Ақжүрек Таңатаров, Лондон Олимпадасының қола жүлдегері: «Ел намысын қолдан бермеймін!»

4 Қыркүйек 2013, 06:53

Қыркүйектiң 16-22-сi аралығында Венгрия астанасы Будапешт қаласында еркін күрестен әлем чемпионаты өтедi. Бүнгі таңда әлемдiк аламанға қазақ балуандары сақадай сай. Осы орайда, 74 келі салмақ дәрежесінде ел намысын Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров қорғайтын болады. Дүбірлі дода алдында Ақжүрек батырдан аз - кем сұхбат алған едік.  – Ақжүрек, 16 қыркүйек күні Будаешт қаласында жалауын көтеретін Әлем чемпионатына дайындығыңыз қалай? – Аллаға шүкір, дайындығымыз өте жақсы. Қазір Талдықорған қаласында соңғы әзірлігімізді пысықтап жатырмыз. Оның алдында құрамадағы жігіттер Түркия мемлекетіне барып, жаттығып, шеберліктерін арттырып қайтқан болатын. Мен түрік жеріне салмағымның жетіспеуінен бара алмадым. Есесіне үйде жаттығуымды күшейтіп, аздап салмақ қостым. 2010 жылы Күрестен әлем чемпионаты Мәскеудің олимпиадалық стадионында өткені ел есіде болар. Өкінішке қарай, ол байрақты бәскеде бағым жанбай, сағым сынып қайтқан еді. Ал Будапештте өткелі жатқан дүбірлі дода ел намысын қолдан бермеуге барымды саламын... – Сіз 66 келі салмақ дәрежесінен 74 келіге ауысқаныңызға көп болған жоқ. Жаңа салмаққа бейімделіп үлгердіңіз бе? – Иә, Спортшыға бірден жаңа салмаққа бой үйрету оңайға түспейді. Оның өзіне кем дегенде, 1-1,5 жыл уақыт кетуі мүмкін. – 15 қыркүйекте Будапеште спортшылардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді екен. Егер сіздің салмағыңыз жетпесе, боз кілемге шықпай қалуыңыз мүмкін бе? – Жоқ, оған қатты мән берілмеуі тиіс. Бастысы салмағың жарыс талабынан қатты алшақ яғни тым төмен болмауы керек. Дейтұрғанымен, аздап салмақ жинап алдым (күліп). Салмақ мәселесі боз кілемде атой салуыма кеш кедергісін тигізбейді деп ойлаймын. – Жуырда еліміздің дюдошылары Баразилияның Рио де Жанейро қаласында өткен әлем чемпионатынан 1 ғана күміс жүлде еншілеп қайтты. Еркiн күрестен ұлттық құраманың бас бапкерi Руслан Өмiрәлиев қанша жүлдеге бәс тігіп отыр? – Білесіз бе, өз басым Алла тағаланың алдына түсіп, пәленше медаль алып келеміз деуге, алдын ала жормал жасауға қорқамын. Себебі, алдымызда не күтіп тұрғаны бір Жаратушы иемізге ғана белгілі. Сондықтан қазақтың «қуған жетпейді, бұйырған кетпейді»,-деген нақылына иек артамын... – Қазір әлемде еркін күрестен спортшылар арасында бәсеке қызып тұр. Ертеңгі байрақты бәсекеде қай елдің балуандарының бағы жанады деп есептейсіз? – Дұрыс айтасыз. Бүгінгі таңда еркін күрес дүниежүзінде қарыштап даму үстінде. Қазақ балуандарының қарсыластары әлсіз деуге ауыз бармайды. Себебі, соңғы жылдары Иран елінің спортшылары жоғары жетістікке жетіп, күллі әлемді мойындатып жүр. Әу бастан-ақ, бәсі биік АҚШ, Ресей мемлекеттерінің балуандары өте азулы екенін жақсы білесіз. Қалай десекте, жазмыштан озмыш жоқ... – Жалпы, жауапты жарыстарға психологиялық тұрғыдан қалай дайындаласыз? – Жарысқа физикалық тұрғыдан дайындалу бір бөлек болса, психологиялық жағынан да өзіңді әзірлеу өте-мөте маңызды. Алайда, жарысқа дейін көп уайымға салынбауға тырысамын. Тек кілемге шығар алдында мойнымда үлкен жүктің тұрғанын сезіп, намысымды қайраймын. Десе де, боз кілемде алысып жүрген балуандардың барлығының әдіс-тәсілдері белгілі ғой. – Жайма шуақ жаз маусымында демалуға уақыт таба алдыңыз ба? – Шынымды айтсам, биыл мүлде демалыс алған жоқпын. Өзіміз сөз етіп отырған Будапештте өткелі жатқан Әлем біріншілігіне дайындалып, тер төктім. Өткен жылы Лондон Олимпиадасынан кейін отбасыммен Дубайда демалып қайтқан болатынбыз. Биыл Таразда ет-жақындарымнын жырақтаған жоқпын (күліп)... Сұхбаттасқан – Индира БАЙҚОНЫСОВА Baq.kz

Қыркүйектiң 16-22-сi аралығында Венгрия астанасы Будапешт қаласында еркін күрестен әлем чемпионаты өтедi. Бүнгі таңда әлемдiк аламанға қазақ балуандары сақадай сай. Осы орайда, 74 келі салмақ дәрежесінде ел намысын Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров қорғайтын болады. Дүбірлі дода алдында Ақжүрек батырдан аз - кем сұхбат алған едік.

 – Ақжүрек, 16 қыркүйек күні Будаешт қаласында жалауын көтеретін Әлем чемпионатына дайындығыңыз қалай?
– Аллаға шүкір, дайындығымыз өте жақсы. Қазір Талдықорған қаласында соңғы әзірлігімізді пысықтап жатырмыз. Оның алдында құрамадағы жігіттер Түркия мемлекетіне барып, жаттығып, шеберліктерін арттырып қайтқан болатын. Мен түрік жеріне салмағымның жетіспеуінен бара алмадым. Есесіне үйде жаттығуымды күшейтіп, аздап салмақ қостым. 2010 жылы Күрестен әлем чемпионаты Мәскеудің олимпиадалық стадионында өткені ел есіде болар. Өкінішке қарай, ол байрақты бәскеде бағым жанбай, сағым сынып қайтқан еді. Ал Будапештте өткелі жатқан дүбірлі дода ел намысын қолдан бермеуге барымды саламын...
– Сіз 66 келі салмақ дәрежесінен 74 келіге ауысқаныңызға көп болған жоқ. Жаңа салмаққа бейімделіп үлгердіңіз бе?
– Иә, Спортшыға бірден жаңа салмаққа бой үйрету оңайға түспейді. Оның өзіне кем дегенде, 1-1,5 жыл уақыт кетуі мүмкін.
– 15 қыркүйекте Будапеште спортшылардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді екен. Егер сіздің салмағыңыз жетпесе, боз кілемге шықпай қалуыңыз мүмкін бе?
– Жоқ, оған қатты мән берілмеуі тиіс. Бастысы салмағың жарыс талабынан қатты алшақ яғни тым төмен болмауы керек. Дейтұрғанымен, аздап салмақ жинап алдым (күліп). Салмақ мәселесі боз кілемде атой салуыма кеш кедергісін тигізбейді деп ойлаймын.
– Жуырда еліміздің дюдошылары Баразилияның Рио де Жанейро қаласында өткен әлем чемпионатынан 1 ғана күміс жүлде еншілеп қайтты. Еркiн күрестен ұлттық құраманың бас бапкерi Руслан Өмiрәлиев қанша жүлдеге бәс тігіп отыр?
– Білесіз бе, өз басым Алла тағаланың алдына түсіп, пәленше медаль алып келеміз деуге, алдын ала жормал жасауға қорқамын. Себебі, алдымызда не күтіп тұрғаны бір Жаратушы иемізге ғана белгілі. Сондықтан қазақтың «қуған жетпейді, бұйырған кетпейді»,-деген нақылына иек артамын...


– Қазір әлемде еркін күрестен спортшылар арасында бәсеке қызып тұр. Ертеңгі байрақты бәсекеде қай елдің балуандарының бағы жанады деп есептейсіз?
– Дұрыс айтасыз. Бүгінгі таңда еркін күрес дүниежүзінде қарыштап даму үстінде. Қазақ балуандарының қарсыластары әлсіз деуге ауыз бармайды. Себебі, соңғы жылдары Иран елінің спортшылары жоғары жетістікке жетіп, күллі әлемді мойындатып жүр. Әу бастан-ақ, бәсі биік АҚШ, Ресей мемлекеттерінің балуандары өте азулы екенін жақсы білесіз. Қалай десекте, жазмыштан озмыш жоқ...
– Жалпы, жауапты жарыстарға психологиялық тұрғыдан қалай дайындаласыз?
– Жарысқа физикалық тұрғыдан дайындалу бір бөлек болса, психологиялық жағынан да өзіңді әзірлеу өте-мөте маңызды. Алайда, жарысқа дейін көп уайымға салынбауға тырысамын. Тек кілемге шығар алдында мойнымда үлкен жүктің тұрғанын сезіп, намысымды қайраймын. Десе де, боз кілемде алысып жүрген балуандардың барлығының әдіс-тәсілдері белгілі ғой.
– Жайма шуақ жаз маусымында демалуға уақыт таба алдыңыз ба?
– Шынымды айтсам, биыл мүлде демалыс алған жоқпын. Өзіміз сөз етіп отырған Будапештте өткелі жатқан Әлем біріншілігіне дайындалып, тер төктім. Өткен жылы Лондон Олимпиадасынан кейін отбасыммен Дубайда демалып қайтқан болатынбыз. Биыл Таразда ет-жақындарымнын жырақтаған жоқпын (күліп)...

Сұхбаттасқан – Индира БАЙҚОНЫСОВА
Baq.kz
Бөлісу: