Карл Ясперс

3 Қыркүйек 2013, 08:34

Карл Ясперстің (1883—1969) шығармашылығын төрт кезеңін бөліп көрсетуге болады. 1. «Психиатрия кезеңі» (1913). Оның бұл кезендегі негізгі шығармасы — «Жалпы психопатология». Ясперс кітаптің психикалық құбылыстардың жіктемесін жасайды. Психологиялық түсінуге байланысты ол еркіндік турлы көп пайымдайды. 2. Экзистенцализм философиясы кезеңі(1919—1937). А. «Көзқарастар психологиясы» (1919). Көп жағынан «Жалпы психопатологияны» әлі де болса еске салғанымен, ол экзистенциализм бойынша бірінші кітап болып саналады. Онда келісімге келуден бас тарту мен бозбалалық қызбалық көп. Ақиқатгың өлшемін қалай табу керек? Ясперс көмекті мүмкін боларлық барлық көзқарастардан іздейді. Бірақ оның өзіндік ұстанымы ол кезде толық қалыптасып болмаған еді. Б. «Философия» (1932). Мұнда, ақыр соңында, экзистенциализм жұйесі дұниеге келді. Бұл кітап — таза экзиетен- циалдық философиялық пайымдаудың ешкім жетпеген (Ясперстің өзі де) ұлгісі. Онда ақыл-ойдьщ рационалдау қабілеті интуитивтік экзистенциалдық уайым кешуге қаншалықты мұмкін болғанша жақындатылады. Ясперс өз зертгеулерінің объекгісіне айналдырған нөрселер — жанның жалпы күй-жағдайлары: шекаралық жағдайлар, трансценденция, жеткізілмейтіндік және коммуникация, нағыздық. Мұнымен қатар, философ үнемі қайталайды: адамның еркіндігі, адамның өз трансценденциясына (шекген тыс жатқан, белгісіз мақсатқа) қалай қарайтындығы, ақырында, оның шешімді қалай қабылдайтындығы — осының бәрі ақыр соңында құпия болып табылады. Және де, өмір сүретін біз емес, біздің бойымызда біздің виталдығымыз, өмірлік күшіміз өмір сүреді. 3. Нацизм жылдары (1937—1945). Бұл, сол дәуір адамдарының басым көпшілігінің өміріндегі сияқты, оның өміріндегі ауыр оқиғалар кезеңі. Осы кезде Ясперс күнделік жүргізіп отырды, оның мазмұны жартылай эмирацияның мүмкіндігі туралы, жартылай — өзін өзі өлтіру туралы пайымдауларды бейнелейді. Мәтінге қарағанда, оны бәрінен көбірек мазалайтын сұрақ — өзін өзі өлтіру күнә ма? 4.Соңгы кезең (1945 жылдан кейін). Ясперстің шығармашылығы соғыстан кейін екі бағытта жүрді. Біріншіден, ол өзінің экзистенциализмін реттеді. Оның нәтижесі — екі томнан тұратын, өте ауқымды «Философиялық логика». Бұл еңбек негізінен категориялар табиғаты, ақыл-ойдың мәні, еркіндік дегеніміз не, адамның өмір сүруін философиялық тұрғыдан қалай дұрыс түсіндіру керек және тағы басқа сұрақтарға арналған. Екінші бағыт — көпшілікке белгілі «Тарихтьщ бастаулары және мақсаты», мәтіні жеңілдетілген «Философияға кіріспе» сияқты саяси, тарихи шығармалар. Бұл еңбекгердің басым көпшілігінен діннің ықпалы жақсы байқалады, ал көбі, мысалы, «Сенім философиясы», дінді философиялық пайымдауға тікелей арналған.  

Карл Ясперстің (1883—1969) шығармашылығын төрт кезеңін бөліп көрсетуге болады.

1. «Психиатрия кезеңі» (1913). Оның бұл кезендегі негізгі шығармасы — «Жалпы психопатология». Ясперс кітаптің психикалық құбылыстардың жіктемесін жасайды. Психологиялық түсінуге байланысты ол еркіндік турлы көп пайымдайды.

2. Экзистенцализм философиясы кезеңі(1919—1937).

А. «Көзқарастар психологиясы» (1919). Көп жағынан «Жалпы психопатологияны» әлі де болса еске салғанымен, ол экзистенциализм бойынша бірінші кітап болып саналады. Онда келісімге келуден бас тарту мен бозбалалық қызбалық көп. Ақиқатгың өлшемін қалай табу керек? Ясперс көмекті мүмкін боларлық барлық көзқарастардан іздейді. Бірақ оның өзіндік ұстанымы ол кезде толық қалыптасып болмаған еді.

Б. «Философия» (1932). Мұнда, ақыр соңында, экзистенциализм жұйесі дұниеге келді. Бұл кітап — таза экзиетен- циалдық философиялық пайымдаудың ешкім жетпеген (Ясперстің өзі де) ұлгісі. Онда ақыл-ойдьщ рационалдау қабілеті интуитивтік экзистенциалдық уайым кешуге қаншалықты мұмкін болғанша жақындатылады. Ясперс өз зертгеулерінің объекгісіне айналдырған нөрселер — жанның жалпы күй-жағдайлары: шекаралық жағдайлар, трансценденция, жеткізілмейтіндік және коммуникация, нағыздық.

Мұнымен қатар, философ үнемі қайталайды: адамның еркіндігі, адамның өз трансценденциясына (шекген тыс жатқан, белгісіз мақсатқа) қалай қарайтындығы, ақырында, оның шешімді қалай қабылдайтындығы — осының бәрі ақыр соңында құпия болып табылады. Және де, өмір сүретін біз емес, біздің бойымызда біздің виталдығымыз, өмірлік күшіміз өмір сүреді.

3. Нацизм жылдары (1937—1945). Бұл, сол дәуір адамдарының басым көпшілігінің өміріндегі сияқты, оның өміріндегі ауыр оқиғалар кезеңі. Осы кезде Ясперс күнделік жүргізіп отырды, оның мазмұны жартылай эмирацияның мүмкіндігі туралы, жартылай — өзін өзі өлтіру туралы пайымдауларды бейнелейді. Мәтінге қарағанда, оны бәрінен көбірек мазалайтын сұрақ — өзін өзі өлтіру күнә ма?

4.Соңгы кезең (1945 жылдан кейін). Ясперстің шығармашылығы соғыстан кейін екі бағытта жүрді. Біріншіден, ол өзінің экзистенциализмін реттеді. Оның нәтижесі — екі томнан тұратын, өте ауқымды «Философиялық логика». Бұл еңбек негізінен категориялар табиғаты, ақыл-ойдың мәні, еркіндік дегеніміз не, адамның өмір сүруін философиялық тұрғыдан қалай дұрыс түсіндіру керек және тағы басқа сұрақтарға арналған. Екінші бағыт — көпшілікке белгілі «Тарихтьщ бастаулары және мақсаты», мәтіні жеңілдетілген «Философияға кіріспе» сияқты саяси, тарихи шығармалар. Бұл еңбекгердің басым көпшілігінен діннің ықпалы жақсы байқалады, ал көбі, мысалы, «Сенім философиясы», дінді философиялық пайымдауға тікелей арналған.

 

Бөлісу: