"Хабар" жақында жаңа телехикая ұсынады

6 Қыркүйек 2013, 09:47

Алматыда «Tanaris Production» кинокомпаниясының «Хабар» Агенттігінің тапсырмасымен түсіріліп жатқан «Оралу» телехикаясының түсірілімі қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды khabar.kz.   Бүгінгі жастардың келбетін танытып, қазақ халқының өткені мен ертеңін саралайтын бұл халықаралық жоба Қазақстан мен Қытайда түсірілген. Фильмнің қоюшы-режиссері Ақтам Арым Құбат: «- Телехикая операторларынан бастап, фильмге түскен кейіпкерлердің дені жастар. Басында әрине, қалай болар екен деп күмәнданғаным рас. Қазір керісінше, жастардың көзқарасы өте маңызды екенін түсіндім. Олар сенімімді ақтады», - деп қуанышымен бөлісті. Түсірілім алаңына жақын арада басты рөлдердің бірін сомдайтын америкалық актер, «Санта-Барбара» сериалы арқылы көпшілікке таныс Лейн Дэвис келіп қосылады.    «Оралу» Хабар арнасынан осы жылдың күз айларында көрестіледі деп жоспарлануда. Baq. kz

Алматыда «Tanaris Production» кинокомпаниясының «Хабар» Агенттігінің тапсырмасымен түсіріліп жатқан «Оралу» телехикаясының түсірілімі қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды khabar.kz.
 
Бүгінгі жастардың келбетін танытып, қазақ халқының өткені мен ертеңін саралайтын бұл халықаралық жоба Қазақстан мен Қытайда түсірілген.
Фильмнің қоюшы-режиссері Ақтам Арым Құбат: «- Телехикая операторларынан бастап, фильмге түскен кейіпкерлердің дені жастар. Басында әрине, қалай болар екен деп күмәнданғаным рас. Қазір керісінше, жастардың көзқарасы өте маңызды екенін түсіндім. Олар сенімімді ақтады», - деп қуанышымен бөлісті.

Түсірілім алаңына жақын арада басты рөлдердің бірін сомдайтын америкалық актер, «Санта-Барбара» сериалы арқылы көпшілікке таныс Лейн Дэвис келіп қосылады.
   «Оралу» Хабар арнасынан осы жылдың күз айларында көрестіледі деп жоспарлануда.

Baq. kz

Бөлісу: