6 Қыркүйек 2013, 08:31
«Отбасы - әр адам үшін өмірдегі ең басты құндылық. Отбасы - бұл туған-туыстарың, жақындарың, біз жақсы көретін, үлгі алатын, қамқорлық ететін адамдар. Махаббат, жауапкершілік, қамқорлық пен құрмет қасиеттерін нақ осы отбасыдан үйренеміз…», - қалалық Балалар үйінде мереке осындай жылы сөздерден басталды.
«Біздің балалар отбасыларын осы балалар үйінен тапты. Мереке Балалар үйінің ескі достары - ҚР ҰҚК жетекшілерінің қатысуымен спорт-ойын-сауық түрінде өтті. Мұндай жылы әрі берік достық 15 жыл бойы жалғасып келеді. Офицерлер балалар үшін жай бастықтар емес, ең жақын әрі адал достарға айналды»,- дейді ұйымдастырушылар.
Мереке жетекшілер балаларға арнап дайындаған жарқын және қызықты номерлермен басталып, «Бақытты отбасы» спорт жарысымен жалғасты. Тәрбиеленушілер мен тәрбиеші аналардан және жетекшілерден құралған 2 команда күш сынасып, спорт алаңында отбасы, достық, бақыт туралы мақал-мәтелдер айтып, жарысты.
Отбасы күніне орай мерекелік дастархан жайылды. Балалар үйінің түлектері, қалалық оқу орындарын тәмамдаған және оқып жүрген балалар қонаққа келді.