«Өзін-өзі тану» бағдарламасы

10 Қыркүйек 2013, 05:05

Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасы туралы бағдарлама. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен жүзеге асып отырған «Өзін-өзі тану» білім жобасы, біртіндеп өмірге еніп келе жатқан мемлекеттік сынақ бағдарламасы болып табылады. «Өзін-өзі тану» бүкіл адамзаттың даналығы мен тәжірбиесін өзіне жинаған жоба. Осы пәнді меңгеру арқылы балабақша бүлдіршіндерінен бастап, жоғарғы оқу орнының студенттері өз бойындағы игі қасиеттерді ашып, қоршаған ортамен әдемі үйлесімде өмір сүруге бейімделе бастайды. Бұл пән 2001-жылдан бастап еліміздің 120-дан астам балабақша, мектеп және жоғарғы оқу орындарында аптасына бір рет өтіп келеді. Телевизиялық бағдарлама білім ордаларына осы жобаның жүзеге асу сатыларын көрсетеді. Бағдарламаға педагогтар, тәрбиешілер, сабақ беруші ұстаздар, балалар және олардың ата-аналары қатысып, бұл жобаның біздің қоғамға аса маңызды екенін айтады. Сондай-ақ, бағдарлама аясында Сара Алпысқызының осы жобаға қатысушы азаматтармен кездесуін назардан тыс қалдырмай келеді. «Өзін-өзі тану» бағдарламасында балалар өмір құндылықтары жайлы пікірлерін талқылап, өз ойларын еркін жеткізе білген сабақтардан үзінді беріп отырамыз. Бағдарлама жүргізушісі: Алуа Маханбет, ТВ 2002-жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда ол, сондай-ақ «Хабар» агентті Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшісі. Режиссері: Рита Жугунусова, режиссер көмекшісі: Гүлмайра Сансызбай, дыбыс режиссері: Тимур Сәрсенов. Аз ғана маманнан тұратын шығармашылық топ айтарлықтай нәтиже беруде. Қарап отырсақ мемлекеттік арналардағы ең сирек кездесетін нағыз психологиялық, танымдық хабар. Кейбір бағдарламалар баланың дарынын дамытудын орнына бұзақалық мінезге себеп болады. Басқа жақтан бейне таспалардың адамдардың амалдарына әсер етуінін тереңдігі мен теріске шығаруға болмайтындығына көңіл бөле, алдамшы бағдарламалардың көрерменді қызықтырып, көптеген жанұялардағы құндылықтар мен сенімдердің өзгеруіне әкеледі.    Перзенттерінің тәрбиесі мен біліміне мән беретін ата-ана балаларының шығынын бағалап, оларды бірте-бірте өмірінде кездесетін құндылықтар және күнделікті мәселелермен таныстырады. Бірақ кейбір ақпарат толқындарының бағдарламалары ата-ананың еңбегін әсерсіз қалдырып, көптеген бейнетаспаларымен адамдарға, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге, содан соң жанұя өміріне өз ықпалын тигізеді. Психологтар бала мен жасөспірімдердің бойынан кездесетін ұрыс-керіс пен дөрекіліктерді фильмдер мен жанұя тамашалайтын басқа бағдарламалардың әсерінің нәтижесі деп санайды. Жанұялар ойланбай, бала мен жасөспірімнің көңіл-күйіне көңіл бөлмей, олардың сағаттап уақыттарын телеарнаның алдында өткізуіне жол береді. Ата-ананың перзенттерінің жасы мен бағдарламаның оған тигізетін әсеріне көңіл бөлмеуі олардың тәрбиелерін босқа кетіреді. Сол себепті ата-ана баласының көріп отырған бағдарламасын бақылап отырғандары дұрыс болар еді. Балалардың теледидар тамашалауды жақсы көруі оқу бағдарламалары арқылы ата-ананың перзенттерін тәрбиелеуіне көмектесе алады. Егер теледидар баланың ойының дамуына әсер ететін болса, олардың мектептегі амалдарына да әсер етеді. Бала бос уақытын ойын, кітап оқу, табиғатта серуендеу немесе спортпен айналысуға пайдалануы керек. Теледидар тамашалау оларды пайдалы жұмыстардан бос қалдырып, осы кезде үлкен мәселеге айналған балалардың семіздігі сынды мәселемен бетпе-бет әкелуі мүмкін. Осындай жағдай ата-ананың теледидар бағдарламаларын бақылап, теледидар тамашалау уақытын анықтау арқылы ақпарат құралдарының теріс әсерін азайтып, пайдалы бағдарламаларды тамашалауға жеткізеді.

Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасы туралы бағдарлама. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен жүзеге асып отырған «Өзін-өзі тану» білім жобасы, біртіндеп өмірге еніп келе жатқан мемлекеттік сынақ бағдарламасы болып табылады.

«Өзін-өзі тану» бүкіл адамзаттың даналығы мен тәжірбиесін өзіне жинаған жоба. Осы пәнді меңгеру арқылы балабақша бүлдіршіндерінен бастап, жоғарғы оқу орнының студенттері өз бойындағы игі қасиеттерді ашып, қоршаған ортамен әдемі үйлесімде өмір сүруге бейімделе бастайды. Бұл пән 2001-жылдан бастап еліміздің 120-дан астам балабақша, мектеп және жоғарғы оқу орындарында аптасына бір рет өтіп келеді.

Телевизиялық бағдарлама білім ордаларына осы жобаның жүзеге асу сатыларын көрсетеді. Бағдарламаға педагогтар, тәрбиешілер, сабақ беруші ұстаздар, балалар және олардың ата-аналары қатысып, бұл жобаның біздің қоғамға аса маңызды екенін айтады. Сондай-ақ, бағдарлама аясында Сара Алпысқызының осы жобаға қатысушы азаматтармен кездесуін назардан тыс қалдырмай келеді.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасында балалар өмір құндылықтары жайлы пікірлерін талқылап, өз ойларын еркін жеткізе білген сабақтардан үзінді беріп отырамыз.

Бағдарлама жүргізушісі: Алуа Маханбет, ТВ 2002-жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда ол, сондай-ақ «Хабар» агентті Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшісі. Режиссері: Рита Жугунусова, режиссер көмекшісі: Гүлмайра Сансызбай, дыбыс режиссері: Тимур Сәрсенов. Аз ғана маманнан тұратын шығармашылық топ айтарлықтай нәтиже беруде. Қарап отырсақ мемлекеттік арналардағы ең сирек кездесетін нағыз психологиялық, танымдық хабар.

Кейбір бағдарламалар баланың дарынын дамытудын орнына бұзақалық мінезге себеп болады.

Басқа жақтан бейне таспалардың адамдардың амалдарына әсер етуінін тереңдігі мен теріске шығаруға болмайтындығына көңіл бөле, алдамшы бағдарламалардың көрерменді қызықтырып, көптеген жанұялардағы құндылықтар мен сенімдердің өзгеруіне әкеледі.

   Перзенттерінің тәрбиесі мен біліміне мән беретін ата-ана балаларының шығынын бағалап, оларды бірте-бірте өмірінде кездесетін құндылықтар және күнделікті мәселелермен таныстырады. Бірақ кейбір ақпарат толқындарының бағдарламалары ата-ананың еңбегін әсерсіз қалдырып, көптеген бейнетаспаларымен адамдарға, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге, содан соң жанұя өміріне өз ықпалын тигізеді.

Психологтар бала мен жасөспірімдердің бойынан кездесетін ұрыс-керіс пен дөрекіліктерді фильмдер мен жанұя тамашалайтын басқа бағдарламалардың әсерінің нәтижесі деп санайды. Жанұялар ойланбай, бала мен жасөспірімнің көңіл-күйіне көңіл бөлмей, олардың сағаттап уақыттарын телеарнаның алдында өткізуіне жол береді. Ата-ананың перзенттерінің жасы мен бағдарламаның оған тигізетін әсеріне көңіл бөлмеуі олардың тәрбиелерін босқа кетіреді. Сол себепті ата-ана баласының көріп отырған бағдарламасын бақылап отырғандары дұрыс болар еді. Балалардың теледидар тамашалауды жақсы көруі оқу бағдарламалары арқылы ата-ананың перзенттерін тәрбиелеуіне көмектесе алады. Егер теледидар баланың ойының дамуына әсер ететін болса, олардың мектептегі амалдарына да әсер етеді. Бала бос уақытын ойын, кітап оқу, табиғатта серуендеу немесе спортпен айналысуға пайдалануы керек. Теледидар тамашалау оларды пайдалы жұмыстардан бос қалдырып, осы кезде үлкен мәселеге айналған балалардың семіздігі сынды мәселемен бетпе-бет әкелуі мүмкін. Осындай жағдай ата-ананың теледидар бағдарламаларын бақылап, теледидар тамашалау уақытын анықтау арқылы ақпарат құралдарының теріс әсерін азайтып, пайдалы бағдарламаларды тамашалауға жеткізеді.

Бөлісу: