«Көк түркілер» Ұлы дала тарихынан сыр шертті

9 Қыркүйек 2013, 07:56

Астанада кеше «Тілеп қобыз сарайы» концерт залында «Ұлы Дешті Қыпшақ даласының әуендері» деген атаумен «Көк түркілер» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті, деп хабарлайды BNews.kz. Кеште көне аспаптарды шебер меңгерген музыканттар XVIII ғасырдағы Тілеп Аспантайұлының нар қобызын, IX ғасырда ұлы ғалым әрі ойшыл Әл-Фараби ойлап тапқан әл-канун аспабын, археологтар Алтай үңгірінен тапқан V ғасырдағы қыпшақ домбырасының көшірмесін, сонымен қатар қыл-қобыз, шаң-қобыз, жетіген, дабыл, данғыра, сыбызғы сияқты аспаптарда ойнап, көрермендерге қуаныш сыйлады.  Әсіресе, жиналған қауым көмеймен ән айтудың хас шебері Еділ Құсайыновтың өнеріне таңдай қақты.

Астанада кеше «Тілеп қобыз сарайы» концерт залында «Ұлы Дешті Қыпшақ даласының әуендері» деген атаумен «Көк түркілер» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті, деп хабарлайды BNews.kz.

Кеште көне аспаптарды шебер меңгерген музыканттар XVIII ғасырдағы Тілеп Аспантайұлының нар қобызын, IX ғасырда ұлы ғалым әрі ойшыл Әл-Фараби ойлап тапқан әл-канун аспабын, археологтар Алтай үңгірінен тапқан V ғасырдағы қыпшақ домбырасының көшірмесін, сонымен қатар қыл-қобыз, шаң-қобыз, жетіген, дабыл, данғыра, сыбызғы сияқты аспаптарда ойнап, көрермендерге қуаныш сыйлады. 

Әсіресе, жиналған қауым көмеймен ән айтудың хас шебері Еділ Құсайыновтың өнеріне таңдай қақты.

Бөлісу: