Астанада Индонезия мәдениеті күндері өтеді

2 Қыркүйек 2013, 10:02

Индонезия президентінің ресми сапары қарсаңында 2-4 қыркүйек аралығында Қазақстанда Индонезия мәдениетінің күндері өтеді, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. «2 қыркүйекте сағат 19:00-де Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасындағы Индонезияның мәдениет күндері аясында өнер шеберлерінің қатысуымен Гала-концерті өтеді. Гала-концертке индонезиялық Мавар Будая тобы, Бандунги қаласынан Би мектебінің өнерпаздары қатысады, сонымен қатар, индонезиялық сән үлгілерінің көрсетілімі болады», - деп көрсетілген ақпар хатта. 2–4 қыркүйек аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында Индонезияның мәдениеті мен өнерін жан-жақты таныстыратын фото және тоқыма бұйымдарының көрмесі өтеді. 2013 жылғы 3-4 қыркүйек аралығында сағат 17.00-де және 19.30-да «Сарыарқа» сауда үйінде индонезиялық «Түрлі-түсті әскер» (Laskar Pelangi), «Хабиби және Айнун» (Habibie dan Ainun), «Қызыл және ақ» (Merah Putih) және «Бәрі де Укок үшін» (Demi Ucok) атты фильмдер көрсетіледі. Барлық көрермендер үшін есік ашық. Ал, «Индонезияның достары мен мәдениеті» атты сурет көрмесі өтеді. Экспозиция осы елдің мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрінің құндылықтарымен таныстырады. BNews.kz

Индонезия президентінің ресми сапары қарсаңында 2-4 қыркүйек аралығында Қазақстанда Индонезия мәдениетінің күндері өтеді, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

«2 қыркүйекте сағат 19:00-де Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасындағы Индонезияның мәдениет күндері аясында өнер шеберлерінің қатысуымен Гала-концерті өтеді. Гала-концертке индонезиялық Мавар Будая тобы, Бандунги қаласынан Би мектебінің өнерпаздары қатысады, сонымен қатар, индонезиялық сән үлгілерінің көрсетілімі болады», - деп көрсетілген ақпар хатта.

2–4 қыркүйек аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында Индонезияның мәдениеті мен өнерін жан-жақты таныстыратын фото және тоқыма бұйымдарының көрмесі өтеді.

2013 жылғы 3-4 қыркүйек аралығында сағат 17.00-де және 19.30-да «Сарыарқа» сауда үйінде индонезиялық «Түрлі-түсті әскер» (Laskar Pelangi), «Хабиби және Айнун» (Habibie dan Ainun), «Қызыл және ақ» (Merah Putih) және «Бәрі де Укок үшін» (Demi Ucok) атты фильмдер көрсетіледі.

Барлық көрермендер үшін есік ашық.

Ал, «Индонезияның достары мен мәдениеті» атты сурет көрмесі өтеді. Экспозиция осы елдің мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрінің құндылықтарымен таныстырады.

BNews.kz

Бөлісу: