Әлемдегі ірі IT-корпорациясы Microsoft финн компаниясы ұялы телефон шығаратын Nokia-ның осы саладағы бизнесін сатып алмақ. Мәміленің құны 7,2 млрд доллар, деп хабарлайды Рейтерс агенттігі.
Екі жақты мәміле 2014 жылдың алғашқы үш айында аяқталады деп күтілуде. Мәміле шартында ұялы телефон өндірісі мен компанияның патенттері де сатылатыны көрсетілген.
Финн компаниясы біраз бұрын ұялы телефон нарығында алдыңғы қатарда болған, алайда соңғы жылдары тоқырауға ұшырап, бәсекелестері Samsung пен Apple-дан қалып қойды.
Nokia Microsoft-пен 2011 жылдан бері ынтымақтастып жұмыс істеуде, оның ұялы телефондарына Windows Mobile операциялық жүйесі орнатылған.
BNews.kz