Шаңырақ тойлары

3 Қыркүйек 2013, 05:40

Туған күн тойлары Әрбір ата-ана баласының бір жасқа толғанынан бастап, жыл сайын туған күнін атап өтеді. Мұның ішінде баласының ең алғашқы мүшел жасқа (13 жасқа, содан кейінгі мүшел жас оған 12 жылды қосып отыру арқылы анықталады) толып, одан аман-сау өтуі ата-аналар үшін үлкен қуаныш. Жас сәби ержетіп, азамат болғаннан кейін өз туған күнін өзі өткі-зеді, оған құрбы-құрдастарын шақырады, ата-аналарына да дастархан жайып береді. Туған күннің ішінде 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100-ге толу – мерейтой болып саналады. Дәулеті барлар оны үлкен тойға айналдырады. Мерейтойы мүшел жасының алдында келсе, мүшел жастан шыққаннан кейін барып той жасайтындар бар. Өйткені, халық сенімінде мүшел жас әртүрлі ауыртпалықтарға толы. Отбасылық өмірдің әр жылындағы тойлар Ерлі-зайыптылардың некеге тұрғанына, сөйтіп, шаңырақ құрғанына белгілі бір уақыт толғанда атап өтетін тойлары болады. Еуропалықтардың бұл дәстүрінің кейбірі қазақ отбасыларына да тән. Мысалы, отбасының күміс тойын, алтын тойын өткізуі. Біз енді отбасылық өмірдің әр жылындағы тойларға тоқталсақ. Шыт той — отбасы құрғаннан кейін бір жыл өткен соң атап өтіледі. Бұл күні ерлізайыптылар бір-біріне шыт орамал сыйлайды. Ағаш той – отбасылық өмірдің бесжылдығына орай аталып өтіледі. Бұл күні ерлізайыптылар бір-біріне ағаштан жасалған бұйымдар сыйлайды. Раушан той – онжылдық бас қосу мерекесі. Бұл күні достар қонаққа шақырылады, барлығы қолдарына раушан гүлдерін ұстап билейді. Әйнек той – онбесжылдық той. Бұл күні сыйлық шыныдан істелген бұйымдар бо луы шарт. Әйнек – ерлізайыптылар қарым-қатынасының мөлдірлігінің куәсі болмақ. Фарфор той – отбасы-лық өмірдегі жиырма жылдан кейін атап өтіледі. Шақырылған меймандарға тағамдар фарфордан жасалған жаңа ыдыстарға салынып тартылады. Күміс той – жиырма бес жылдан кейін аталып өтіледі. Бұл күні некелік алтын сақинаның қасына күміс сақина қосылуы керек. Інжу той – отыз жылдан кейінгі той. Бұл күні күйеуі әйеліне алқа сыйлауы керек, бұл өткен күндердің бәрінің де інжудей тартымды болғанының куәсі болмақ. Кенеп той – отыз бес жылдан кейін тойланады. Бұл күні кенептен тігілген заттар сыйланып, кенеп дастарқан жайылады. Лағыл той – қырық жыл өткеннен кейінгі мереке. Бұл күні сыйланған алтын сақинаға махаббат пен жалынның белгісі – лағыл орнатылған болуы шарт. Алтын той – отбасылық өмірдің елу жылдық торқалы тойы. Мерекелік алтын сақиналар жаңа сақиналармен ауыстырылады. Гауһар той – отасқанына алпыс жыл өткенде тойланады. Мұны атап өту – ендігі жерде бұл некені ешкім бұза алмайды деген ұғымға саяды. Темір той – ерлізайыптылық өмірдің алпыс бес жылдығында өтеді. Тас той – мұның бір ерекшелігі, неке қиылғанына алпыс жеті жарым жыл өткенде аталып өтіледі. Игілікті той – жетпіс жыл өткенде тойланады. Тәждік той – бұл ең соңғы той болып есептелмек, отбасылық өмірдің жетпіс бес жылы өткенде атап өтіледі.

Туған күн тойлары

Әрбір ата-ана баласының бір жасқа толғанынан бастап, жыл сайын туған күнін атап өтеді. Мұның ішінде баласының ең алғашқы мүшел жасқа (13 жасқа, содан кейінгі мүшел жас оған 12 жылды қосып отыру арқылы анықталады) толып, одан аман-сау өтуі ата-аналар үшін үлкен қуаныш. Жас сәби ержетіп, азамат болғаннан кейін өз туған күнін өзі өткі-зеді, оған құрбы-құрдастарын шақырады, ата-аналарына да дастархан жайып береді. Туған күннің ішінде 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100-ге толу – мерейтой болып саналады. Дәулеті барлар оны үлкен тойға айналдырады. Мерейтойы мүшел жасының алдында келсе, мүшел жастан шыққаннан кейін барып той жасайтындар бар. Өйткені, халық сенімінде мүшел жас әртүрлі ауыртпалықтарға толы.

Отбасылық өмірдің әр жылындағы тойлар

Ерлі-зайыптылардың некеге тұрғанына, сөйтіп, шаңырақ құрғанына белгілі бір уақыт толғанда атап өтетін тойлары болады. Еуропалықтардың бұл дәстүрінің кейбірі қазақ отбасыларына да тән. Мысалы, отбасының күміс тойын, алтын тойын өткізуі. Біз енді отбасылық өмірдің әр жылындағы тойларға тоқталсақ.

Шыт той — отбасы құрғаннан кейін бір жыл өткен соң атап өтіледі. Бұл күні ерлізайыптылар бір-біріне шыт орамал сыйлайды. Ағаш той – отбасылық өмірдің бесжылдығына орай аталып өтіледі. Бұл күні ерлізайыптылар бір-біріне ағаштан жасалған бұйымдар сыйлайды. Раушан той – онжылдық бас қосу мерекесі. Бұл күні достар қонаққа шақырылады, барлығы қолдарына раушан гүлдерін ұстап билейді. Әйнек той – онбесжылдық той. Бұл күні сыйлық шыныдан істелген бұйымдар бо луы шарт. Әйнек – ерлізайыптылар қарым-қатынасының мөлдірлігінің куәсі болмақ.

Фарфор той – отбасы-лық өмірдегі жиырма жылдан кейін атап өтіледі. Шақырылған меймандарға тағамдар фарфордан жасалған жаңа ыдыстарға салынып тартылады. Күміс той – жиырма бес жылдан кейін аталып өтіледі. Бұл күні некелік алтын сақинаның қасына күміс сақина қосылуы керек. Інжу той – отыз жылдан кейінгі той. Бұл күні күйеуі әйеліне алқа сыйлауы керек, бұл өткен күндердің бәрінің де інжудей тартымды болғанының куәсі болмақ.

Кенеп той – отыз бес жылдан кейін тойланады. Бұл күні кенептен тігілген заттар сыйланып, кенеп дастарқан жайылады.

Лағыл той – қырық жыл өткеннен кейінгі мереке. Бұл күні сыйланған алтын сақинаға махаббат пен жалынның белгісі – лағыл орнатылған болуы шарт.

Алтын той – отбасылық өмірдің елу жылдық торқалы тойы. Мерекелік алтын сақиналар жаңа сақиналармен ауыстырылады. Гауһар той – отасқанына алпыс жыл өткенде тойланады. Мұны атап өту – ендігі жерде бұл некені ешкім бұза алмайды деген ұғымға саяды.

Темір той – ерлізайыптылық өмірдің алпыс бес жылдығында өтеді.

Тас той – мұның бір ерекшелігі, неке қиылғанына алпыс жеті жарым жыл өткенде аталып өтіледі.

Игілікті той – жетпіс жыл өткенде тойланады.

Тәждік той – бұл ең соңғы той болып есептелмек, отбасылық өмірдің жетпіс бес жылы өткенде атап өтіледі.

Бөлісу: