Биыл ауылдарда 101 денсаулық сақтау нысаны салынады. Бұл жөнінде бүгін ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі талқыланған Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Ауылдық аумақтарды инфрақұрылымдық дамыту бойынша шаралар білім беру, денсаулық сақтау, «Ақ бұлақ», коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және басқа да бағдарламалар бойынша іске асырылуда. Атап айтқанда, білім берудің мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде тек ағымдағы жылы республикалық бюджеттен жалпы 27,4 млрд теңгеге 85 білім беру нысандарының құрылысы мен қайта қалпына келтіру қарастырылған, оның ішінде 63 мектеп, 17 мектепке дейінгі мекеме, 4 кәсіптік техникалық лицей бар», - деді вице-министр.
Оның мәлім етуінше, денсаулық сақтау нысандарын дамыту жобалары шеңберінде 101 денсаулық сақтау мекемесін салу көзделген. Бұл мақсатқа 17,3 млрд теңге бағытталмақ.
Айымгүл ӘБІЛЕВА