Астанада «Каспий Жасыл Пакеті» білім ресурсының тұсауы кесілді

4 Қыркүйек 2013, 10:46

Бүгін Қазақстанның жасыл экономика тұжырымдамасын табысты іске асырудың құралы ретінде әзірленген жаңа мультимедиалық, екітілді «Қазақстанның Каспий өңірі үшін жасыл пакет» білім ресурсының тұсауы кесілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 2013 жылы Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы Орталық және Шығыс Еуропаның экологиялық орталығымен бірлесіп жаңа мультимедиалық, екітілді «Қазақстанның Каспий өңірі үшін жасыл пакет» - «Каспий Жасыл Пакеті» білім ресурсын әзірлеп шығарды. «Бұл ресурс Қазақстанның Каспий өңірі мен мен Орталық Азия үшін маңызды тақырыптарды - су және су ресурстары, шөлейттену, климаттың өзгеру, тау мен мұздықтар, энерготиімділік, теңіздер мен мұхиттар, топырақ, өнеркәсіп, денсаулық және қоршаған тәрізді мәселелерді зерттеуге арналған және Қазақстанның жасыл экономика тұжырымдамасын жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында әзірленді», - деді Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының маманы Максим Оларь. «Каспий Жасыл Пакеті» компакт-диск, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал мен екі тілдегі «дилемма» ойынынан құралады. Жоба мектеп мұғалімдері мен 11-15 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Айымгүл ӘБІЛЕВА

Бүгін Қазақстанның жасыл экономика тұжырымдамасын табысты іске асырудың құралы ретінде әзірленген жаңа мультимедиалық, екітілді «Қазақстанның Каспий өңірі үшін жасыл пакет» білім ресурсының тұсауы кесілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

2013 жылы Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы Орталық және Шығыс Еуропаның экологиялық орталығымен бірлесіп жаңа мультимедиалық, екітілді «Қазақстанның Каспий өңірі үшін жасыл пакет» - «Каспий Жасыл Пакеті» білім ресурсын әзірлеп шығарды.

«Бұл ресурс Қазақстанның Каспий өңірі мен мен Орталық Азия үшін маңызды тақырыптарды - су және су ресурстары, шөлейттену, климаттың өзгеру, тау мен мұздықтар, энерготиімділік, теңіздер мен мұхиттар, топырақ, өнеркәсіп, денсаулық және қоршаған тәрізді мәселелерді зерттеуге арналған және Қазақстанның жасыл экономика тұжырымдамасын жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында әзірленді», - деді Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының маманы Максим Оларь.

«Каспий Жасыл Пакеті» компакт-диск, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал мен екі тілдегі «дилемма» ойынынан құралады. Жоба мектеп мұғалімдері мен 11-15 жас аралығындағы оқушыларға арналған.

Айымгүл ӘБІЛЕВА
Бөлісу: