Астанада «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Тұңғыш Назарбаев оқулары» Халықаралық фору

Астанада «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Тұңғыш Назарбаев оқулары» Халықаралық фору

Астанада «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Тұңғыш Назарбаев оқулары» Халықаралық форумы жұмысын бастайды. Бұл ауқымды іс-шараға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне мың жарымнан аса баяндамалар түскен, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап

Сараптаудың нәтижесінде ұйымдастырушылар осы сұхбат алаңында оқылатын олардың үздік 50-ін іріктеп алған. Форум «Назарбаев университетінде» өтеді. 

Форумды ұйымдастырып отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің айтуынша, «Тұңғыш Назарбаев оқуы» бұл – жан-жақты ғылыми тағылым әрі қазақстандық және шетелдік сарапшылардың Тәуелсіз мемлекет құрудағы, оның әлемдік деңгейде мойындалуындағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі мен тарихи рөлін көрсету. 

Іс-шараға өздерінің қатысатындықтарын әлемнің елу елінен көрнекті қоғам қайраткерлері мен саяси қайраткерлер: ғалымдар, тарихшылар, сарапшылар, экс-министрлер, президенттер мен премьер-министрлер растады.