14 қыркүйек Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

10 Қыркүйек 2013, 05:52

14-15 қыркүйекте Астанада еліміздің өңірлерінің апта сайынғы дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкелері басталады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлады.  Елордалық жәрмеңкеге бірінші болып Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шаруалары қатысады. Алматы облысы (14 қыркүйекте) төмендетілген бағамен көкөністер, жеміс-жидектер, ет пен сүт өнімдерін сатады. Ал Шығыс Қазақстан облысы (14-15 қыркүйекте) сатып алушыларға бал мен жармалар ұсынады. Еске салайық, Қазақстанның түрлі өңірлерінен әкелінген өнімдердің осы сияқты ауыл шаруашылық жәрмеңкелері дәстүрге айналған және жыл сайын ұйымдастырылады. Өнімдер Астана нарықтарында қалыптасқан орташа бағадан төмен бағамен сатылады. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінен басқа халықтық кәсіп пен қолөнер бұйымдары сатылады, сонымен қатар, облыстардың шығармашылық ұжымдарының концерттері өтеді.  BAQ.KZ

14-15 қыркүйекте Астанада еліміздің өңірлерінің апта сайынғы дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкелері басталады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлады. 

Елордалық жәрмеңкеге бірінші болып Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шаруалары қатысады. Алматы облысы (14 қыркүйекте) төмендетілген бағамен көкөністер, жеміс-жидектер, ет пен сүт өнімдерін сатады. Ал Шығыс Қазақстан облысы (14-15 қыркүйекте) сатып алушыларға бал мен жармалар ұсынады.

Еске салайық, Қазақстанның түрлі өңірлерінен әкелінген өнімдердің осы сияқты ауыл шаруашылық жәрмеңкелері дәстүрге айналған және жыл сайын ұйымдастырылады. Өнімдер Астана нарықтарында қалыптасқан орташа бағадан төмен бағамен сатылады. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінен басқа халықтық кәсіп пен қолөнер бұйымдары сатылады, сонымен қатар, облыстардың шығармашылық ұжымдарының концерттері өтеді. 

BAQ.KZ

Бөлісу: