5 Қыркүйек 2013, 08:41
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 155 жылдығы қарсаңында түсірілгелі жатқан көркем фильмнің түсірілуіне «Түрік әлемі» телестудиясы ұйытқы болып отыр.
Жақында түсіру тобы Мәшһүр Жүсіптің кіндік қаны тамған – Павлодар өңірінде болып қайтқан.
Фильм жайында телестудияның бас директоры, белгілі жазушы Доқтырхан Тұрлыбек: – Мәшһүр-Жүсіп – қазақ халқына ғана емес, бүкіл түркі дүниесіне танымал тұлға. Әулиелігін, қасиеттілігін, діни қайраткерлігін былай қойғанда, оның қаламгерлігі, публицистикасы мен философиясы – өз алдына бір төбе. Бұл – талай зерттеуге өзек болатын дүние. Мәшһүр-Жүсіп жайлы фильм түсіруді қолға алған бойда біз ең әуелі оның бірнеше мәрте табаны тиген өзбек жеріне барып, Бұқара, Самарқанд, Ташкент қалаларын араладық. Бұл өңірлерде ол діни білімін жетілдіріп, араб, парсы, шағатай тілдерін меңгеріп қана қоймай, батыс пен шығыс ақындарының, ойшылдарының еңбектерімен танысқаны белгілі. Сондықтан да ол өңірлерде бірқатар тұлғалармен кездесіп, әулиенің табаны тиген жерлерді түсірдік. Енді, міне, ғұламаның туып-өскен елі – Ертіс-Баян өңіріне келіп отырмыз. Облыс орталығынан бастап Баян елін түгел аралап, Мәшһүр-Жүсіп кесенесіне барып тәу еттік, Жаңажол ауылындағы мұражайын араладық, халықпен жүздесіп, мол мағлұмат жинадық, – дейді.
Енді түсіру тобы кезінде Жүсіп Көпеевтің үш кітабын басып шыққан ағайынды Құсайыновтардың Қазандағы баспаханасы мен Омбыда шығып тұрған шығып тұрған «Дала уәлаяты» газетіне Мәскеуге аттанбақ.
Baq.kz