4 Қыркүйек 2013, 09:37
Бағдарламалық өнімдер шығарушы компания Nokia-ның патенттерін 2,17 млрд. долларға, ал бүкіл ұялы телефон шығару бизнесін 5 млрд. долларға сатып алатынын жеткізді. Келіссөздер 2014 жылдың бірінші тоқсанында өтеді.
Белгілі болғанындай, Nokia фин компаниясының бас директоры Стивен Элоп Microsoft компаниясының вице-президенті тағына жайғасқаннан кейін, ұялы телефондар шығаруды қолға алмақ. Microsoft компаниясына Nokia-ның тағы бірнеше топ-менеджері ауысады.
Microsoft директоры Стив Балмер қызметтен кететіні туралы БАҚ беттерінде ақпарат пайда болғанда, оның орнына Стивен Элоп келеді деген болжамдар жасалды. Бұл екі компания екі жылдан бері тығыз жұмыс істеп келеді. 2011 жылы стратегиялық серіктестік туралы шарт жасасты. Осы шартқа сәйкес, фин компаниясы Windows базасында дайындалатын құрылғыларға ұялы бағдарламалық өнім жеткізіп келеді.
Тағы бір айта кететін жағдай, соңғы екі жылда Apple және Samsung ұялы телефондары саудаға шығарылғалы бұл салада бәсекелестік едәуір артты.