Сейдалин Жанша (Жиһанша)

9 Қыркүйек 2013, 08:27

Сейдалин Жанша (Жиһанша) Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметі туралы сөз қозғаған кезде Жиһанша есімін атамай кету әбестік болар еді. Олай дейтініміз, Алашорда туралы зерттеулерде бұл адамның аты сирек кездеседі. Сейдалин Жиһанша Әлмұхаметұлы 1877 жылы Қостанай қаласында туған. Ат жалын тартып мінген кезінде Неплюев кадет корпусында, Орынбордағы гимназияда оқыған. Сол кезден-ақ орыс тілін жақсы меңгереді. 1900 жылы Сангт-Петербург университетінің заң факультетіне түсіп, 1904 жылы оқуын үздік аяқтайды. Адамзат қоғамының көзге көрінбейтін, кағазға жазылмаған ерекше бір заңдылықтары болады. Сол зандылықтардың бірі - заман еркі мықты талантты түлғалардың басын ауыр сынаққа салып, рухани арқауын ширатып отыратыны. Осындай сын Ж.Сейдалиннің өмірінде де жиі кездесіп отырады. Ол университетті тамамдаған соң, туған жерге оралып, ел үшін адал қызмет етсем деген арманына бірден жете алмады. Сангт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген жас жігіт арнаулы жолдамамен Кавказға, Қара теңіз  жағалауындағы Озургель шаһарына кетеді. 1910 жылға дейін заң қызметкері болып сол жақта жұмыс істейді. Туған елден алыста, жат ел, жат жерде өткен алты жыл ішінде ол көп нәрсені көңіліне тоқиды. Басқа жұрттардың тіршілігімен танысады. Өз елінде қандай артықшылық, қандай кемшілік бар екенін таниды, қазақ қоғамына керек екенін, оған қалай жетуге болатынын түсінеді. Елге оралған соң университеттен алған білімін, өмірден жиған тәжірибесін қазақ халқының болашағы, елдігі жолына арнайды. Ағасы Сейдалин Жансұлтан елім дегенде етінен ет кесіп беретін ұлтшыл да батыл азамат болған, сондықтан Жаншаның халықты бақытқа жеткізу жолындағы алғашқы қадамы өз әулетінен қолдау табады. Бұл үлкен демеу болады. Алдында асқар таудай Жансұлтан ағасы, артынан ерген Мариям қарындасы бірі қанат, бірі шалғы болып Жаншаның саяси көзқарасын қуаттап, бастаған ісіне дем беріп отырған. Сөйтіп, Сейдалиндер әулетінен Алаш үшін арын да, жанын да құрбан етуге даяр үш бірдей күрескер шыққан екен. Жанша елге оралған соң қазақ қоғамының мұң-мұқтажына көңіл бөле жүріп, елдегі саяси жағдайды бақылап отырады. Ол ел тағдырына әсер ететін ірі мәселерден бастап, жеке адамдардың өміріне ықпал ететін ұсақ мәселелерге дейін назардан тыс қалдырмайды. 1916 жылы маусым айында тыл жұмысына адам алу туралы патша жарлығы шығады. Бұл жарлық - қазақ халқы үшін нағыз нәубеттің хабары еді. Тыл жұмысы дегеніміз - қазақ жастарын қарусыз жау оғының өтіне айдау болатын. Өйткені, тыл жұмысына алынған қазақ жастары окоп қазуға міндетті болды. Ал,соғыс  майданында қарусыз жер қазумен айналысқан адамның бір аяғы жерде, бір аяғы көрде тұратыны белгілі. Одан қолына қару алып, соғысқа қатынасу әлдеқайда жеңіл болар еді. Патша үкіметі саясатының астарында жатқанын қазақ зиялылары халыққа ұғындыра бастайды. Осы кезде Жиһанша да патша жарлығын қатаң сынға алады. Б.Қаратаевпен бірге қазақтан тыл жұмысына адам алуды тоқтату жөнінде «Қызылдар туралы еске алатын жазбалар» атты өтініш жазып, Ресей үкіметіне жолдайды. Орыс ғалымы Н. Мартыненко құрастырған «Алашорда»атты кітапта 1913 жылы маусымның 2-күні генерал-майор Бабичтің Орынбор жандармына жолдаған құпия мәліметі берілген. Онда қырғыздар (қазақтар) арасында жалпықазақ сиезін өткізу туралы сөз тарап жүргені, ол идеяның авторы Троицк қаласында тұратын Жанша Сейдалин екені жазылған. Сонымен бірге «Сейдалин сиез өткізу үшін үкіметтен рұқсат сұрамақшы, осы жылдың тамыз немесе қыркүйек айларында Орынборда өтеді, сиезге заңгер Райымжан Мәрсеков пен Бақытжан Қаратаев  қатысатыны белгілі және олар Барлыбек Сыртановты шақырмақшы» деп жазады. Сиезде келімсектерден қазақ жерін қайтарып алу, Мемлекеттік Думада қазақтан депутат болуы және дін мәселелері қаралатындығын да жазады. Сол жылы 11 маусымда Орынборға жазган Ротмистр-Астраханцевтің құпия мәліметінде жалпықазақ сиезін ашу мәселесі туралы үгіт қазақ арасына түгел тарағаны, сиездің ашылатын уақыты, орны, қаралатын мәселелері көрсетілген. Бір қызығы, онда да сиез ашу туралы идеяның Жанша Сейдалиннен шыққандығы жазылады. Соңында сиезге қатысатын Ж.Сейдалин, Р.Мәрсеков, Б.Қаратаевтар туралы мәлімет беруін өтінеді. Бірінші жалпықазақ сиезінде қазақ облыстарынан құрылтай жиналысына сайланатын депутаттардың тізімі жасалады, сол тізімде Ж.Сейдалин де болады. Алашорда таратылып, кеңес үкіметі орнағаннан кейін Алаш қайраткерлері әлі де болса өз халқына пайда тигізу мақсатымен жаңа үкіметке қызмет еткені белгілі. Сол қатарда Сейдалин де ағарту және жер мәселесі комитетінде жауапты кызметтер атқарады. Ж.Сейдалин 1923 жылы дүниеден өтеді. Ол - өз заманының талабына сай әлеуметтік саяси мәселелерді шешуде құнды ойлар ұсынған адам. Ж.Сейдалиннің: «Азып-тозып кетпеске не амал бар?», «Бас қосу», «Балмұхамет Тәшеновке жауап», «Сьез туралы», «Үлгі аларлық іс», «Жер жайынан бір екі ауыз сөз», «Шаһар Троицк, 1 декабрь, 1913 жыл», «Әке мен бала» т.б. мақалалары оқу-ағарту, елді сауаттандыру сияқты өз кезінің шиеленіскен, күрделі, өзекжарды әлеуметтік мәселелерін қозғаған еңбектер. Бұл еңбектері автордың ұлттың жоғын жоқтаған қайраткерлік келбетін айқындай түскен.

Сейдалин Жанша (Жиһанша) Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметі туралы сөз қозғаған кезде Жиһанша есімін атамай кету әбестік болар еді. Олай дейтініміз, Алашорда туралы зерттеулерде бұл адамның аты сирек кездеседі. Сейдалин Жиһанша Әлмұхаметұлы 1877 жылы Қостанай қаласында туған. Ат жалын тартып мінген кезінде Неплюев кадет корпусында, Орынбордағы гимназияда оқыған. Сол кезден-ақ орыс тілін жақсы меңгереді. 1900 жылы Сангт-Петербург университетінің заң факультетіне түсіп, 1904 жылы оқуын үздік аяқтайды.

Адамзат қоғамының көзге көрінбейтін, кағазға жазылмаған ерекше бір заңдылықтары болады. Сол зандылықтардың бірі - заман еркі мықты талантты түлғалардың басын ауыр сынаққа салып, рухани арқауын ширатып отыратыны. Осындай сын Ж.Сейдалиннің өмірінде де жиі кездесіп отырады. Ол университетті тамамдаған соң, туған жерге оралып, ел үшін адал қызмет етсем деген арманына бірден жете алмады. Сангт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген жас жігіт арнаулы жолдамамен Кавказға, Қара теңіз  жағалауындағы Озургель шаһарына кетеді. 1910 жылға дейін заң қызметкері болып сол жақта жұмыс істейді.

Туған елден алыста, жат ел, жат жерде өткен алты жыл ішінде ол көп нәрсені көңіліне тоқиды. Басқа жұрттардың тіршілігімен танысады. Өз елінде қандай артықшылық, қандай кемшілік бар екенін таниды, қазақ қоғамына керек екенін, оған қалай жетуге болатынын түсінеді. Елге оралған соң университеттен алған білімін, өмірден жиған тәжірибесін қазақ халқының болашағы, елдігі жолына арнайды. Ағасы Сейдалин Жансұлтан елім дегенде етінен ет кесіп беретін ұлтшыл да батыл азамат болған, сондықтан Жаншаның халықты бақытқа жеткізу жолындағы алғашқы қадамы өз әулетінен қолдау табады. Бұл үлкен демеу болады. Алдында асқар таудай Жансұлтан ағасы, артынан ерген Мариям қарындасы бірі қанат, бірі шалғы болып Жаншаның саяси көзқарасын қуаттап, бастаған ісіне дем беріп отырған. Сөйтіп, Сейдалиндер әулетінен Алаш үшін арын да, жанын да құрбан етуге даяр үш бірдей күрескер шыққан екен. Жанша елге оралған соң қазақ қоғамының мұң-мұқтажына көңіл бөле жүріп, елдегі саяси жағдайды бақылап отырады. Ол ел тағдырына әсер ететін ірі мәселерден бастап, жеке адамдардың өміріне ықпал ететін ұсақ мәселелерге дейін назардан тыс қалдырмайды.

1916 жылы маусым айында тыл жұмысына адам алу туралы патша жарлығы шығады. Бұл жарлық - қазақ халқы үшін нағыз нәубеттің хабары еді. Тыл жұмысы дегеніміз - қазақ жастарын қарусыз жау оғының өтіне айдау болатын. Өйткені, тыл жұмысына алынған қазақ жастары окоп қазуға міндетті болды. Ал,соғыс  майданында қарусыз жер қазумен айналысқан адамның бір аяғы жерде, бір аяғы көрде тұратыны белгілі. Одан қолына қару алып, соғысқа қатынасу әлдеқайда жеңіл болар еді. Патша үкіметі саясатының астарында жатқанын қазақ зиялылары халыққа ұғындыра бастайды. Осы кезде Жиһанша да патша жарлығын қатаң сынға алады. Б.Қаратаевпен бірге қазақтан тыл жұмысына адам алуды тоқтату жөнінде «Қызылдар туралы еске алатын жазбалар» атты өтініш жазып, Ресей үкіметіне жолдайды.

Орыс ғалымы Н. Мартыненко құрастырған «Алашорда»атты кітапта 1913 жылы маусымның 2-күні генерал-майор Бабичтің Орынбор жандармына жолдаған құпия мәліметі берілген. Онда қырғыздар (қазақтар) арасында жалпықазақ сиезін өткізу туралы сөз тарап жүргені, ол идеяның авторы Троицк қаласында тұратын Жанша Сейдалин екені жазылған. Сонымен бірге «Сейдалин сиез өткізу үшін үкіметтен рұқсат сұрамақшы, осы жылдың тамыз немесе қыркүйек айларында Орынборда өтеді, сиезге заңгер Райымжан Мәрсеков пен Бақытжан Қаратаев  қатысатыны белгілі және олар Барлыбек Сыртановты шақырмақшы» деп жазады. Сиезде келімсектерден қазақ жерін қайтарып алу, Мемлекеттік Думада қазақтан депутат болуы және дін мәселелері қаралатындығын да жазады. Сол жылы 11 маусымда Орынборға жазган Ротмистр-Астраханцевтің құпия мәліметінде жалпықазақ сиезін ашу мәселесі туралы үгіт қазақ арасына түгел тарағаны, сиездің ашылатын уақыты, орны, қаралатын мәселелері көрсетілген. Бір қызығы, онда да сиез ашу туралы идеяның Жанша Сейдалиннен шыққандығы жазылады. Соңында сиезге қатысатын Ж.Сейдалин, Р.Мәрсеков, Б.Қаратаевтар туралы мәлімет беруін өтінеді. Бірінші жалпықазақ сиезінде қазақ облыстарынан құрылтай жиналысына сайланатын депутаттардың тізімі жасалады, сол тізімде Ж.Сейдалин де болады.

Алашорда таратылып, кеңес үкіметі орнағаннан кейін Алаш қайраткерлері әлі де болса өз халқына пайда тигізу мақсатымен жаңа үкіметке қызмет еткені белгілі. Сол қатарда Сейдалин де ағарту және жер мәселесі комитетінде жауапты кызметтер атқарады. Ж.Сейдалин 1923 жылы дүниеден өтеді. Ол - өз заманының талабына сай әлеуметтік саяси мәселелерді шешуде құнды ойлар ұсынған адам. Ж.Сейдалиннің: «Азып-тозып кетпеске не амал бар?», «Бас қосу», «Балмұхамет Тәшеновке жауап», «Сьез туралы», «Үлгі аларлық іс», «Жер жайынан бір екі ауыз сөз», «Шаһар Троицк, 1 декабрь, 1913 жыл», «Әке мен бала» т.б. мақалалары оқу-ағарту, елді сауаттандыру сияқты өз кезінің шиеленіскен, күрделі, өзекжарды әлеуметтік мәселелерін қозғаған еңбектер. Бұл еңбектері автордың ұлттың жоғын жоқтаған қайраткерлік келбетін айқындай түскен.

Бөлісу: