«Ашетт» тобы

10 Қыркүйек 2013, 04:17

Бұл корпорация ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында кәсіпкерлік үлгіде дүниеге келді. Оның негізін Жан-Луи-Кристоф Ашетт қалаған. Ол кезде «Ашетт» кітап басатын баспа ғана болды. 1990 жылдың басында «Ашетт» тобы газет-журнал шығару, кітап басу, баспасөзді тарату, радиохабарларын таратумен айналысты. 1980  жылдары Францияда сапалы жаңа комерциялық конгломерет пайда болды. Оған ракета, спутник, электронды құрал-жабдықтар өндірісі және ақпарат тарату ісі кірді. 1981 жылы «Ашетт» тобы баспасөз бөлімінің басшысы «Филиппаки» журнал тобымен бірігеді. «Филиппакидің» басылымдары жастарға арналған «Салю», салалық журналдар «Фамм», «Фото», «Париском» түрлі-түсті суреттермен безендірілген апталық журнал «Пари-матч» болды. 1950 жылы «Эроп-1» каналында «Филиппаки» тобы джазды жақсы көретіндер үшін бағдарламалар жасап, «Сәлем, балалар» бағдарламасының көрермендері, жасөспірімдер аудиториясы, бағдарламаның сәтті шығуын дәлелдеді. Осы кезде «Филиппаки» тағы бірнеше бағдарламаны дүниеге әкелелі. 1976 жылы «Пруво» акциялары бөлініске түскенде ол «Пари-Матчтың» иесі атанды. «Ашеттпен» келісімшартқа отырғаннан кейін «Филиппаки» газеттердің көп бөлігіне ие болады. Соның ішінде «Ашетт» иелігіне «Эль», «Телесет», «Жур», «Паран», «Журналь де Микки» басылмдары көшті. Осы кезден бастап «Ашетт» тобы Франциядағы алғаш мультимедиялық топ болып саналды. Тауар айналымы бірнеше есеге өсті. «Ашеттің» алға шығуы оның шетелге тауар шығарып, экспнасия жүргізуіне байланысты болды.  1980  жылдың соңында «Ашетт» акцияларының 37% - кітап және мерзімді басылымдардың үлесіне тиді. «Ашеттің» дүңгіршектері бүкіл жерге орнтылды. «Ашетт» «Интернасьонал» филиалы баспа өнімі әлемнәі көп елдерінде шығарылып, таралуын қамтамасыз етіп отырды. 1986 жылдың басында жекешелендіру саясаты белсенді жүргізіліп, 22 кәсіпорын ұлттық меншікке 1982 жылы көшіп, 1986-1987 жылдары жекеменшік қолға берілді. Оның ішінде «Ашеттің» нагізгі акцияларының иесі «Матр» фирмасы да болды. Акционерлердің негізіг ядросына үш еуропалық топ кірді: «Даймер Венц», «Дженерал Электрин», «Эриксон». 1987 жылы «Ашетт» француз арнасы «ТВ ИТФ-1-дің» бағдарламасын жекешелендіру мақстаныда өз кандидатурасын ұсынған болатын. Оны оңтүстік-шығыстағы «Провансаль» газет бірлестігінің тобы бақылауға алды. «Провнсальға» төрт газет тиесілі болды. Олар «Провансаль», «Суар», «Вар-матен», «Меридиональ». Бұл басылымдар Францияның төрт депортаментіне таратылып отырады. Алғаш үшеуі социалистерді қолдаса, соңғы төртіншісі – оң бағытты қолдаушы болды. Осыған орай «Ашетт» тек күнделікті «Эко Репюбликен», «Дерньер Новель ле Альзас» газеттерін иеленген еді. Соныме қатар, жаңа баспаханалық құралдармен жабдықталған баспа кешенін  сатып алған «Монд Импири» мен «Ашеттің» арасындағы келісімшартқа қол қойылды. Бұл кезеңде «Ашетт» арзан бұқаралық кітап нарығында өзінің басты орнын ұлттық нарықтың 43% сақтап қалады. Еуропада «Ашетт» тек немістің «Бертельсман» концерніне жол береді. «Экоп-1» радиостанциясының толық акцияларын  иемденуімен және «Кюртис» компаниясының журналдарын АҚШ-та таратуымен, сонымен қатар, «Гролие» тобының америкалық басылымдарының негізі акцияларына қожалық етуімен «Ашеттің» диверсификациясы күшейеді. «Ашетт» тобының стратегиясы – бұл оның бұрыннан манаданған салалары: оулық әдебиеттер, энциклопедиялар шығаруға баса назар аударып, ден қою еді. Ол  1980 жылдардың соңында электронды сөздік шығара бастацды. 1988 жылы «Уолт Дисней» тобымен «Чайлд Крафт Эдьюкейшн» филиалын сату туралы келісімшар жасалады. Алайда «Ашетт» бұл филиалды аларда ойыншық, балалар киәмән сатумен айналысатын топқа жол беруге мәжбүр болады. Бұған себеп, әлгі топ лицензия бойынша «Винни», «Микки-палад», «Микки- магазин», «Журналь де Микки» және балаларға арналған бейнетаспаларды шығаратын мекеме еді. «Диамасис комбьюкейшнзинеорпорэйш» тобының негізгі пакетін қабылдап алады. ұлтаралық бағыттағы «Ашетт» өзінің бақылауына «Сават» испан басылымын алды. «Ашетт» Латын Америкасының БАҚ нарыңына да енеді. Бұл жерде оқулық, ғылыми-көпшілік әдебиетке деген сұраныс «Ашеттің» гүлденуіне ықпал етті. «Ашетт» Испаниядағы ең көп тараған апталық телебағдарламалар басылымның жұмысына қатсады. 1990 жылдың басында «Ашеттің» тауар айналымының 30%- ға жуығы кітап басу бөліміне тиесілі болса, 30%-дан астамы мерзімді баслымға «Телесет Жур» тиесілі, Франциядағы ең көп таралымға ие басылым болды. 1993 жылға қарай аумақтық газет нарығының  9%- ына бақылау жүргізілді. Париждің апталық басылымдарының 33% «Ашеттің» үлесіне «Амори» тиді. 1993 жылы «Ашетт» «5-ТВ» телебағдарламасының акцияларын иеленеді, алайда қаржыландыруды тоқтатып, бұл топ диверсификацияға ұмтылады. Меңдігүл Шындалиева "Шетел журналистикасы"

Бұл корпорация ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында кәсіпкерлік үлгіде дүниеге келді. Оның негізін Жан-Луи-Кристоф Ашетт қалаған. Ол кезде «Ашетт» кітап басатын баспа ғана болды. 1990 жылдың басында «Ашетт» тобы газет-журнал шығару, кітап басу, баспасөзді тарату, радиохабарларын таратумен айналысты. 1980  жылдары Францияда сапалы жаңа комерциялық конгломерет пайда болды. Оған ракета, спутник, электронды құрал-жабдықтар өндірісі және ақпарат тарату ісі кірді. 1981 жылы «Ашетт» тобы баспасөз бөлімінің басшысы «Филиппаки» журнал тобымен бірігеді. «Филиппакидің» басылымдары жастарға арналған «Салю», салалық журналдар «Фамм», «Фото», «Париском» түрлі-түсті суреттермен безендірілген апталық журнал «Пари-матч» болды. 1950 жылы «Эроп-1» каналында «Филиппаки» тобы джазды жақсы көретіндер үшін бағдарламалар жасап, «Сәлем, балалар» бағдарламасының көрермендері, жасөспірімдер аудиториясы, бағдарламаның сәтті шығуын дәлелдеді. Осы кезде «Филиппаки» тағы бірнеше бағдарламаны дүниеге әкелелі. 1976 жылы «Пруво» акциялары бөлініске түскенде ол «Пари-Матчтың» иесі атанды. «Ашеттпен» келісімшартқа отырғаннан кейін «Филиппаки» газеттердің көп бөлігіне ие болады. Соның ішінде «Ашетт» иелігіне «Эль», «Телесет», «Жур», «Паран», «Журналь де Микки» басылмдары көшті. Осы кезден бастап «Ашетт» тобы Франциядағы алғаш мультимедиялық топ болып саналды. Тауар айналымы бірнеше есеге өсті. «Ашеттің» алға шығуы оның шетелге тауар шығарып, экспнасия жүргізуіне байланысты болды.  1980  жылдың соңында «Ашетт» акцияларының 37% - кітап және мерзімді басылымдардың үлесіне тиді. «Ашеттің» дүңгіршектері бүкіл жерге орнтылды. «Ашетт» «Интернасьонал» филиалы баспа өнімі әлемнәі көп елдерінде шығарылып, таралуын қамтамасыз етіп отырды. 1986 жылдың басында жекешелендіру саясаты белсенді жүргізіліп, 22 кәсіпорын ұлттық меншікке 1982 жылы көшіп, 1986-1987 жылдары жекеменшік қолға берілді. Оның ішінде «Ашеттің» нагізгі акцияларының иесі «Матр» фирмасы да болды. Акционерлердің негізіг ядросына үш еуропалық топ кірді: «Даймер Венц», «Дженерал Электрин», «Эриксон». 1987 жылы «Ашетт» француз арнасы «ТВ ИТФ-1-дің» бағдарламасын жекешелендіру мақстаныда өз кандидатурасын ұсынған болатын. Оны оңтүстік-шығыстағы «Провансаль» газет бірлестігінің тобы бақылауға алды. «Провнсальға» төрт газет тиесілі болды. Олар «Провансаль», «Суар», «Вар-матен», «Меридиональ». Бұл басылымдар Францияның төрт депортаментіне таратылып отырады. Алғаш үшеуі социалистерді қолдаса, соңғы төртіншісі – оң бағытты қолдаушы болды. Осыған орай «Ашетт» тек күнделікті «Эко Репюбликен», «Дерньер Новель ле Альзас» газеттерін иеленген еді. Соныме қатар, жаңа баспаханалық құралдармен жабдықталған баспа кешенін  сатып алған «Монд Импири» мен «Ашеттің» арасындағы келісімшартқа қол қойылды. Бұл кезеңде «Ашетт» арзан бұқаралық кітап нарығында өзінің басты орнын ұлттық нарықтың 43% сақтап қалады. Еуропада «Ашетт» тек немістің «Бертельсман» концерніне жол береді. «Экоп-1» радиостанциясының толық акцияларын  иемденуімен және «Кюртис» компаниясының журналдарын АҚШ-та таратуымен, сонымен қатар, «Гролие» тобының америкалық басылымдарының негізі акцияларына қожалық етуімен «Ашеттің» диверсификациясы күшейеді. «Ашетт» тобының стратегиясы – бұл оның бұрыннан манаданған салалары: оулық әдебиеттер, энциклопедиялар шығаруға баса назар аударып, ден қою еді.

Ол  1980 жылдардың соңында электронды сөздік шығара бастацды. 1988 жылы «Уолт Дисней» тобымен «Чайлд Крафт Эдьюкейшн» филиалын сату туралы келісімшар жасалады. Алайда «Ашетт» бұл филиалды аларда ойыншық, балалар киәмән сатумен айналысатын топқа жол беруге мәжбүр болады. Бұған себеп, әлгі топ лицензия бойынша «Винни», «Микки-палад», «Микки- магазин», «Журналь де Микки» және балаларға арналған бейнетаспаларды шығаратын мекеме еді. «Диамасис комбьюкейшнзинеорпорэйш» тобының негізгі пакетін қабылдап алады. ұлтаралық бағыттағы «Ашетт» өзінің бақылауына «Сават» испан басылымын алды. «Ашетт» Латын Америкасының БАҚ нарыңына да енеді. Бұл жерде оқулық, ғылыми-көпшілік әдебиетке деген сұраныс «Ашеттің» гүлденуіне ықпал етті. «Ашетт» Испаниядағы ең көп тараған апталық телебағдарламалар басылымның жұмысына қатсады.

1990 жылдың басында «Ашеттің» тауар айналымының 30%- ға жуығы кітап басу бөліміне тиесілі болса, 30%-дан астамы мерзімді баслымға «Телесет Жур» тиесілі, Франциядағы ең көп таралымға ие басылым болды. 1993 жылға қарай аумақтық газет нарығының  9%- ына бақылау жүргізілді. Париждің апталық басылымдарының 33% «Ашеттің» үлесіне «Амори» тиді. 1993 жылы «Ашетт» «5-ТВ» телебағдарламасының акцияларын иеленеді, алайда қаржыландыруды тоқтатып, бұл топ диверсификацияға ұмтылады.

Меңдігүл Шындалиева

"Шетел журналистикасы"

Бөлісу: