Қой терісінің емдік қасиеті мол

4 Қыркүйек 2013, 04:55

Қойдың емдік қасиеттері жайында жөнінде көптеген мысалдар келтіріп өтуге болады. Мәселен, не себепті жаңадан сойылған қой терісіне орайды, әрі ол қара қой терісі болсын дейді. Оған себеп, қара қой күн астында энеригияны көп қабылдайды. Ал ақ қой болса, энергияны аздау қабылдайды. Себебі сәуле шағылысады. Әсересе қара қой терісінің арасында көгілдір күлгін сәуле көп жиналады екен. Онымен сырқатты орағанда әлгі қой терісінен сәуле бөлініп шығып адам денесіне әсер етеді. Көгілдір-күлгін сәуленің емдік қасиеттерінің көп екендігі медицинада мәлім.  Қойдың тоқ ішегінің ем болатын аурулары және қолданылуы: Жас балалар шетпесіне: жаңа ғана сойылған ту немесе еркек қойдың тоқ ішегін, шажырқай майын сыдырмай, дөңгеленген күйінде науқас баланың кіндігінің үстіне қойып, жылылап орап жатқызады. Егер ішегінің жылуы төмендесе, торсыққа жылы су құйып, (40-50 градус) ішектің үстіне жылу өткізеді. Бала терлейді. Осы әдіс 1-2 рет қайталанса, бала жазылады. Қойдың қарны да білген адамға ем. Жел-құздан болған асқазан, ішек жолдарының ауруына, әйелдер ауруына және қуық ауруына: семіз ту қой немесе құнан, дөнен қойларды сойып, қарнын тартудан бұрын науқас адамды астын жұмсақтап, төсекке екі аяғын көсілтіп отырғызады да сойылған қойдың қарнын жылы күйінде дереу науқас адамның құрсағына тартып, жылы орайды. Шамамен жарты сағаттан кейін науқас адам терлейді. Адам сүйсінеді. Шөлдесе әлсін-әлсін сусын ішкізеді. 2-3 сағат мөлшерінде жылуы қайтады. Осы кезде науқасты шығарып алып, тазалап жуындырып, (суық тигізбеу керек) әрі бойға жылу беретін, тез қорытылатын тағамдар ішкізеді. Бірнеше күн сорпа ішкізіп, күтіледі. Қазақ халқы көшпенді тұрмыс кешетіндіктен, табиғаттың алуан түрлі құбылыстарына кезігіп отырады. Жатар орнының ылғалдығы, қыстағы суық ауаның ызғары, одан қорғанатын жабдықтардың кем болуынан, көбінесе жасы ұлғайған ерлер мен әйелдер жел-құз, құяң ауруларына шалдығады. Емшілеріміз адамдарды науқастардан айықтыру мақсатында алуан түрлі амалдар қолданған. Соның бірі — қой терісіне түсіп емделу. Емделу әдісі: Кемеліне келіп семірген немесе ту қойды таңдап алып, терісін бітеу сояды. Күздегі піскен ерменді қоса қайнатып, оның нілін терінің ішіне құяды. Науқас адамды шешіндіріп, мойнынан төменге дейін теріге орайды. Жылы жамылып, 2-3 сағат тері ішінде жатады. Теріден шыққан соң тазаланып, жылы сақтанып, сорпа ішіп, бірнеше күн күтінеді. Мұның жел-құз ауруына тиімді екендігі анықталған. Қойдың өкпесінің емдік қасиеттері: Өкпені күшейтеді, жөтелді тоқтатады, шөлді басады. Несеп көп келсе, қалпына келтіреді. Уытты басып, ісікті қайтарады. Жөтел демікпесі болғанда: Дені сау, жас қойдың өкпесін тіліп, сірке суына қайнатып, піскеннен кейін күніне 2 рет үлкен 2 жапырақ жесе, қақырықты босатып, жөтелді басады. Қойдың қанымен емдеу: Босанғаннан кейін әйелдерде болатын салқын қанды талманы емдеуге қолданады. Жоғарыдағы аурулар байқалғанда, қойдың жылы қанынан аздап ішкізеді (көп ішуге болмайды). Өйткені қан оңай сіңбейтіндіктен, ас қорыту жолдарын бұзады. Ақпарат интернет деректері негізінде әзірленді. Baq.kz

Қойдың емдік қасиеттері жайында жөнінде көптеген мысалдар келтіріп өтуге болады. Мәселен, не себепті жаңадан сойылған қой терісіне орайды, әрі ол қара қой терісі болсын дейді. Оған себеп, қара қой күн астында энеригияны көп қабылдайды. Ал ақ қой болса, энергияны аздау қабылдайды. Себебі сәуле шағылысады. Әсересе қара қой терісінің арасында көгілдір күлгін сәуле көп жиналады екен. Онымен сырқатты орағанда әлгі қой терісінен сәуле бөлініп шығып адам денесіне әсер етеді. Көгілдір-күлгін сәуленің емдік қасиеттерінің көп екендігі медицинада мәлім.

 Қойдың тоқ ішегінің ем болатын аурулары және қолданылуы: Жас балалар шетпесіне: жаңа ғана сойылған ту немесе еркек қойдың тоқ ішегін, шажырқай майын сыдырмай, дөңгеленген күйінде науқас баланың кіндігінің үстіне қойып, жылылап орап жатқызады.
Егер ішегінің жылуы төмендесе, торсыққа жылы су құйып, (40-50 градус) ішектің үстіне жылу өткізеді. Бала терлейді. Осы әдіс 1-2 рет қайталанса, бала жазылады.
Қойдың қарны да білген адамға ем. Жел-құздан болған асқазан, ішек жолдарының ауруына, әйелдер ауруына және қуық ауруына: семіз ту қой немесе құнан, дөнен қойларды сойып, қарнын тартудан бұрын науқас адамды астын жұмсақтап, төсекке екі аяғын көсілтіп отырғызады да сойылған қойдың қарнын жылы күйінде дереу науқас адамның құрсағына тартып, жылы орайды. Шамамен жарты сағаттан кейін науқас адам терлейді. Адам сүйсінеді. Шөлдесе әлсін-әлсін сусын ішкізеді. 2-3 сағат мөлшерінде жылуы қайтады. Осы кезде науқасты шығарып алып, тазалап жуындырып, (суық тигізбеу керек) әрі бойға жылу беретін, тез қорытылатын тағамдар ішкізеді. Бірнеше күн сорпа ішкізіп, күтіледі.
Қазақ халқы көшпенді тұрмыс кешетіндіктен, табиғаттың алуан түрлі құбылыстарына кезігіп отырады. Жатар орнының ылғалдығы, қыстағы суық ауаның ызғары, одан қорғанатын жабдықтардың кем болуынан, көбінесе жасы ұлғайған ерлер мен әйелдер жел-құз, құяң ауруларына шалдығады. Емшілеріміз адамдарды науқастардан айықтыру мақсатында алуан түрлі амалдар қолданған. Соның бірі — қой терісіне түсіп емделу. Емделу әдісі: Кемеліне келіп семірген немесе ту қойды таңдап алып, терісін бітеу сояды. Күздегі піскен ерменді қоса қайнатып, оның нілін терінің ішіне құяды. Науқас адамды шешіндіріп, мойнынан төменге дейін теріге орайды. Жылы жамылып, 2-3 сағат тері ішінде жатады. Теріден шыққан соң тазаланып, жылы сақтанып, сорпа ішіп, бірнеше күн күтінеді. Мұның жел-құз ауруына тиімді екендігі анықталған.
Қойдың өкпесінің емдік қасиеттері: Өкпені күшейтеді, жөтелді тоқтатады, шөлді басады. Несеп көп келсе, қалпына келтіреді. Уытты басып, ісікті қайтарады. Жөтел демікпесі болғанда: Дені сау, жас қойдың өкпесін тіліп, сірке суына қайнатып, піскеннен кейін күніне 2 рет үлкен 2 жапырақ жесе, қақырықты босатып, жөтелді басады.
Қойдың қанымен емдеу: Босанғаннан кейін әйелдерде болатын салқын қанды талманы емдеуге қолданады. Жоғарыдағы аурулар байқалғанда, қойдың жылы қанынан аздап ішкізеді (көп ішуге болмайды). Өйткені қан оңай сіңбейтіндіктен, ас қорыту жолдарын бұзады.

Ақпарат интернет деректері негізінде әзірленді.

Baq.kz

Бөлісу: