Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады

5 Қыркүйек 2013, 04:02

Қазақстанның басым аумағында бүгін күн ашық болады. Республиканың тек батысы мен шығысында ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап.  «Атырау, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысында шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда. Алматы облысында күндіз аптап ыстық болады», - делінген хабарламада.  Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік шығысында, орталығы мен батысының кей жерлерінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады. BNews.kz

Қазақстанның басым аумағында бүгін күн ашық болады. Республиканың тек батысы мен шығысында ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап. 

«Атырау, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысында шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда. Алматы облысында күндіз аптап ыстық болады», - делінген хабарламада. 

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік шығысында, орталығы мен батысының кей жерлерінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

BNews.kz

Бөлісу: