Халықта ұлттық дамудың нақты стратегиясы болуы тиіс. Мұндай пікірді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультетінің археология және этнология кафедрасының доценті Марал Хабдулина білдірді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Мен Қазақстан тарихы кафедраларын ашу қажет деп есептеймін. Қалай болғанда да ұлттық дамудың нақты стратегиясы болуы тиіс, жастар халықтың өткен өміріне, болашаққа қызығушылық танытып әрі оқып-білу үшін ол материалдық тұрғыдан ғана емес, елдің экономикалық өміріне де қатысты болуы керек», - деген пікір білдірді тарихшы.
Сарапшы атап өткендей, ұлттық тарихты, ұлттық сана-сезімді дамыту мәселесі бүгінде еліміз әлемдік қауымдастықтан орын ала отырып, нақты экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіліп отырғандықтан көтеріліп жүр.
«Кез келген жағдайда прогресс жолымен елді одан әрі дамыту тұрақты түрде рухани, ұлттық стратегиямен байланысты болады. Тарих қашан да тұтас халықты, мемлекеттік қолдап, одан әрі дамытудың қайнар көзі болған», - деп түйіндеді М.Хабдулина.