ШҚО-да 106 футбол алаңы салынады

3 Қыркүйек 2013, 08:45

Шығыс Қазақстан облысының орталығында Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына дайындық барысы пысықталды. Бұл туралы облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбай баяндады , деп хабарлайды Аltaynews.kz. Басқарма басшысының келтірген деректеріне қарағанда, «жүз жылдыққа жүз алаң» жоспары бойынша аймақ елді мекендерінде салынатын 100 шағын футбол алаңының орнына 106 алаң іске қосылмақ. Өскеменде 8 алаң салынуы тиіс болса, соның екеуі қолданысқа беріліп қойған, алтауында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Семейде 13 алаң жоспарланса, жетеуі іске қосылып, алтауының лентасы оныншы қыркүйекте қиылмақ. Риддер қаласында межеленген төрт футбол алаңының үшеуі аяқталып, біреуінде жұмыс әлі жүргізілуде. Абай ауданында да дәл осындай жағдай, төрт алаңның үшеуі дайын, біреуі жақын арада қолданысқа өткізілмек. Ұлан ауданында жоспарда көрсетілген 7 алаңның біреуінде ғана қазір балалар доп ойнап жүр, алтауында құрылыс аяқталмаған. Жыл соңына дейін бұлардың барлығы тас-түйін болатынын айтты Әбіл Дөңбай. Семейдегі мерейтойға еліміздің басқа қалаларынан, Ресейден, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 10 футбол командасы, ардагер спортшылар қатысады. Бүгінгі күні «Спартак» стадионының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, тойдың негізгі бөлімі сонда өтеді. Мұны қаперге салған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев басқарма басшысына қыркүйектің 17-сіне дейін стадион сақадай-сай болуы керек деп қадап тұрып тапсырды. Алыс-жақыннан келетін қонақтарды күтіп алу, тамақтандыру, жататын орындарын қамдау мәселелері де өз шешімін тауыпты. BNews.kz

Шығыс Қазақстан облысының орталығында Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына дайындық барысы пысықталды. Бұл туралы облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбай баяндады , деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Басқарма басшысының келтірген деректеріне қарағанда, «жүз жылдыққа жүз алаң» жоспары бойынша аймақ елді мекендерінде салынатын 100 шағын футбол алаңының орнына 106 алаң іске қосылмақ.

Өскеменде 8 алаң салынуы тиіс болса, соның екеуі қолданысқа беріліп қойған, алтауында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Семейде 13 алаң жоспарланса, жетеуі іске қосылып, алтауының лентасы оныншы қыркүйекте қиылмақ. Риддер қаласында межеленген төрт футбол алаңының үшеуі аяқталып, біреуінде жұмыс әлі жүргізілуде. Абай ауданында да дәл осындай жағдай, төрт алаңның үшеуі дайын, біреуі жақын арада қолданысқа өткізілмек. Ұлан ауданында жоспарда көрсетілген 7 алаңның біреуінде ғана қазір балалар доп ойнап жүр, алтауында құрылыс аяқталмаған. Жыл соңына дейін бұлардың барлығы тас-түйін болатынын айтты Әбіл Дөңбай.

Семейдегі мерейтойға еліміздің басқа қалаларынан, Ресейден, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 10 футбол командасы, ардагер спортшылар қатысады. Бүгінгі күні «Спартак» стадионының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, тойдың негізгі бөлімі сонда өтеді. Мұны қаперге салған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев басқарма басшысына қыркүйектің 17-сіне дейін стадион сақадай-сай болуы керек деп қадап тұрып тапсырды.

Алыс-жақыннан келетін қонақтарды күтіп алу, тамақтандыру, жататын орындарын қамдау мәселелері де өз шешімін тауыпты.

BNews.kz

Бөлісу: