциясын өткізеді. Онда жаңа үлгідегі iPhone смартфондары назарға ұсынылады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Сарапшылар Apple компаниясы бірден екі версияны көрсетеді деп мәлімдеді. Бірқатар БАҚ мәліметтері бойынша, бір модель iPhone 5C атауына ие. Арзан iPhone түрлі – түсті ауыстырылатын панельдері бар пластик корпуспен жасалуы мүмкін. Олар сары, ақ, көгілдір, жасыл және мандарин түстес болады. Сарапшылардың айтуынша, екінші смартфон iPhone 5S аталады. Дереккөздерінің ақпараты бойынша, iPhone-ның қымбат версиясы қара, ақ-күміс және қызғылт-алтын түстес болады. Арзан смартфондардың бағасы жайлы айтатын болсақ, сарапшылар олардың бағасы шамамен 400-500 долларды құрайды деп отыр. Екі модель де 20 қыркүйек күні сатылымға шығады. BNews.kz

Бүгін америкалық Apple компаниясы Калифорния штаты Купертинода баспасөз конференциясын өткізеді. Онда жаңа үлгідегі iPhone смартфондары назарға ұсынылады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Сарапшылар Apple компаниясы бірден екі версияны көрсетеді деп мәлімдеді. Бірқатар БАҚ мәліметтері бойынша, бір модель iPhone 5C атауына ие. Арзан iPhone түрлі – түсті ауыстырылатын панельдері бар пластик корпуспен жасалуы мүмкін. Олар сары, ақ, көгілдір, жасыл және мандарин түстес болады. Сарапшылардың айтуынша, екінші смартфон iPhone 5S аталады. Дереккөздерінің ақпараты бойынша, iPhone-ның қымбат версиясы қара, ақ-күміс және қызғылт-алтын түстес болады.

Арзан смартфондардың бағасы жайлы айтатын болсақ, сарапшылар олардың бағасы шамамен 400-500 долларды құрайды деп отыр. Екі модель де 20 қыркүйек күні сатылымға шығады.

BNews.kz

Бөлісу: