Изофермент

6 Қыркүйек 2013, 11:11

Изофермент дегеніміз – (грек тілінен аударғанда isos – тең, бірдей және фермент деген сөзден шыққан) —  бір ферменттің әр түрі, олардың полипептидтік құрылысында бір-бірінен айырмашылықтары, өзгешеліктерінің болуы. Олар бір түрге жататындардың ағзасында немесе жеке клеткасында кездеседі, олардың катализдік активтілігі әр түрлі болады. Изоферменттер немесе изоэнзимдар — бұл ферменттiң бiр реакциясын катализдейтiн көптiк формалары, бiрақ субстратқа, катализделетiн (белсендiлiк ) реакцияның максимал жылдамдығына, электрофоретиялық қуаттылығына немесе реттегіш қасиеттерінің жақындығына,жеке алғанда физикалық және химиялық қасиеттері бойынша бiр-бiрiмен айырмашылығы болады. Изоферменттер басқа да изофункционалдық белоктар секілді бір функцияны яғни бір қызметті атқарады, бір ғана реакцияны катализдейді. Бірақ изоферменттердің  қатарына байланысты құрылысы өзгеруі мүмкін, мысалы алатын болсақ, молекулалық белсенділігі бойынша, рекцияның кинетикасы бойынша, және де тұрақтылықтары бойынша өзгерістері, айырмашылықтары болады. Негізінде изоферменттердің ерекшеліктері олардың біріншілік құрылымының генетикалық мерзімдік айырмашылықтарында, әдетте ондай айырмашылықтар көп байқалмайды. Синтезден кейін ферменттердің молекулалары өзгеріп түрленген соң оларды изофермент деп атауға болмайды. Фосфорланған және де дифосфорланған май ұлпасын ыдыратушы ферменттер изоферменттер болып табылмайды. Глюкозаның изоферменттерін және гексокиназаның изоферменттерін бірінші мысал ретінде алсақ болады. Бұл екі киназа глюкозаны глюкоза-б-фосфатқа айналдырады, бірақ Михаэлис тұрақтысы бойынша өзгешеленеді, сонымен қатар организмдегі оқшау бөлігі бойынша: Глюкокиназа – ол бауырда болатын фермент, ал гексокиназа- ол бауырда, бұлшықетте және басқа да мүшелерде кездеседі. Изоферменттердің тағы бір мысалы ретінде амилазаны қарастыруға болады . Амилаза түрлері яғни панкреатиялық амилаза мен сілекез бездерінде кездесетін амилаза амин қышқылдығы тізбегі және қасиеттері бойынша айырмашылықтары бар. Яғни сілекейде және ұйқы безінде болатын α – амилаза крахмалдың ыдырауын катализдейді, екеуі де бір реакцияны жүргізеді. Бірақ осы екеуінің ерігіштігі және pH мы екі түрлі. Ферменттiң үшiншi мысалы  болатын изоферменттер — креатинфосфокиназа болып табылады .Креотинфосфокиназа — бұл бұлшық етте, қаңқа бұлшық еттерінде, ми, қалқанша безі торшасында болатын фермент. Бұл ферменттiң изотүрi, қаңқалы бұлшық еттердiң креатинфосфокиназалары амин қышқыл тiзбегi бойынша айырмашылығы болады. Мысалы, бұл миокардтың бұзылуы, миокард инфарктiнде қандағы КФГi  қан изотүрiн анықтап, дифференциалдауға мүмкiндiк бередi. Ең үлкен клиникалық мәнінде креатинкиназалардың (фракция ) келесi изоферменттерi болады: КК-МВ (миокарданың торшаларының бұзылу кезінде өзгеретiн жүрек изофермент) КК-ВВ , (мидың торшаларының патологиясын бейнелейтін ми изоферменті) КК-ММ, (бұлшық еттiк изофермент, қаңқалы бұлшық еттерде болады) Тірі табиғатта ферменттердің екі  молекуладан тұратын және де әртүрлі құрылымға яғни біріншілік, екіншілік, үшіншілік және төртіншілік құрылымдарға ие болатын суббірліктер көп. Суббірліктерді протомерлер деп те атайды. Ал бiрiккен олигомер молекуласын – мультимерлер деп атайды.

Изофермент дегеніміз – (грек тілінен аударғанда isos – тең, бірдей және фермент деген сөзден шыққан) —  бір ферменттің әр түрі, олардың полипептидтік құрылысында бір-бірінен айырмашылықтары, өзгешеліктерінің болуы. Олар бір түрге жататындардың ағзасында немесе жеке клеткасында кездеседі, олардың катализдік активтілігі әр түрлі болады. Изоферменттер немесе изоэнзимдар — бұл ферменттiң бiр реакциясын катализдейтiн көптiк формалары, бiрақ субстратқа, катализделетiн (белсендiлiк ) реакцияның максимал жылдамдығына, электрофоретиялық қуаттылығына немесе реттегіш қасиеттерінің жақындығына,жеке алғанда физикалық және химиялық қасиеттері бойынша бiр-бiрiмен айырмашылығы болады.

Изоферменттер басқа да изофункционалдық белоктар секілді бір функцияны яғни бір қызметті атқарады, бір ғана реакцияны катализдейді. Бірақ изоферменттердің  қатарына байланысты құрылысы өзгеруі мүмкін, мысалы алатын болсақ, молекулалық белсенділігі бойынша, рекцияның кинетикасы бойынша, және де тұрақтылықтары бойынша өзгерістері, айырмашылықтары болады. Негізінде изоферменттердің ерекшеліктері олардың біріншілік құрылымының генетикалық мерзімдік айырмашылықтарында, әдетте ондай айырмашылықтар көп байқалмайды. Синтезден кейін ферменттердің молекулалары өзгеріп түрленген соң оларды изофермент деп атауға болмайды. Фосфорланған және де дифосфорланған май ұлпасын ыдыратушы ферменттер изоферменттер болып табылмайды. Глюкозаның изоферменттерін және гексокиназаның изоферменттерін бірінші мысал ретінде алсақ болады. Бұл екі киназа глюкозаны глюкоза-б-фосфатқа айналдырады, бірақ Михаэлис тұрақтысы бойынша өзгешеленеді, сонымен қатар организмдегі оқшау бөлігі бойынша: Глюкокиназа – ол бауырда болатын фермент, ал гексокиназа- ол бауырда, бұлшықетте және басқа да мүшелерде кездеседі. Изоферменттердің тағы бір мысалы ретінде амилазаны қарастыруға болады . Амилаза түрлері яғни панкреатиялық амилаза мен сілекез бездерінде кездесетін амилаза амин қышқылдығы тізбегі және қасиеттері бойынша айырмашылықтары бар. Яғни сілекейде және ұйқы безінде болатын α – амилаза крахмалдың ыдырауын катализдейді, екеуі де бір реакцияны жүргізеді. Бірақ осы екеуінің ерігіштігі және pH мы екі түрлі.

Ферменттiң үшiншi мысалы  болатын изоферменттер — креатинфосфокиназа болып табылады .Креотинфосфокиназа — бұл бұлшық етте, қаңқа бұлшық еттерінде, ми, қалқанша безі торшасында болатын фермент. Бұл ферменттiң изотүрi, қаңқалы бұлшық еттердiң креатинфосфокиназалары амин қышқыл тiзбегi бойынша айырмашылығы болады. Мысалы, бұл миокардтың бұзылуы, миокард инфарктiнде қандағы КФГi  қан изотүрiн анықтап, дифференциалдауға мүмкiндiк бередi.

Ең үлкен клиникалық мәнінде креатинкиназалардың (фракция ) келесi изоферменттерi болады: КК-МВ (миокарданың торшаларының бұзылу кезінде өзгеретiн жүрек изофермент) КК-ВВ , (мидың торшаларының патологиясын бейнелейтін ми изоферменті) КК-ММ, (бұлшық еттiк изофермент, қаңқалы бұлшық еттерде болады)

Тірі табиғатта ферменттердің екі  молекуладан тұратын және де әртүрлі құрылымға яғни біріншілік, екіншілік, үшіншілік және төртіншілік құрылымдарға ие болатын суббірліктер көп. Суббірліктерді протомерлер деп те атайды. Ал бiрiккен олигомер молекуласын – мультимерлер деп атайды.

Бөлісу: