Бейбіт Ыстыбаев пен Ержан Шынкеев қазақ күресінен шеттетілді

6 Қыркүйек 2013, 11:42

Астанада қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирі дүркіреп өткен болатын. Алайда, финалдық жолдама үшін белдескен Бейбіт Ыстыбаев пен Ержан Шынкеевтің айқасы үлкен дау-дамауға ұласқаны ел есінде. Осы мәселе орай, «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясының президенті Серік Төкеев екі балуанға қатаң сөгіс жарияланғанын мәлім етті.  «Біз ағаттық жіберген үш төрешіні де «Қазақстан барысынан» шеттеттік. Келесі жылы олар төрешілік етпейді. Қазақ күресінің бір ерекшелігі – көріп отырған елдің өзі төреші. Енді... адам болған соң қателікке ұрынбай тұрмайды ғой. Бұдан былай қателік жіберген төрешілерді қатаң жазалап отырамыз. Федерацияның бюросында Ержан мен Бейбіттің де мәселесін қарадық. Қазақ күресінің ережесін бұзып, төрешілерге дөрекі сөйлегені үшін Ержан Шынкеевті 2 жылға күрестен шеттеттік. Ол алдағы екі жылда қазақ күресінен өтетін ешбір жарысқа қатыса алмайды. Сондай-ақ, «Қазақстан Барысы» додасында 3-ші орынға күреспегені үшін Бейбіт Ыстыбаев 1 жылға жарыстарға қатысу мүмкіндігінен айрылды. Ол 2013 жылғы Азия, әлем біріншіліктеріне қатыса алмайды. Ал 2014 жылғы «Қазақстан барысына» соңғы ескертумен қатысады»,-депті Серік Төкеев «Жас қазақ» газетіне берген сұхбатында. Baq. kz

Астанада қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирі дүркіреп өткен болатын. Алайда, финалдық жолдама үшін белдескен Бейбіт Ыстыбаев пен Ержан Шынкеевтің айқасы үлкен дау-дамауға ұласқаны ел есінде. Осы мәселе орай, «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясының президенті Серік Төкеев екі балуанға қатаң сөгіс жарияланғанын мәлім етті.

 «Біз ағаттық жіберген үш төрешіні де «Қазақстан барысынан» шеттеттік. Келесі жылы олар төрешілік етпейді. Қазақ күресінің бір ерекшелігі – көріп отырған елдің өзі төреші. Енді... адам болған соң қателікке ұрынбай тұрмайды ғой. Бұдан былай қателік жіберген төрешілерді қатаң жазалап отырамыз. Федерацияның бюросында Ержан мен Бейбіттің де мәселесін қарадық. Қазақ күресінің ережесін бұзып, төрешілерге дөрекі сөйлегені үшін Ержан Шынкеевті 2 жылға күрестен шеттеттік. Ол алдағы екі жылда қазақ күресінен өтетін ешбір жарысқа қатыса алмайды. Сондай-ақ, «Қазақстан Барысы» додасында 3-ші орынға күреспегені үшін Бейбіт Ыстыбаев 1 жылға жарыстарға қатысу мүмкіндігінен айрылды. Ол 2013 жылғы Азия, әлем біріншіліктеріне қатыса алмайды. Ал 2014 жылғы «Қазақстан барысына» соңғы ескертумен қатысады»,-депті Серік Төкеев «Жас қазақ» газетіне берген сұхбатында.

Baq. kz

Бөлісу: