Зульфия Чиншанло қытайға тұрмысқа шықты

3 Қыркүйек 2013, 09:51

Мая Манеза мен Светлана Подобедованың ізін ала Зульфия Чиншанло да тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Vesti.kz. Ауыр атлеттің неке қию рәсімі 2013 жылы жаздың алғашқы айында жасырын өткен. Әлемнің екі дүркін және Олимпиада чемпионы өмірлік серігі етіп Қытай азаматын таңдап алыпты. Чиншанлоның айтуынша, екі жас бір-бірін бұрыннан танитын болып шықты. Олар ең алғаш Қытайда ауыр атлетикамен айналысуды бастаған жылдары танысқан екен. Зульфияның күйеуі сүйіктісіне бүгінге дейін демеу көрсетіп келіпті. Екеуі екі елде жүріп жаттығатындықтан кездесуге уақыттары болмаған, тек бір жылда бір рет демалысқа шыққанда көрісіп тұрған. Қалған уақытта интернетте хат жазысып отырады. Чиншанло Олимпиадада жеңіске жеткен соң болашақ күйеу Алматыға келіп, АХАЖ-ға тіркеуге тұрады. Алайда, дүркіретіп той өткізуді екеуі де қаламаған. Тек жақын-жұрағаттары мен достарын ғана шақырып, шағын дастарқан басында атап өткен қуанышты күндерін. Журналистердің елді басына көтеріп, жарыса жазғанын қаламаған болуы керек. Қазір де өзінің жолдасының атын атамай отыр Зульфия. Лондон олимпиадасының чемпиондарын биылғы жылы спорт алаңынан көруіміз екіталай боп тұр. Жаңадан шаңырақ көтерген жастар бала сүйіп, уақыттарын от басы, ошақ қасында өкізуді қалайтыны анық. Ғабит ҚАРАБАЙ Baq.kz

Мая Манеза мен Светлана Подобедованың ізін ала Зульфия Чиншанло да тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ауыр атлеттің неке қию рәсімі 2013 жылы жаздың алғашқы айында жасырын өткен. Әлемнің екі дүркін және Олимпиада чемпионы өмірлік серігі етіп Қытай азаматын таңдап алыпты.

Чиншанлоның айтуынша, екі жас бір-бірін бұрыннан танитын болып шықты. Олар ең алғаш Қытайда ауыр атлетикамен айналысуды бастаған жылдары танысқан екен.

Зульфияның күйеуі сүйіктісіне бүгінге дейін демеу көрсетіп келіпті. Екеуі екі елде жүріп жаттығатындықтан кездесуге уақыттары болмаған, тек бір жылда бір рет демалысқа шыққанда көрісіп тұрған. Қалған уақытта интернетте хат жазысып отырады.

Чиншанло Олимпиадада жеңіске жеткен соң болашақ күйеу Алматыға келіп, АХАЖ-ға тіркеуге тұрады. Алайда, дүркіретіп той өткізуді екеуі де қаламаған. Тек жақын-жұрағаттары мен достарын ғана шақырып, шағын дастарқан басында атап өткен қуанышты күндерін. Журналистердің елді басына көтеріп, жарыса жазғанын қаламаған болуы керек. Қазір де өзінің жолдасының атын атамай отыр Зульфия.

Лондон олимпиадасының чемпиондарын биылғы жылы спорт алаңынан көруіміз екіталай боп тұр. Жаңадан шаңырақ көтерген жастар бала сүйіп, уақыттарын от басы, ошақ қасында өкізуді қалайтыны анық.

Ғабит ҚАРАБАЙ
Baq.kz
Бөлісу: