Уикипедия

10 Қыркүйек 2013, 05:22

Уикипедия дегеніміз — көп тілді, ғаламторға негізделген, тегін мазмұнды энциклопедиялық жоба. Уикипедия сөзі уики (көп адамдар бірлесіп жасайтын интернет парақшасы) және энциклопедия деген екі сөздің қосылуынан пайда болған сөз. Уикипедияның мақалаларында қолданушыны қосымша мәліметтер бар парақшаларға айдайтын сілтемелер бар. Уикипедияны бүкіл дүние жүзіндегі ерікті үлес қосушылар бірлесіп жазады. 2001 жылы пайда болғанымен бүгінде Уикипедия ғаламтордың ең үлкен мәлімет беретін сайттарының біріне айналды. Қазіргі таңда 75 000 белсенді авторлар 250-ден астам тілде 9 000 000 мақала қосқан. Қазақ тіліндегі мақалалардың саны 202 322 жетті; күн сайын жүздеген мың келуші Уикипедия энциклопедиясында қамтылған білімді толықтыру үшін ондаған мың өзгертулер жасап, мыңдаған жаңа мақалаларды қосады. Келушілердің үлес қоса алулары үшін оларда арнайы білімнің болуы шарт емес, себебі олардың басты мақсаты қазір бар мәлімет туралы мақала жазу. Басқаша айтқанда, жасына, туып-өскен мәдениетіне, әлеуметтік жағдайына қарамастан Уикипедияға мақала жаза алады. Мақалалардың басым көпшілігін ғаламторға шыға алатын кез келген адам өңдей алады. Ол үшін өңдеу деген сілтемені нұқыса жетіп жатыр. Әрбір интернет қолданушы Уикипедияның өңдеу ережелеріне сай келетін және белгілі бір стандартқа төмен болмайтын мәлімет, сілтемелер немесе дәйексөздер қоса алады. Мәлімет қосқанда немесе өңдегенде Уикипедияны бүлдіріп қоймаймын ба деп уайымдаудың қажеті жоқ, себебі басқа редакторлар кеңес беруге немесе қателерді түзетуге әрқашан дайын, әрі Уикипедияның MediaWiki деп аталатын өзінің бағдарламалық құрылымы үлес қосушылар жасаған қателерді болдырмай тастауға мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылған. Уикипедия әркім үлес қоса алатын жалғасып жатқан еңбек болғандықтан, оның қағаз мәлімет көздерінен елеулі айырмашылықтары бар. Атап айтқанда, ертеректе жазылған мақалалар толығырақ және бейтараптау болып келеді де, беріректе жазылған мақалаларда жиі-жиі жалған мәлімет, энциклопедияға сай келмейтін мазмұн, тіпті бұзақылық кездесіп отырады. Қолданушылар шынайы мәліметті алып, жақында ғана қосылғандықтан әлі алынып тасталып үлгірілмеген жалған мәліметтен сақ болулары үшін жоғарыда айтылғанды есте сақтауға тиіс. Бірақ Уикипедияның қағаз энциклопедиялардан маңызды артықшылығы — Уикипедия әрқашан жаңарып отырады. Қағаз энциклопедияларда жаңа мақалалар жазып, бар мақалалардың өңдеу үшін айлап-жылдап уақыт кететін болса, Уикипедияда бұл бірнеше секунд, минут, әрі кетсе сағаттың ішінде жасалады.

Уикипедия дегеніміз — көп тілді, ғаламторға негізделген, тегін мазмұнды энциклопедиялық жоба. Уикипедия сөзі уики (көп адамдар бірлесіп жасайтын интернет парақшасы) және энциклопедия деген екі сөздің қосылуынан пайда болған сөз. Уикипедияның мақалаларында қолданушыны қосымша мәліметтер бар парақшаларға айдайтын сілтемелер бар.

Уикипедияны бүкіл дүние жүзіндегі ерікті үлес қосушылар бірлесіп жазады. 2001 жылы пайда болғанымен бүгінде Уикипедия ғаламтордың ең үлкен мәлімет беретін сайттарының біріне айналды. Қазіргі таңда 75 000 белсенді авторлар 250-ден астам тілде 9 000 000 мақала қосқан. Қазақ тіліндегі мақалалардың саны 202 322 жетті; күн сайын жүздеген мың келуші Уикипедия энциклопедиясында қамтылған білімді толықтыру үшін ондаған мың өзгертулер жасап, мыңдаған жаңа мақалаларды қосады. Келушілердің үлес қоса алулары үшін оларда арнайы білімнің болуы шарт емес, себебі олардың басты мақсаты қазір бар мәлімет туралы мақала жазу. Басқаша айтқанда, жасына, туып-өскен мәдениетіне, әлеуметтік жағдайына қарамастан Уикипедияға мақала жаза алады. Мақалалардың басым көпшілігін ғаламторға шыға алатын кез келген адам өңдей алады. Ол үшін өңдеу деген сілтемені нұқыса жетіп жатыр. Әрбір интернет қолданушы Уикипедияның өңдеу ережелеріне сай келетін және белгілі бір стандартқа төмен болмайтын мәлімет, сілтемелер немесе дәйексөздер қоса алады. Мәлімет қосқанда немесе өңдегенде Уикипедияны бүлдіріп қоймаймын ба деп уайымдаудың қажеті жоқ, себебі басқа редакторлар кеңес беруге немесе қателерді түзетуге әрқашан дайын, әрі Уикипедияның MediaWiki деп аталатын өзінің бағдарламалық құрылымы үлес қосушылар жасаған қателерді болдырмай тастауға мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылған.

Уикипедия әркім үлес қоса алатын жалғасып жатқан еңбек болғандықтан, оның қағаз мәлімет көздерінен елеулі айырмашылықтары бар. Атап айтқанда, ертеректе жазылған мақалалар толығырақ және бейтараптау болып келеді де, беріректе жазылған мақалаларда жиі-жиі жалған мәлімет, энциклопедияға сай келмейтін мазмұн, тіпті бұзақылық кездесіп отырады. Қолданушылар шынайы мәліметті алып, жақында ғана қосылғандықтан әлі алынып тасталып үлгірілмеген жалған мәліметтен сақ болулары үшін жоғарыда айтылғанды есте сақтауға тиіс. Бірақ Уикипедияның қағаз энциклопедиялардан маңызды артықшылығы — Уикипедия әрқашан жаңарып отырады. Қағаз энциклопедияларда жаңа мақалалар жазып, бар мақалалардың өңдеу үшін айлап-жылдап уақыт кететін болса, Уикипедияда бұл бірнеше секунд, минут, әрі кетсе сағаттың ішінде жасалады.

Бөлісу: