Кескіндеме, кескіндеу өнері

3 Қыркүйек 2013, 09:32

Кескіндеме , кескіндеу өнері (живопись) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын  көркем шығарма  өнердің барлық басқа түрлері сияқты , кескіндемеде идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік бейнелеп қана қоймай , белгілі бір идеологиялық концепциялар негізінде оларға баға береді. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауға себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің  тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматтар береді. Кескіндеме бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да Н.Г.Чернышевский өнерді «Өнер мектебі» деп бағалаған. Микеланджело: «Сурет – живопись, мүсін және сәулет өнерінің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись  түрлерінің жаны мен қайнар көзі»  десе, ал А.Байтұрсынов «Бояулы нәрсенің түрін , түсін кескін келбетін суреттеп көрсету – кескіндеме өнері» деп  жақсы сипаттама берген. Барлық өнерлердің арасынан, тіпті бүкіл адамдардың істерінің арасынан Леонардо бірінші орынға живописьті қояды. «Өйткені,- деп мақтанышпен атап көрсетді, ол, жиовписьші әр түрлі ададардың және барлық заттардың өкім жүргізушісі», — болып табылады. Басқаша айтқанда , ол — әлемнің билеп төстеушісі. «Көз , — деп жазды ол, — адам денесінің терезесі, осы терезе арқылы адам өзінің жолына қарайды және әлемнің сұлулығынан ләззат алады.  Соның арқасында адам жаны адамға тән зынданда қуанышқа бөленеді, онсыз бұл адамдық зындан  азап». Тұжырым айқын: көз – сезімнің әміршісі екен, онда живопись — өнер падишасы. Леонардо бұл қағиданы көптеген мысадармен дәлелдейді. - Живописші, деп мәлімдейді Леонардо, — көзбен көріп, жүрекпен сезінген нәрселерінің барлық өзгешелігін, өз түсін, өз көмескілігін, оның алуан түрлі қасиетін тұтас жиынтықтай қамтып бейнелейді – міне, жарық пен көлеңкенің табиғаттан алатын мүсініне оларды өзі жасайтын живописьтің артықшылығы да дәл осында. Бірақ мұның бәрі аз. Өнерлердің ішіндегі ең ұлысы – живопись өзін шын мәнісінде игерген адамға табиғатқа қожалық ету билігін береді. «Егер живописьші, — деп жазды Леонардо, — өзінің сүйсінісін туғызатын тамаша заттарды көргісі келсе, — оларды туғызу оның өз қолында, ал егер ол адамды үрейлендіретін кейіпсіз, сайқымазақ, күлкілі немесе шын мәнінде аянышты дүниелерді көргісі келсе, онда оларды да жасайтын құдірет иесі соның өзі.Сонымен, живопись кез келген іс әрекеттен жоғары қойылуға тиіс, өйткені ол табиғатта бар және онда жоқ барлық формаларды бойына дарытқан. Леонардоға дейін ешкім де кескіндеме туралы бұлай айтқан жоқ. Және одан кейін де ешкім, сірә, кескіндеменің мұндай ғаламат құдіреттілігін соншалықты сеніммен және соншалықты өктемдікпен сезінбеген болар! Көркемдік бейне тудыра кескіндеменің пайдаланатын құралы – сәуле, бояу, рең. Сәулелі бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымымен тауып бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік те өткір тіл жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды. Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалаған қалпында қалтындықтын назарға да сол қалпында бірден шалынады.  Бірақ суреттердің қыл қаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан , жан тебіреністерінен дерек береді, көрерменмен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуде кескіндеменің мүмкіншілігі зор. Бұл оның көп жанрлығынан да байқалады. Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді. Олар: 1)Монументтік сәндік кескіндеме. Бұған қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне, тұсқа салынатын суреттер жатады. 2) Қондырғылы кескіндеме суреттер, яғни картиналар. Бұл неғұрлым нәзік, сыршыл келеді, әдетте белгілі бір мекенмен байланыстырылады. Сәндік суреттер. Театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, миниатюра және т.б. Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы: майлы бояу кескіндеме, фреска, секко, темпера желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер. Кескіндеменің керамикалық бояумен, силикаттық бояумен салынатын тағы басқа да түрлері бар. Мозайка мен витраж да кескіндемемен ұштасады. Кескіндеме туындыларын жасауда гуашь, акварель, тушь, пастель, молынан қолданылады. Кескіндемелік шығармалар көлем кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екіге бөлінеді. Кескіндеме жанрына көптеген суретшілер жұмыс істеген. Қайта өркіндеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Леонардо да Винчи, Рафаэль, Тициан, Микеланджело, Джорджоне, Паоло Веронезе, Ботичелли т.б. Сонымен қоса кескіндеме өнері натюрморт, пейзаж, портрет, анималистік, маринистік, батальдық жанрларына  бөлінеді.

Кескіндеме , кескіндеу өнері (живопись) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын  көркем шығарма  өнердің барлық басқа түрлері сияқты , кескіндемеде идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік бейнелеп қана қоймай , белгілі бір идеологиялық концепциялар негізінде оларға баға береді. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауға себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің  тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматтар береді. Кескіндеме бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да Н.Г.Чернышевский өнерді «Өнер мектебі» деп бағалаған.

Микеланджело: «Сурет – живопись, мүсін және сәулет өнерінің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись  түрлерінің жаны мен қайнар көзі»  десе, ал А.Байтұрсынов «Бояулы нәрсенің түрін , түсін кескін келбетін суреттеп көрсету – кескіндеме өнері» деп  жақсы сипаттама берген.

Барлық өнерлердің арасынан, тіпті бүкіл адамдардың істерінің арасынан Леонардо бірінші орынға живописьті қояды. «Өйткені,- деп мақтанышпен атап көрсетді, ол, жиовписьші әр түрлі ададардың және барлық заттардың өкім жүргізушісі», — болып табылады.

Басқаша айтқанда , ол — әлемнің билеп төстеушісі. «Көз , — деп жазды ол, — адам денесінің терезесі, осы терезе арқылы адам өзінің жолына қарайды және әлемнің сұлулығынан ләззат алады.  Соның арқасында адам жаны адамға тән зынданда қуанышқа бөленеді, онсыз бұл адамдық зындан  азап».

Тұжырым айқын: көз – сезімнің әміршісі екен, онда живопись — өнер падишасы. Леонардо бұл қағиданы көптеген мысадармен дәлелдейді.

- Живописші, деп мәлімдейді Леонардо, — көзбен көріп, жүрекпен сезінген нәрселерінің барлық өзгешелігін, өз түсін, өз көмескілігін, оның алуан түрлі қасиетін тұтас жиынтықтай қамтып бейнелейді – міне, жарық пен көлеңкенің табиғаттан алатын мүсініне оларды өзі жасайтын живописьтің артықшылығы да дәл осында.

Бірақ мұның бәрі аз. Өнерлердің ішіндегі ең ұлысы – живопись өзін шын мәнісінде игерген адамға табиғатқа қожалық ету билігін береді.

«Егер живописьші, — деп жазды Леонардо, — өзінің сүйсінісін туғызатын тамаша заттарды көргісі келсе, — оларды туғызу оның өз қолында, ал егер ол адамды үрейлендіретін кейіпсіз, сайқымазақ, күлкілі немесе шын мәнінде аянышты дүниелерді көргісі келсе, онда оларды да жасайтын құдірет иесі соның өзі.Сонымен, живопись кез келген іс әрекеттен жоғары қойылуға тиіс, өйткені ол табиғатта бар және онда жоқ барлық формаларды бойына дарытқан.

Леонардоға дейін ешкім де кескіндеме туралы бұлай айтқан жоқ. Және одан кейін де ешкім, сірә, кескіндеменің мұндай ғаламат құдіреттілігін соншалықты сеніммен және соншалықты өктемдікпен сезінбеген болар!

Көркемдік бейне тудыра кескіндеменің пайдаланатын құралы – сәуле, бояу, рең. Сәулелі бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымымен тауып бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік те өткір тіл жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды. Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалаған қалпында қалтындықтын назарға да сол қалпында бірден шалынады.  Бірақ суреттердің қыл қаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан , жан тебіреністерінен дерек береді, көрерменмен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.

Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуде кескіндеменің мүмкіншілігі зор. Бұл оның көп жанрлығынан да байқалады. Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді.

Олар: 1)Монументтік сәндік кескіндеме. Бұған қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне, тұсқа салынатын суреттер жатады.

2) Қондырғылы кескіндеме суреттер, яғни картиналар. Бұл неғұрлым нәзік, сыршыл келеді, әдетте белгілі бір мекенмен байланыстырылады.

Сәндік суреттер. Театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, миниатюра және т.б.

Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы: майлы бояу кескіндеме, фреска, секко, темпера желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер. Кескіндеменің керамикалық бояумен, силикаттық бояумен салынатын тағы басқа да түрлері бар. Мозайка мен витраж да кескіндемемен ұштасады. Кескіндеме туындыларын жасауда гуашь, акварель, тушь, пастель, молынан қолданылады. Кескіндемелік шығармалар көлем кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екіге бөлінеді. Кескіндеме жанрына көптеген суретшілер жұмыс істеген. Қайта өркіндеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Леонардо да Винчи, Рафаэль, Тициан, Микеланджело, Джорджоне, Паоло Веронезе, Ботичелли т.б.

Сонымен қоса кескіндеме өнері натюрморт, пейзаж, портрет, анималистік, маринистік, батальдық жанрларына  бөлінеді.

Бөлісу: