6 Қыркүйек 2013, 05:26
Итику Итику Кубота - 20 ғасырдағы кескіндеме мен тоқыма өнерінің ұлы Шебері! 1917 жылы Токио қаласында дүниеге келген. 14 жасында мектепті тастап кетіп, қолмен әшекейлеу өнерімен айналысатын кимоно суретшісі Кобаяси Киесидің шәкірті болған. Сондай-ақ, Кубота маталарды безендірудің басқа да әдіс-тәсілдерін, жапон стиліндегі пейзаждық кескіндемені, портрет салуды үйренді. Соғыстан кейін Сібірде лагерьде тұтқында болды. Жапонияға оралған соң "цудзигахана" бояу техникасын меңгерген. Ол 1977 жылы 60 жасында "Итику цудзигахана" өзіндік бояу техникасын шығарғанын мәлім етті. Шебердің еңбектерінің көрмелері Жапония, Франция, Бельгия, АҚШ және басқа да мемлекеттерде өткізіліп, жоғары бағаға ие болды. Автор 2003 жылы көз жұмды.
2010 жылы белгілі кәсіпкер, меценат Фаттах Шодиев коллекцияның бөлек-бөлек сатылып кетуіне жол бермей, оны әлем мәдениеті үшін сақтау мақсатында сатып алды. Жиынтықтағы әр кимоно өнер туындысы болып табылады. Бірнеше кимононы қатар қоятын болсақ, бірыңғай полотно, ерекше пейзаж қалыптасады. Барлығы 104 экспонат.
Меценат кимоноларды әлемнің ірі мұражайларында көрсету үшін шет елдерге апаруды жоспарлап отыр. 2013 жылы қыркүйекте жиынтық Астана және Алматы қалаларында (Қазақстан), 2014 жылы қаңтарда Манежде (Мәскеу) көрсетіледі. Бұдан басқа, БАӘ мен Франциядан да көрмені өткізу туралы ұсыныстар келіп түсті.
Көрме Тәуелсіздік сарайында 6-19 қыркүйек аралығында өтеді.