Шымкентте жас отбасыларға баспана беріледі

2 Қыркүйек 2013, 10:10

Соңғы кезде мемлекет баспана мәселесін шешуге үлкен қолдау білдіріп келеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Шымкентте де мемлекеттік бағдарламалар бойынша көп қабатты үйлер салу кеңінен қолға алынды. Ағымдағы жылы 64 үйдің (4350 пәтер) құрылысына бюджеттен 6 миллиардтан астам теңге бөлінді. Өткен жылы «Нұрсәт» шағын ауданындағы Арғынбеков көшесі бойында тоғыз қабатты екі үйдің құрылысы басталды. Бұл үйлер келесі жылы бітіп, пәтерлер ең алдымен жас отбасылар мен жетім балаларға беріледі. Бұдан бөлек «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында осы жылы 51 балалар үйінің түлектеріне пәтер тапсырылғалы отыр. Сонымен қатар, қаладағы маңызды жол мәселесі де жүйеленіп келеді. Биыл қаладағы 155 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болса, бүгінге дейін соның 33-інде жұмыстар аяқталды. Бұл жоспар жыл соңына дейін орындалады. Айта кететін жағдай, қазір қала көшелерінде қосымша оңға бұрылатын жолдардың құрылысы жүріп жатыр. Мұндай жолдар өз тиімділігін Астанада дәлелдеді. Осы тәжірибе Шымкентте де енгізіліп жатыр. Жоба бойынша жуырда 51 жол салу жоспарланған, дейді әкімдік мамандары. Ғабит ҚАРАБАЙ Baq.kz

Соңғы кезде мемлекет баспана мәселесін шешуге үлкен қолдау білдіріп келеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкентте де мемлекеттік бағдарламалар бойынша көп қабатты үйлер салу кеңінен қолға алынды. Ағымдағы жылы 64 үйдің (4350 пәтер) құрылысына бюджеттен 6 миллиардтан астам теңге бөлінді. Өткен жылы «Нұрсәт» шағын ауданындағы Арғынбеков көшесі бойында тоғыз қабатты екі үйдің құрылысы басталды. Бұл үйлер келесі жылы бітіп, пәтерлер ең алдымен жас отбасылар мен жетім балаларға беріледі.
Бұдан бөлек «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында осы жылы 51 балалар үйінің түлектеріне пәтер тапсырылғалы отыр.
Сонымен қатар, қаладағы маңызды жол мәселесі де жүйеленіп келеді. Биыл қаладағы 155 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болса, бүгінге дейін соның 33-інде жұмыстар аяқталды. Бұл жоспар жыл соңына дейін орындалады.
Айта кететін жағдай, қазір қала көшелерінде қосымша оңға бұрылатын жолдардың құрылысы жүріп жатыр. Мұндай жолдар өз тиімділігін Астанада дәлелдеді. Осы тәжірибе Шымкентте де енгізіліп жатыр. Жоба бойынша жуырда 51 жол салу жоспарланған, дейді әкімдік мамандары.

Ғабит ҚАРАБАЙ
Baq.kz
Бөлісу: