Рахманқұл Бердібаев

9 Қыркүйек 2013, 08:26

Рахманқұл Бердібаев – ғалым-сыншы  Филол ғылым докторы. 1927 жылы 2 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Көкіш ауылында туылған. Түркістан педучилищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Қызыл-орда пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін (1949) бітірген.  Қазақстан Республикасының Ұлттық ҒА-ның корр.-мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Бердібаев зерттеулерінде ақын шығармаларының өзіндік қыр-сырларын кеңінен сөз етеді. «Абай және ауыз әдебиеті» (Абай тағлымы. - А., 1986, 237-243-6.) еңбегіңде ақынның Шығыс аңыздары негізіңде жазған «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» поэмаларының көркемдік ерекшеліктеріне тоқталады. Абай шығармаларында халық мақал-мәтелдерінің, шешендік сөздерінің, аңыз-әңгімелерінің жиі кездесетіндігіне назар аударады. Ауыз әдебиетінің ұйқас, ырғақ, дыбыс қуалаушылық, жоқтау, суреттеу тәсілдері сияқты үлгілері ақын өлеңдерінде кеп қолданылғандығын атап көрсетеді. Б. Абай поэзиясының шығыс шайырларының шығармаларымен байланысы жайлы бірсыпыра байламдар жасаған. Соның бірі «Науаи мен Абай» («Соц. Қазақстан», 1960, 16 қыркүйек) атты мақалада ұлы ақындардың шығармашылық ұқсастықтары мен даралық тұстары егжей-тегжейлі зерттелген. Әуезовтің шығармашылығы жөнінде «Сюжет және характер» (1964), «Идея және композиция» (1967), «Сәз зергері» (1973), «Шығарма шарты» (1980), «Өшпес өнеге» (1985) т. б. мақалаларын жазса, «Тарихи роман» монографиясында (1997) «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» атты тарауын (8-112-бөттер) «Абай жолына» арнады. Ал «Мұхтар шыңы» жинағында (1997) Ұлы жазушының суреткерлігін жаңа қырынан сипаттайтын зерттеу еңбектері топтастырылған. Жалпы Әуезовтің жазушылық қызметіне байланысты 40 шақты еңбегі жарық көрді. Жетістіктері М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі, ҚазМУ мен ҚазПИ-де ауыз әдебиетінен дәріс оқиды. «Қазақ фольклористикасының тарихы» деген еңбегі үшін Р.Бердібайға және бірнеше фольклоршыға Ш.Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлық берілді. ҚР ҮҒА-ның академигі. Түрік тіл қүрылымының (Түркия), Халықаралық Ш.Айтматов қоғамдық академиясының, Халықтық (экологиялық) академияның мүддесі, Ш.Уәлиханов атындағы, «Түрік дүниесіне қызмет» сый-лықтарының иегері. «Парасат» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қүрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері» (1983). «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» (1992) атағын алды. 1995 жылдан бері Қожа Ахмет Йасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. Шығармалары Ғалымның қаламынан «Қазақ эпосы», «Сарқылмас қазына», «Кәусәр бүлақ», «Эпос — ел қазынасы», «Жыршылық дәстүр», «Айтыс әлемі» секілді еңбектер туды.Түбі бірге туысқан халықтар әдебиетімен өзара байланысы оның «Гүлстанның бүлбүлдары», «Достық кемесінде», «Сарқылмас қазына» деген кітаптарынан бастау алып, соңғы жылдар да шыққан «Байқалдан Балканға дейін», «Жүлдыздар жарығы», «Ел боламыз десек» атты жинақтарда жалғасын тапты. Оның сыншылық, әдебиетшілік, фольклоршылық, түріктанушылық саласындағы ізденістері 42 кітап, мыңнан артық мақала түрінде жарыққа шықты. Ғалымның бүлардан тыс атқарған игілікті ісі — М.Әуезов мүражай үйінде 35 жыл бойында Алматы қалалық қазақ әдебиеті мен өнері халық университетін басқарып, қазақ халқының соңғы 1500 — 2000 жыл бойындағы тарихы мен мәдениеті тақырыбына 500 дәріс өткізуі. Бүл еңбегі үшін сол кездегі Бүкілодақтық «Білім» қоғамының ең үлкен сыйлығы — Вавилов медалімен марапатталған.

Рахманқұл Бердібаев – ғалым-сыншы  Филол ғылым докторы. 1927 жылы 2 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Көкіш ауылында туылған.

Түркістан педучилищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Қызыл-орда пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін (1949) бітірген.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық ҒА-ның корр.-мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Бердібаев зерттеулерінде ақын шығармаларының өзіндік қыр-сырларын кеңінен сөз етеді. «Абай және ауыз әдебиеті» (Абай тағлымы. - А., 1986, 237-243-6.) еңбегіңде ақынның Шығыс аңыздары негізіңде жазған «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» поэмаларының көркемдік ерекшеліктеріне тоқталады. Абай шығармаларында халық мақал-мәтелдерінің, шешендік сөздерінің, аңыз-әңгімелерінің жиі кездесетіндігіне назар аударады. Ауыз әдебиетінің ұйқас, ырғақ, дыбыс қуалаушылық, жоқтау, суреттеу тәсілдері сияқты үлгілері ақын өлеңдерінде кеп қолданылғандығын атап көрсетеді. Б. Абай поэзиясының шығыс шайырларының шығармаларымен байланысы жайлы бірсыпыра байламдар жасаған. Соның бірі «Науаи мен Абай» («Соц. Қазақстан», 1960, 16 қыркүйек) атты мақалада ұлы ақындардың шығармашылық ұқсастықтары мен даралық тұстары егжей-тегжейлі зерттелген. Әуезовтің шығармашылығы жөнінде «Сюжет және характер» (1964), «Идея және композиция» (1967), «Сәз зергері» (1973), «Шығарма шарты» (1980), «Өшпес өнеге» (1985) т. б. мақалаларын жазса, «Тарихи роман» монографиясында (1997) «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» атты тарауын (8-112-бөттер) «Абай жолына» арнады. Ал «Мұхтар шыңы» жинағында (1997) Ұлы жазушының суреткерлігін жаңа қырынан сипаттайтын зерттеу еңбектері топтастырылған. Жалпы Әуезовтің жазушылық қызметіне байланысты 40 шақты еңбегі жарық көрді.

Жетістіктері

Шығармалары

Ғалымның қаламынан «Қазақ эпосы», «Сарқылмас қазына», «Кәусәр бүлақ», «Эпос — ел қазынасы», «Жыршылық дәстүр», «Айтыс әлемі» секілді еңбектер туды.Түбі бірге туысқан халықтар әдебиетімен өзара байланысы оның «Гүлстанның бүлбүлдары», «Достық кемесінде», «Сарқылмас қазына» деген кітаптарынан бастау алып, соңғы жылдар да шыққан «Байқалдан Балканға дейін», «Жүлдыздар жарығы», «Ел боламыз десек» атты жинақтарда жалғасын тапты. Оның сыншылық, әдебиетшілік, фольклоршылық, түріктанушылық саласындағы ізденістері 42 кітап, мыңнан артық мақала түрінде жарыққа шықты. Ғалымның бүлардан тыс атқарған игілікті ісі — М.Әуезов мүражай үйінде 35 жыл бойында Алматы қалалық қазақ әдебиеті мен өнері халық университетін басқарып, қазақ халқының соңғы 1500 — 2000 жыл бойындағы тарихы мен мәдениеті тақырыбына 500 дәріс өткізуі. Бүл еңбегі үшін сол кездегі Бүкілодақтық «Білім» қоғамының ең үлкен сыйлығы — Вавилов медалімен марапатталған.

Бөлісу: