Махаббат бекеті

3 Қыркүйек 2013, 10:15

Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі екені белгілі. Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған тақырып та жігіт пен қыз арасындағы махаббат. Бүгін сіздерге ұсынбақ болып отырған киномыз да осы махаббат тақырыбына арналып отыр. Ол Талғат Теменов түсірген  «Махаббат бекеті» фильмі. Кино  1993 жылы түсірілді. Фильмнің түсіріліп, көрерменге жол тартқанына биыл 19 жыл толып отыр. Басты рөлдерде  Баян Мұхитденова(Есентаева), Қуанышбек Әділов, Бөпеш Жандаев секілді актерлар сомдайды. 75 минуттан тұратын фильм мелодарама жанрында құрылған. Басты рөлдердің бірінде  ойнаған Баян Есентаева  ол кезде 18 жаста еді. Баянның кинодағы жарқын болашағын болжағанымен, бұл рөлден кейін ол ешбір киноға түскен емес. Алайда, «Хабар» телеарнасының көрермендері Баян Есентаеваны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған «Астана - махаббатым менің!» атты алғашқы қазақ-түрік толықметражды телехикаясынан көре алды. Бұл туындыны көрмеген адам кемде-кем шығар.  Оқиға желісі былай өрбейді:  оқушы Гүлназға оның екі сыныптасы Орал мен Жеңіс ғашық болып, сезімдерін білдіреді. Ақыры жас қыз өзінің жұбы болуға Оралды лайық деп танып, сонымен көңіл жарастырады. Дегенмен Женіс оңай берілмеуге бекінеді. Солайша екі жас өсек пен күндестік секілді қарсылықтарға тап болады. Талай қиыншылықты бастан өткереді. Арада біраз жылдар өтеді. Тағдырдың айдауымен бір күні Орал мен Гүлназ екеуі алғаш кездескен бекетте қайта қауышады. Фильмнің көңіл босатып, жүрекке әсер ететін тұсы да осы. Аталған фильм ғашықтық атты ұлы сезімнің бар екенін, ол жолда ұрынуы мүмкін түрлі оқиғаларға назар салыуға жақсы сабақ болары анық. Бұдан өзге режиссердің алғаш қойған “Адамдар арасындағы бөлтірік” атты толық метражды көркем фильмі бірнеше Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды. Өзі жазған сценарийі бойынша қойған көркем фильмдері “Шаңырақ” (1983 ж), “Қайдасың сен, Чапай?” (1984), “Торо” (1986), “Адамдар арасындағы бөлтірік” (1988), “Қызғыш құс” (1991), және  біз сөз етіп отырған  “Махаббат бекеті” (1993) секілді кинолары да көрермен ықыласына бөленіп келеді. Талғат Теменов түсірген фильмдердің барлығы бүгінге дейін көңілінен шығып келеді. Режиссер алдағы уақытта «Махаббат бекеті» фильмі сынды сезімге толы кинолар қатарын көбейтеді деген ойдамыз.  

Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі екені белгілі. Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған тақырып та жігіт пен қыз арасындағы махаббат. Бүгін сіздерге ұсынбақ болып отырған киномыз да осы махаббат тақырыбына арналып отыр. Ол Талғат Теменов түсірген  «Махаббат бекеті» фильмі. Кино  1993 жылы түсірілді. Фильмнің түсіріліп, көрерменге жол тартқанына биыл 19 жыл толып отыр. Басты рөлдерде  Баян Мұхитденова(Есентаева), Қуанышбек Әділов, Бөпеш Жандаев секілді актерлар сомдайды. 75 минуттан тұратын фильм мелодарама жанрында құрылған. Басты рөлдердің бірінде  ойнаған Баян Есентаева  ол кезде 18 жаста еді. Баянның кинодағы жарқын болашағын болжағанымен, бұл рөлден кейін ол ешбір киноға түскен емес. Алайда, «Хабар» телеарнасының көрермендері Баян Есентаеваны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған «Астана - махаббатым менің!» атты алғашқы қазақ-түрік толықметражды телехикаясынан көре алды.

Бұл туындыны көрмеген адам кемде-кем шығар.  Оқиға желісі былай өрбейді:  оқушы Гүлназға оның екі сыныптасы Орал мен Жеңіс ғашық болып, сезімдерін білдіреді. Ақыры жас қыз өзінің жұбы болуға Оралды лайық деп танып, сонымен көңіл жарастырады. Дегенмен Женіс оңай берілмеуге бекінеді. Солайша екі жас өсек пен күндестік секілді қарсылықтарға тап болады. Талай қиыншылықты бастан өткереді. Арада біраз жылдар өтеді. Тағдырдың айдауымен бір күні Орал мен Гүлназ екеуі алғаш кездескен бекетте қайта қауышады. Фильмнің көңіл босатып, жүрекке әсер ететін тұсы да осы. Аталған фильм ғашықтық атты ұлы сезімнің бар екенін, ол жолда ұрынуы мүмкін түрлі оқиғаларға назар салыуға жақсы сабақ болары анық.

Бұдан өзге режиссердің алғаш қойған “Адамдар арасындағы бөлтірік” атты толық метражды көркем фильмі бірнеше Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды. Өзі жазған сценарийі бойынша қойған көркем фильмдері “Шаңырақ” (1983 ж), “Қайдасың сен, Чапай?” (1984), “Торо” (1986), “Адамдар арасындағы бөлтірік” (1988), “Қызғыш құс” (1991), және  біз сөз етіп отырған  “Махаббат бекеті” (1993) секілді кинолары да көрермен ықыласына бөленіп келеді.

Талғат Теменов түсірген фильмдердің барлығы бүгінге дейін көңілінен шығып келеді. Режиссер алдағы уақытта «Махаббат бекеті» фильмі сынды сезімге толы кинолар қатарын көбейтеді деген ойдамыз.

 

Бөлісу: