«Қолжетімді баспана-2020»: Биыл 6 айда 314 жас отбасы баспаналы болды

4 Қыркүйек 2013, 12:14

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл алты айдың  ішінде жас отбасыларға арналған 314 пәтер пайдалануға берілген. Бұл жөнінде BNews.kz агенттігіне ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу үшін облыстар, Астана және Алматы қалаларына 2013 жылы республикалық бюджеттен трансферттер түрінде 10 млрд теңге бөлу көзделген», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 2013 жылғы 1 тамыздағы мәліметке сүйенсек, әкімдіктерге 5,9 млрд теңге бөлінген. Оның 86 пайызы игеріліпті. Биылғы жылдың алты айында 19,3 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй пайдалануға берілген. Осылайша, 314 жас отбасы қоныс тойын тойлады. Жалпы 2013 жылы жас отбасылар үшін 117 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үйді тапсыру жоспарланған. Айымгүл ӘБІЛЕВА

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл алты айдың  ішінде жас отбасыларға арналған 314 пәтер пайдалануға берілген. Бұл жөнінде BNews.kz агенттігіне ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу үшін облыстар, Астана және Алматы қалаларына 2013 жылы республикалық бюджеттен трансферттер түрінде 10 млрд теңге бөлу көзделген», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

2013 жылғы 1 тамыздағы мәліметке сүйенсек, әкімдіктерге 5,9 млрд теңге бөлінген. Оның 86 пайызы игеріліпті.

Биылғы жылдың алты айында 19,3 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй пайдалануға берілген. Осылайша, 314 жас отбасы қоныс тойын тойлады.

Жалпы 2013 жылы жас отбасылар үшін 117 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үйді тапсыру жоспарланған.

Айымгүл ӘБІЛЕВА
Бөлісу: