4 Қыркүйек 2013, 05:37
«Антика» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін ағартады. Алайда қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек — рим әлеміне қатысты айтылады.
Антикалық мәдениет — барлық грек-рим көне бағыттардың жиынтығы. Антикалық мәдениет космологизмі антропоцентризмді қажет етеді және адам денесі негізі – мәдениеттің барлық түрінің өлшемі.
Ежелгі Грекия тарихындағы басты оқиға грек-парсы соғыстары (б.з.д. 500-449 жж.). Осы дәуірде антикалық полис — архаика аяқталып, классикалық өркендеу кезеңі басталды. Грекия әлемге әйгілі ұлы философтар — Аристотель, Платон, Сократ және тағы басқа ірі тұлғаларды әкелді. Ғылымға материяның бөлінбейтін бөлшегі атаомды ұғымын енгізген Демокрит болды. Б.з.д У ғасырда әдебиеттегі негізгі жанр трагедия мен комедия пайда болды.
Ежелгі Рим мәдениеті б.з.д. І ғасырдың соңы мен біздің заманымыздың ІІ ғасыр – ертедегі империя дәуірі (принципат дәуірі) құл иеленушілік қатынастар дәуірінің өркендеуі. Рим мемлекеті Шығыс жерорта теңізі, Солтүстік Африка Еуропаның үлкен бөлігін өзіне қаратқан ірі империяға айналды. Рим мәдениетіндегі шарықтау шегіне жеткен мәдениеттің бірі ерте заманғы империя дәуірі әдебиеті. Ерте заманда портретті бейнелеу ерекше дамыды.
Христиан діні Рим империясының шығыс провинцияларында кең тараған құтқарушыны — мессияны күту идеялары негізінде пайда болған.
Бұл дәуірдің ең дарынды жазушылары, прозаның шеберлері Варрон мен Цицерон болды. Варронның (б.з.д. 116-127 ж.! ең әйгілі (Древности дел божеских и человеческих» атты шығармасы әрі тарихи, әрі географиялық, әрі діни энциклопедия болды. Ол сонымен қатар бірталай грамматикалық, тарихи-әдеби, философиялық еңбектермен қатар Римнің атақты адамдарының өмірбаянын да жазған.
Осы кезеңдегі әлемнің ойшылы, аса көрнекті қоғам қайраткері, от тілді, орақ ауызды, күміс көмей шешен, дарынды заңгер, философияның білгірі, тамаша жазушы ұлы ғұлама — Цицерон (б.з.д. 106-43) болды.
Тілінен бал тамған, лебімен отқа өртейтін әрі шешен, әрі философ Цицеронның негізінен соттарда сөйлеген 58 сөзі, 800-ден астам хаттары бар. Цицерон сол дәуірдегі философиялық идеялардың ықпалында болды. Грек мәдениетінің ықпалы рим философиясында да айқын аңғарылды
«Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы.
Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы – философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық фиософиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері бар. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
Атомистер ілімі.
Ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі рим өкілі Лукреций Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылдардың шығармаларында кейін матералистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар фиософиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әр қайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп , жоғалып жатады.
Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс)және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс – сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Атомдардың негізгі қасиеті: мәңгі, бөлінбейді, өзіне- өзі тең, қозғалмайды. Бұл қасиеттер атомдардың ішкі мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар бұрыш, шар, қармақ, оймақ, т.б. тәріздес болады. Атомдар бос кеңістік болып тұрады.
Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен соқтығысқанда өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді.
Атомдарды бояу түрлері, иіс дыбыс т.б. сияқты сезімдік қасиеттер жоқ. Бұл қасиеттер атомдар түйсітерімен кездескенде ғана пайда болады. Демокрит-алғашқылардың бірі болып сезімдік қасиеттердің субъективті түрде болатындығын айтқан ойшыл.
Тіршіліктің шығуы Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп түсіндіреді. Бұл жерде ешқандай да жоғары күштердің әсері жоқ. Барлық тіршілік иелері, оның ішінде өсімдіктердің де жандары бар. Жандар шыққан қайнар көз бар тіршілікті тудырған-жылылық. Жандар әр түрлі болады. Космостық жаны жоғары деңгейде емес одан гөрі жануарлардың жаны жылылықты көбірек қабылдағандықтан әлде қайда жоғарырақ. Ал адамның жаны болса, ол ең жоғары сатыда тұр, себебі, онда жылумен қоса от та бар. Демокриттің іліміне ақылды жан – «сана» ұғымы мен синонимдес ұғым.
Өмір сүрудің қажетті жағдайы – дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы қоршаған ортадан өздеріне керекті от атомдарын қабылдаса, дем шығарғанда, жанның кейбір атомдары денеден шығады, оның толық шығып кетпеуіне қайтадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене өледі, себебі жан атомдары денеден толығымен шығады. Днеден шыққан жан атомдары ауада шашырап кетеді сөйтіп денемен бірге жан жа өледі.
Демокрит қоғамның дамуы және мемлекет мәселелері туралы пікірлер айтқан. Адмдар аңға ұқсас кезінде аңдар сияқты өмір кешті, ал аң сияқты қалыптан мұқтаждықтың арқасында өркениетке өткенде, олар бір-біріне көмектесіп, бір жерде жинақталып, үңгірлерде, ағаштың қуысында өмір сүрді. Бұл кезде олар патшасыз, әскербасыларсыз, бір-бірмен соғыспай, ұрлықсыз, қарапйым да, еркін өмір кешті. Кейінірек келе отты пайдалана алатын болды, қулық – сұмдықтар да көбейді, осымен қатар өнер де пайда болды. Осы айтқан жағдайға адамдарды мұқтаждық пен өздерінің тәжірибелері жеткізді. Адамдар әлім сақта сөйлей алмайтын-ды. Адамдардың бір-бірімен араласып қарым-қатынасқа түсуінің арқасында түсініксіз дыбыс шығарудың орнына сөз арқылы қатынас орнады. Сөйтіп, тіл пайда болды. Тіл көп турлі болып, адамдардың тұрған ортасына қарай қалыптасты.
Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған. Діннің шығуына себеп болған – адамдардың табиғаттың дүлей күштерінің себебін білмей қорыққандығы. Құдай деп жүргеніміз шын мәнінде құдай емес, тек олар туралы қалыптасқан бейнелер ғана.
Демокриттің атомистік ілімдарін әрі қарй жағастырған ежелгі грек философы Эпикур (шамамен б.д.д. 342-271/270ж.ж.)болды. Эпикурдың еңбектері сақталмаған, бізге тек үш хаты мен шығармаларының кейбір фрагменттері ғана жеткен. Эпикурдың ілімінше, атомдар – дуниенің алғашқы бастамасы. Оларға Демокрит атған қасиеттерден басқа көле, салмақ сияқты мәнді қасиеттер тән. Салмақтың арқасында атомдар «құлайды» және жолдан ауытқиды. Осындай «өздігінен ауытқитын атомдар» қозғалыстың себебі және қайнар көзі. Солардың арқасында атомдар өзара байланысқа түсіп, жекелеген денелер пайда болады. Космоста сансыз көп жекелеген әлемдер бар. Осы әлемдердің арасындағы бос кеңістікте мәңгі өлмейтін бақытты құдайлар өмір сүреді. Олар әлем және адамдар жағдайын ойламайды. Өмірге келіп және одан кететіндер тек тіршілік иелері мен жаны ғана. Жан жіңішке, жеңіл, домалақ және тынымсыз атомдардан тұрады.
Эпикур жолын ұстап, оның ілімін ары қарай дамытқан ежелгі Рим философы және ақыны Лукреций Карр болды. Негізгі еңбегі «заттардың табиғаты туралы» Лукреций Эпи кур сияқты атомдардың қозғалыс барысында ауытқуы материалдық денелерді қалыптастырады, ал олардың пайда болуы және өзгеріп дамуы қатал себептілік заңына бағынады дейді. Бұл заңдылық адам тағдырына бейтараптылықпен қарап, олардың қайғы қасіретін көбейтеді. Осыған қарамастан, адамдар тағдырға мойын бірге ұсынбаулары, керісінше, қолдарынан келгенше тағдырдың тәлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары керек.
Лукреций әлемдегі заттардың бәрі себептілік заңына бағынады десе де оларда себептілік заңынан басқа жасырын күштері бар екенін мойындайды. Бірақ ол құдайға байланысты емес, себебі, құдай жердегі өмірге араласпайды.
Қорыта айтқанда, атомистік ілім табиғат құбылыстарын табиғи себептермен байланыстырып адамдарды табиғаттың дүлей күштерінен қорықпауға, тіршілік те құмарыңнан шығып, қуанышты өмір сүруге шақырды.