"Жүрек жарды" бағдарламасы

10 Қыркүйек 2013, 05:07

«Жүрек жарды».Кейбір танымал шығармаларының туу тарихына үңіле отырып, сыр суыртпақтау, көпшілік жадында жаңғыртып, рухына тағзым ету және отбасы мен соңында қалған ұрпақтарын таныстыру сияқты жан-жақты да шуақты мақсаты осы жобаның. Жадыра Сейдеш – бағдарлама жүргізуші. Халық өнер адамын ерекше тағдыр иесі деп біледі,олар туралы сөз де көп, аңыз да   көп. Сыры мен құпиясы мол осы бір саланы серік еткен адамдардың өмірі, жан сарайының құпиясы – Жадыра Сейдештің журналистикадағы негізгі тақырыбы,ол Еуразия Ұлттық Университетін журналистика мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірген. Еңбек жолын "Қазақстан" телеарнасының ақпарат бағдарламасында тілшіліктен бастап, кейін ұлттық арнаның бағдарлама дирекциясында редакторлық қызметте еңбек еткен. Ұлттық арнада «Күтпеген кездесу» хабарын жүргізіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Республикалық қазақ радиосындағы қызмет жылдарын ол жемісті жылдарына балайды. «Мирас», «Сахна сыры», «Ақ шымылдық», «Шаңырақ», «Низам таразы», «Мен қазақпын» ақпараттық-танымдық, ойын-сауықтық хабарларын жүргізу арқылы ол тағы бір тың белеске көтерілді. «Шабыт» халықаралық фестивалінде лауреат атанып, республикалық Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауында жұлдызы жарқырай жанған Жадыраның өмірлік ұстанымы: «Ұлық болсаң, кішік бол!». Журналистиканы кейде адам жанының арашашысы десек болатын шығар. Өйткені кісінің бойындағы жақсылықты көре білу,соны ақ қағазға қаламмен түсіріп, көрермен жүрегін дір еткізу оңай дүние емес.                Дәл осы мақсатта мыңдаған көрерменнің ыстық ықыласына бөлену телехабардың алдыңғы міндеті болса керек"Журекжарды" Асанәлі Әшімовтей, Тоқтар Әубәкіровтей, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевтай азулы азаматтармен қатар Меруерт Өтекешева, Татьяна Бурмистрова,Рая Мүсірепова сынды аты аңызға айналған қыз-келіншектерді көрерменмен әр жексенбі сайын табыстырып келеді. «Жүрекжарды» бағдарламасын қарымды журналист Жадыра Сейдеш жүргізеді, ал идея авторы Ақмарал Әбжани осы жобаға жетекшілік етеді. Көрермен үшін қай кезде де адамның тағдыры қызық. «Жүрекжардының» елдің ерекше назарын аударғаны – КТК арнасының үлкен жеңісі. Бағдарлама аты аңызға айналған жандардың басындағы шаттығы мен мұңын, қуанышы мен өкінішін барынша ашып көрсетеді. Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында әріптесіміздің еңбегі еленіп, Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналистердің Республикалық байқауында 1 орынды қанжығасына байлады.Танымал журналист Нұртілеу Иманғалиұлы Жадыраға ақжол тілеп, бірінші орынның жүлдесін өз қолымен табыстады. Жадыра Сейдеш төл мерекеміз Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы да үлкен жүлдеге ие болды. Ол ҚР Тұңғыш Президенті Қорының мәдениет және өнер саласындағы сыйлығымен марапатталып, журналистика номинациясы бойынша лауреаттық атаққа ие болды.

«Жүрек жарды».Кейбір танымал шығармаларының туу тарихына үңіле отырып, сыр суыртпақтау, көпшілік жадында жаңғыртып, рухына тағзым ету және отбасы мен соңында қалған ұрпақтарын таныстыру сияқты жан-жақты да шуақты мақсаты осы жобаның. Жадыра Сейдеш – бағдарлама жүргізуші.

Халық өнер адамын ерекше тағдыр иесі деп біледі,олар туралы сөз де көп, аңыз да   көп. Сыры мен құпиясы мол осы бір саланы серік еткен адамдардың өмірі, жан сарайының құпиясы – Жадыра Сейдештің журналистикадағы негізгі тақырыбы,ол Еуразия Ұлттық Университетін журналистика мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірген. Еңбек жолын "Қазақстан" телеарнасының ақпарат бағдарламасында тілшіліктен бастап, кейін ұлттық арнаның бағдарлама дирекциясында редакторлық қызметте еңбек еткен. Ұлттық арнада «Күтпеген кездесу» хабарын жүргізіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Республикалық қазақ радиосындағы қызмет жылдарын ол жемісті жылдарына балайды. «Мирас», «Сахна сыры», «Ақ шымылдық», «Шаңырақ», «Низам таразы», «Мен қазақпын» ақпараттық-танымдық, ойын-сауықтық хабарларын жүргізу арқылы ол тағы бір тың белеске көтерілді. «Шабыт» халықаралық фестивалінде лауреат атанып, республикалық Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауында жұлдызы жарқырай жанған Жадыраның өмірлік ұстанымы: «Ұлық болсаң, кішік бол!».

Журналистиканы кейде адам жанының арашашысы десек болатын шығар. Өйткені кісінің бойындағы жақсылықты көре білу,соны ақ қағазға қаламмен түсіріп, көрермен жүрегін дір еткізу оңай дүние емес.                Дәл осы мақсатта мыңдаған көрерменнің ыстық ықыласына бөлену телехабардың алдыңғы міндеті болса керек"Журекжарды" Асанәлі Әшімовтей, Тоқтар Әубәкіровтей, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевтай азулы азаматтармен қатар Меруерт Өтекешева, Татьяна Бурмистрова,Рая Мүсірепова сынды аты аңызға айналған қыз-келіншектерді көрерменмен әр жексенбі сайын табыстырып келеді.

«Жүрекжарды» бағдарламасын қарымды журналист Жадыра Сейдеш жүргізеді, ал идея авторы Ақмарал Әбжани осы жобаға жетекшілік етеді. Көрермен үшін қай кезде де адамның тағдыры қызық. «Жүрекжардының» елдің ерекше назарын аударғаны – КТК арнасының үлкен жеңісі. Бағдарлама аты аңызға айналған жандардың басындағы шаттығы мен мұңын, қуанышы мен өкінішін барынша ашып көрсетеді.

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында әріптесіміздің еңбегі еленіп, Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналистердің Республикалық байқауында 1 орынды қанжығасына байлады.Танымал журналист Нұртілеу Иманғалиұлы Жадыраға ақжол тілеп, бірінші орынның жүлдесін өз қолымен табыстады.

Жадыра Сейдеш төл мерекеміз Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы да үлкен жүлдеге ие болды. Ол ҚР Тұңғыш Президенті Қорының мәдениет және өнер саласындағы сыйлығымен марапатталып, журналистика номинациясы бойынша лауреаттық атаққа ие болды.

Бөлісу: