5 Қыркүйек 2013, 09:23
Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин— ақын, драматург, қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі қоғам қайраткері. Ол 1947 жылы, 13 маусымда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Диқан (қазіргі Көкбастау) ауылында дүниеге келді.
Қазақстан Жазушылар одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 2012 жылдың қараша айында өткен съезде төраға ретінде қайта сайланды.
1965 жылы ол мектепті күміс медальмен бітіріп, сол жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің) филология факультетіне оқуға түсті.
1970 жылы ол еңбек жолын "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер болып істеді.
1972-1984 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды.
1984-1986 жылдарда Республикалық қуыршақ театрының директоры болды.
1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының I съезінде Одақ Басқармасының бірінші секретары болып сайланды.
1986 жылы өткен КСРО театр қайраткерлері Одағының I съезінде Басқарма құрамына енді.
1990 жылдар аралығында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі XII шақырылуының депутаты болды (Ұлт саясаты, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі Комитет Төрағасының орынбасары қызметін атқарды).
1991 жылдарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жоғарғы Палатасында ғылым, білім және мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары.
1993-1996 жылдар аралығында "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.
1996 жылы Қазақстан Жазушыларының XI съезінде Одақ Басқармасының Бірінші секретары болып сайланды.
2002 жылы Қазақстан жазушыларының XII съезінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып қайта сайланды.
Нұрлан Оразалин — Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Алматы қаласының құрметті азаматы.
Қазір Республика Жазушылар Ұйымын басқарады. Заманымыздың заңғар жазушысы Ш.Айтматов былай дейді: "Ақынның "Құралайдың салқыны" атты жыр жинағын оқу үстінде бір өзгеше әсер құшағында отырмын. Әр жаңа бетін ашқан сайын маған әлде бір таныс сезім қолын созатындай. Дүниелік құбылыстарды өзінің журегі мен ойы арқылы өткізетін ақынның жырларын толқымай оқу мүмкін емес. деген жүдырықтай жүрегі бар жұмыр басты пенденің қай-қайсысына да төн осынау философиялық тебіреніс пен сезім иірімдерінің өзгеше суретін салған, өлеңмен қиыстырып ой өрген жолдарға еріксіз риза боласың. Ақын қуанса шын қуанып, мұңайса шын мұңаяды. Оның бір жырдан екінші бір жырға көшіп отыратын лирикалық кейіпкерінің жан дүниесіндегі толқыныстар ауыл, аймақ, керек десеңіз, кейде ұлт пен ұлыс шекарасынан шығып, жалпы адамзаттық толғаныстар кеңістігіне көтеріледі. Ол аспанмен тілдессе де, жермен сырласса да, бір қызығы, сені досыңмен, ең жақын, ет бауыр туысыңмен сөйлестіргендей, тілдестіргендей ерекше бір халге бөлейді.
Нұрлан Оразалин қаламынан ондаған көркем дүниелер туды. Ер жылдарда "Беймаза көңіл", "Көктем көші", "Жетінші құрлық", "Азаматқа аманат", "Қүралайдың салқыны", "Ғасырмен қоштасу", "Сырнайлы шақ" атты жыр жинақтары мен "Азаматтық айдыны" атты көркем публицистикалық-эссе толғаулар кітабы жарық көрді. Сондай-ақ Нұрлан Оразалиннің қаламынан туған "Шырақжанған тун", "Тас киіктер", "Аққүс туралы аңыз" ("Бойтүмар"), "Қарымта", "Қилы заман", (М.Әуезовтың аттас шығармасының ізімен жазылған), "Бастықтың бір күні", "Қарақазан ғасыр", "Көктемнің соңғы кеші" тәрізді драмалық шығармалары көп жылдар бойы Қазақстан театрларында табыспен жүріп, теле-радио спектакльдерінің арқауына айналды. Нүрлан Оразалин орыс жазушысы Г.Свиридовтың "Жанкешті сапар" романын, үнді классигі Р.Тагордың "Пошта", қалмақдраматургі А.Балақаевтың" Ана жүрегі", әзірбайжан драматургі Р.Гейдардың "Бір ендіктің тынысы", неміс драматургы Х.Каллаудың "Зәйтүн толы қүмыра", белорус драматургы А.Петрашкевичтің "Дабыл" пьесаларын қазақшаға аударды.
"Шырақ жанған тун", "Аққүс туралы аңыз" пьесалары орыс, қырғыз тілдеріне аударылып, өлеңдері орыс, украин, болгар, түрік, молдаван, қырғыз, өзбек тілдеріне тәржімаланды.
Ақынның "Шырақ жанған түн", "Аққүс туралы аңыз" пьесалары орыс, украин, молдаван, қырғыз, өзбек тілдеріне тәржімаланды. Нұрлан Оразалин еліміздің саяси, мәдени, өміріне қоян-қолтықараласып келеді. Стамбүл қаласындағы Еуразия Қорының түрақты мүшесі, Қор қасынан шығатын "ДА" ("Диалог Авразия") журналының алқа мүшесі. Ол, сондай-ақ, Мәскеу қаласындағы Жазушылар Үйымдарының Халықаралық Қауымдастығы төрағасының орынбасары, Халықаралық Әдеби Қордың теңтөрағасы, Орта Азия халықтары Мәдени Ассамблеясының Вице-Президенті.
Нұрлан үшін "Қараңғы түн де", "Аруақтарға мекен болған көк аспан да", "Кеудесін қысқан Дәуірдің қасіретті толғағы да", бәрі-бәрі "Жүрегін жұлқыған Тәңір сөзіндей" елестейді. Ақын үшін оқшау ескі обалар кешегі "ғұндар мен сақтардан қалып қойған оқылмаған кітаптай" көрінеді".