«Алшы» Бейжің төрін еншіледі

5 Қыркүйек 2013, 08:32

Қытайдағы бір жарым миллионнан астам қара көздің қазақ кино өнеріне үнсіз үлес қосып келе жатқаны белгілі. Шекараның арғы бетінде дүниеге келген «Жетім қыздың махаббаты», күні кешегі «Ақсарбас», «Көрікті мекен», «Гүлбике» фильмдері, міне, осы ойларға дәлел. Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы бойынша 1999 жылы Украи­на­да түсірілген фильмге қатысқан Жанар Сағатқызы, Қытай Орталық кино­студиясы түсірген тарихи «Шыңғысхан» телесериалында маңызды рөл ойнаған Ержан Жандарке, «Гүлбикедегі» Әлімжан сынды кәсіби актерлер Қытайдағы ғана емес, бүкіл әлемдегі қандас­тарымыздың даңқын шығарып жүр. Жуырда болаша­ғынан зор үміт күттіретін тағы бір жас ре­жис­сер Бейжің төрінде қазақ кино­сту­диясын ашты. Ол – Қайсар Қабдолдаұлы. Студиясының аты – «Алшы». Осы барыста ол өзінің таза қазақ тілінде түсірілген «Мұңлы күн», «Қайран әке» сияқты тәр­бие­лік мән-мағынасы терең, жастардың сана-сезімін ояту мақсатында түсірілген кино туындыларымен көрермен ықы­ласын иеленіп үлгерді. Қазақтың кино өнерін өркендетуге атсалы­сып, өнерімен өзгелерді мойын­датқан ол Қы­тайдың астанасында тұңғыш қазақ кино­студиясының шымыл­дығын аш­ты. Биылғы жыл­ғы наурызда бой көтер­ген бұл шағын кино­студияның мақсаты – қазақ киносының шетел­дерге танылуына үлес қосу. «Ер туады еңіреп, елі менен жері үшін» дегенді жастайынан жүрегіне ұялат­қан азаматтың кино сала­сында тер төгіп жүргеніне төрт жылдан асты. Осы аралықта оның «Сауға» атты фильмі Бейжіңде өткен студенттер кино­фестивалінің алтын жүл­десін жеңіп алды. Қайсар Қабдолдаұлы сондай-ақ Қытайда түсіріліп жатқан көп­теген телесериал мен киноларда ат­қарушы режиссер болып қызмет етуде. «Жақсы жігіт – жаныңа жолдас, жаман жігіт – малыңа жолдас». Басты міндет – пай­да табу емес, қазақ киносының мәр­те­бесін көтеру және қазақтың жоғын жоқтау. «Алшы» киносту­дия­сында бүгінде бірқатар маман бас қосуда. Тәжірибелі топ жиналып, қазақтың құндылығын дәріп­тейтін ұлттық үрдістегі жаңа туын­дыларды ойластырып жатырмыз. Әзірге қазақ кино­студиясының қоржы­нында бірнеше жар­намалық жоба және шағын фильмдер бар. Болашақта көлемді көркем жобалар түсі­ріп, Қытайда қазақ киносы­ның апта­лығын өткіз­бекпіз, – дейді Қайсар Қаб­доллаұлы. Қытайлық мықты режиссерлер­мен бірлесе отырып қазақ фильмдерін әлем­дік деңгейге сай түсіруді көздеп отырған жас режиссер төл әде­биетіміздегі батырлар жыры мен аңыз-ертегілерді, қа­зақтың ірі тұлғаларын да кино тілімен насихаттап, қазақ мәдениетін әлемге та­ны­туды армандайды. Ол сондай-ақ бола­шақта ұлттық бояуы қанық мультфильмдерді жарыққа шы­ғару арқылы бала­­­­­­лар­дың қажетін өтеуге ты­рыса­тындығын да жасырмайды. Baq.kz

Қытайдағы бір жарым миллионнан астам қара көздің қазақ кино өнеріне үнсіз үлес қосып келе жатқаны белгілі. Шекараның арғы бетінде дүниеге келген «Жетім қыздың махаббаты», күні кешегі «Ақсарбас», «Көрікті мекен», «Гүлбике» фильмдері, міне, осы ойларға дәлел.

Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы бойынша 1999 жылы Украи­на­да түсірілген фильмге қатысқан Жанар Сағатқызы, Қытай Орталық кино­студиясы түсірген тарихи «Шыңғысхан» телесериалында маңызды рөл ойнаған Ержан Жандарке, «Гүлбикедегі» Әлімжан сынды кәсіби актерлер Қытайдағы ғана емес, бүкіл әлемдегі қандас­тарымыздың даңқын шығарып жүр.
Жуырда болаша­ғынан зор үміт күттіретін тағы бір жас ре­жис­сер Бейжің төрінде қазақ кино­сту­диясын ашты. Ол – Қайсар Қабдолдаұлы. Студиясының аты – «Алшы». Осы барыста ол өзінің таза қазақ тілінде түсірілген «Мұңлы күн», «Қайран әке» сияқты тәр­бие­лік мән-мағынасы терең, жастардың сана-сезімін ояту мақсатында түсірілген кино туындыларымен көрермен ықы­ласын иеленіп үлгерді.
Қазақтың кино өнерін өркендетуге атсалы­сып, өнерімен өзгелерді мойын­датқан ол Қы­тайдың астанасында тұңғыш қазақ кино­студиясының шымыл­дығын аш­ты. Биылғы жыл­ғы наурызда бой көтер­ген бұл шағын кино­студияның мақсаты – қазақ киносының шетел­дерге танылуына үлес қосу. «Ер туады еңіреп, елі менен жері үшін» дегенді жастайынан жүрегіне ұялат­қан азаматтың кино сала­сында тер төгіп жүргеніне төрт жылдан асты. Осы аралықта оның «Сауға» атты фильмі Бейжіңде өткен студенттер кино­фестивалінің алтын жүл­десін жеңіп алды. Қайсар Қабдолдаұлы сондай-ақ Қытайда түсіріліп жатқан көп­теген телесериал мен киноларда ат­қарушы режиссер болып қызмет етуде.
«Жақсы жігіт – жаныңа жолдас, жаман жігіт – малыңа жолдас». Басты міндет – пай­да табу емес, қазақ киносының мәр­те­бесін көтеру және қазақтың жоғын жоқтау. «Алшы» киносту­дия­сында бүгінде бірқатар маман бас қосуда. Тәжірибелі топ жиналып, қазақтың құндылығын дәріп­тейтін ұлттық үрдістегі жаңа туын­дыларды ойластырып жатырмыз. Әзірге қазақ кино­студиясының қоржы­нында бірнеше жар­намалық жоба және шағын фильмдер бар. Болашақта көлемді көркем жобалар түсі­ріп, Қытайда қазақ киносы­ның апта­лығын өткіз­бекпіз, – дейді Қайсар Қаб­доллаұлы.

Қытайлық мықты режиссерлер­мен бірлесе отырып қазақ фильмдерін әлем­дік деңгейге сай түсіруді көздеп отырған жас режиссер төл әде­биетіміздегі батырлар жыры мен аңыз-ертегілерді, қа­зақтың ірі тұлғаларын да кино тілімен насихаттап, қазақ мәдениетін әлемге та­ны­туды армандайды. Ол сондай-ақ бола­шақта ұлттық бояуы қанық мультфильмдерді жарыққа шы­ғару арқылы бала­­­­­­лар­дың қажетін өтеуге ты­рыса­тындығын да жасырмайды.

Baq.kz

Бөлісу: