Отырар ауданының Гидрологиясы

9 Қыркүйек 2013, 08:23

Аудан арқылы Сырдария және оның Қазақстандағы жалғыз ірі саласы — Арыс өзені  ағып өтеді. Арыс өзені Көкмардан ауылы тұсында Сырдария өзеніне құяды. Өзеннің осы тұсын Құйгыр деп атайды және ол бүкіл Отырар оазисінің (шұратының) кіндігі саналады. Арыстың (оған 91 сала құяды) суымен ауданның 7,0 мың гектар жері суарылады және 50 мың гектар жерді суландыруға болады. Орталығы Тянь-Шаннан бастау алатын Сырдария (ежелгі аты — Сейхун) Қазақстанда Машат, Келтемашат, Балабеген, Бөген, Шаян, Ақсу салаларына бөлінеді. Ортағасырлық автор Рузбехан өзінің еңбегінде Сырдария өзеніне: "Бұл өзен 300 ташка (2000 километр) дейін ағып Қарақұмның құмдарында жоғалып кетеді. Өзен ағып өткен жерлерде жемдік шөптер мен көптеген каналдар тартылған. Ешбір жер жүзінің бір елінде Сырдария сияқты пайда келтіретін өзен жоқ; шөбінің қалыңдығы, өзен жағалауындағы өсімдіктің және жабайы құстардың көптігі жағынан оған тең келер өзен жоқ. Неше түрлі гүлге толған жағалауында әр түрлі құстар, жабайы есектер (құландар болуы керек — редакция), қарақұйрықтар және басқа да жануарлар мекендейді, сондай-ақ жел мен құйын өтпейтін арша өсетін тоғайлар бар" деген сипаттама берген. Көктемгі тасқында Сырдария және Арыс өзендері жағалауларынан асып, үлкен аумақты алып кетеді. Әли ибн әл-Хусейн әл-Мақсуди 947—950 жылдары құрастырған тарихи-географрафиялық шығармасында Отырар оазисіндегі (шұратындағы) су тасқыны туралы жазған. Мұндай су тасқыны қазіргі уақытта да болып тұрады. 1944 жылы Арыс өзені тасып, сағасындағы бірнеше ауылды, ал 1947 жылғы су тасқыны бүкіл аудандар және Сырдарияның ескі мойнын да басып қалды. 1969 жылы қыстың қатты болуы мен қардың көп жаууы, одан ауа райының күрт жылып кетуі су тасқынына себеп болды, нәтижесінде су Жалпақтөбе, Оқсыз жанындағы шұқырларды толтырды. Шәуілдір ауылы су астында калу қаупі төнді. Сырдария тасығанда өзінің екі қапталындағы тоғайды түгел су алып, мал жайылымын қысқартып, тасыған су дарияның екі жағындағы шағын көлдерді суға толтырады. 2004 жылы Сырдарияның арнасынан асуы Маякум ауылы тұрғындары шаруашылығына зиянын тигізді. Аудан жерінде үш өзен бойын¬да жаз айларында тартылып қалатын 17-ден аса үлкенді-кішілі көлдер бар. Бөген өзенінің аяғындағы Шошқакөл мен Сырдарияның оң жағындағы Сарыкөлде су жылдың төрт мезгілінде де онша өзгеріске түсе бермейді. Дарияның аңғарында Көкөл, Ақшығанақ, Көксарай, Тақыркөл, Соркөл, Шыбық, Қарасу, Сумағар, Байраш, Көлқұдық, Жаманкөл, Сырқамыс (Сарықамыс), Бөгенбай, Мәслихат, т.б. көлдері бар. Көлдердің айналасы қысы-жазы мал жайылымына пайдаланылады. Қазіргі кезде кейбір көлдерден қосымша арық-тоғандар қазып, егістік жерлерге су алынуда. Бұларға қосымша Сырдарияның Өгізсай, Жарылқапсай, Ақсу  деп аталатын тармақтары бар. Өгізсай Сырдың сол жағалауындағы дарияның ескі арнасы (ұзындығы 200 километрге, ені 80—300 метрге жуық). Ол Шардара бөгенінен бастау алып, Қызылқұм шөлінің Сырға жақын тұсындағы Балақарақ, Мұрынкарак тау тізбегінің етегін алып, Табабүлақ тұсынан Сырға жақындай түседі де, Шәуілдір, Әл-Фараби, Балтакөл ауылдарылың үстінен өтіп, Қызылорда облысында Жаңақорған ауданының жеріне енеді. Жаңақорған ауданындағы Қалғандария орны негізінен Өгізсайдың арнасы болғанға ұқсайды. Кейіннен халық бұл суы жоқ арнаның осы бөлігін Қалғандария деп атап кеткен болса керек.

Аудан арқылы Сырдария және оның Қазақстандағы жалғыз ірі саласы — Арыс өзені  ағып өтеді. Арыс өзені Көкмардан ауылы тұсында Сырдария өзеніне құяды. Өзеннің осы тұсын Құйгыр деп атайды және ол бүкіл Отырар оазисінің (шұратының) кіндігі саналады. Арыстың (оған 91 сала құяды) суымен ауданның 7,0 мың гектар жері суарылады және 50 мың гектар жерді суландыруға болады. Орталығы Тянь-Шаннан бастау алатын Сырдария (ежелгі аты — Сейхун) Қазақстанда Машат, Келтемашат, Балабеген, Бөген, Шаян, Ақсу салаларына бөлінеді. Ортағасырлық автор Рузбехан өзінің еңбегінде Сырдария өзеніне: "Бұл өзен 300 ташка (2000 километр) дейін ағып Қарақұмның құмдарында жоғалып кетеді.

Өзен ағып өткен жерлерде жемдік шөптер мен көптеген каналдар тартылған. Ешбір жер жүзінің бір елінде Сырдария сияқты пайда келтіретін өзен жоқ; шөбінің қалыңдығы, өзен жағалауындағы өсімдіктің және жабайы құстардың көптігі жағынан оған тең келер өзен жоқ. Неше түрлі гүлге толған жағалауында әр түрлі құстар, жабайы есектер (құландар болуы керек — редакция), қарақұйрықтар және басқа да жануарлар мекендейді, сондай-ақ жел мен құйын өтпейтін арша өсетін тоғайлар бар" деген сипаттама берген. Көктемгі тасқында Сырдария және Арыс өзендері жағалауларынан асып, үлкен аумақты алып кетеді. Әли ибн әл-Хусейн әл-Мақсуди 947—950 жылдары құрастырған тарихи-географрафиялық шығармасында Отырар оазисіндегі (шұратындағы) су тасқыны туралы жазған. Мұндай су тасқыны қазіргі уақытта да болып тұрады.

1944 жылы Арыс өзені тасып, сағасындағы бірнеше ауылды, ал 1947 жылғы су тасқыны бүкіл аудандар және Сырдарияның ескі мойнын да басып қалды. 1969 жылы қыстың қатты болуы мен қардың көп жаууы, одан ауа райының күрт жылып кетуі су тасқынына себеп болды, нәтижесінде су Жалпақтөбе, Оқсыз жанындағы шұқырларды толтырды. Шәуілдір ауылы су астында калу қаупі төнді. Сырдария тасығанда өзінің екі қапталындағы тоғайды түгел су алып, мал жайылымын қысқартып, тасыған су дарияның екі жағындағы шағын көлдерді суға толтырады. 2004 жылы Сырдарияның арнасынан асуы Маякум ауылы тұрғындары шаруашылығына зиянын тигізді. Аудан жерінде үш өзен бойын¬да жаз айларында тартылып қалатын 17-ден аса үлкенді-кішілі көлдер бар. Бөген өзенінің аяғындағы Шошқакөл мен Сырдарияның оң жағындағы Сарыкөлде су жылдың төрт мезгілінде де онша өзгеріске түсе бермейді. Дарияның аңғарында Көкөл, Ақшығанақ, Көксарай, Тақыркөл, Соркөл, Шыбық, Қарасу, Сумағар, Байраш, Көлқұдық, Жаманкөл, Сырқамыс (Сарықамыс), Бөгенбай, Мәслихат, т.б. көлдері бар.

Көлдердің айналасы қысы-жазы мал жайылымына пайдаланылады. Қазіргі кезде кейбір көлдерден қосымша арық-тоғандар қазып, егістік жерлерге су алынуда. Бұларға қосымша Сырдарияның Өгізсай, Жарылқапсай, Ақсу  деп аталатын тармақтары бар. Өгізсай Сырдың сол жағалауындағы дарияның ескі арнасы (ұзындығы 200 километрге, ені 80—300 метрге жуық). Ол Шардара бөгенінен бастау алып, Қызылқұм шөлінің Сырға жақын тұсындағы Балақарақ, Мұрынкарак тау тізбегінің етегін алып, Табабүлақ тұсынан Сырға жақындай түседі де, Шәуілдір, Әл-Фараби, Балтакөл ауылдарылың үстінен өтіп, Қызылорда облысында Жаңақорған ауданының жеріне енеді. Жаңақорған ауданындағы Қалғандария орны негізінен Өгізсайдың арнасы болғанға ұқсайды. Кейіннен халық бұл суы жоқ арнаның осы бөлігін Қалғандария деп атап кеткен болса керек.

Бөлісу: