Шығыс Қазақстан - бал ордасы. Осы ұранмен аймақта VI Халықаралық бал фестивалі өтті. Екі күндік бал мерекесіне Өскеменге 14 елдің өкілдері, Қазақстанның түкпір-түкпірінен омарташылар келді. Еуропа және Америкадан келген қонақтар жасанды қоспасыз табиғи балдың дәмін татып қайтты, деп хабарлайды astanatv.kz.
Іс-шараның әу басында фестивальға қатысушы омарташылар Алтайдың табиғи таза балының хош иісі мен дәміне таңданыс білдірді. Шетелдік бал мамандарының айтуынша, Еуропа халқы көбінесе лактоза қосылған жасанды бал тұтынатындықтарын жеткізді. Сондықтан,қолдан келсе, дүкен сөрелерін тек қана табиғи балмен толтыру керек.
Тугрул Чармаш, Түркия омарташылар ассоцияциясының бас хатшысы:
«Түркия бал және бал өнімдерін өндіруден Қытайдан кейінгі екінші орында тұр. Мен екі күн бойы түрлі сортты балдың дәмін татып жүрмін. Сіздердің балдарыңызда ешқандай химиялық қоспа жоқ. Таза екен. Бұндай өнім табу қиын қазір».
Елімізде таяу жылдары бал арасының ұясын 2 миллионға дейін жеткізу жоспарлануда. Осы межеге жету үшін бал араларын асылдандыруға үлкен мән берілуде. Қазақстан өз өнімін халықаралық нарыққа шығару үшін ең алдымен өндіріс көлемін ұлғайтуы қажет, дейді мамандар.
Сергей Терещенко, ҚР «Бал Ара» омарташылар одағының президенті:
«Менің ойымша, Қазақстанда кең ауқымды омарташылар серіктестіктерін құру керек. Қазақстандық бал брэндке айналды. Осы саланы елімізде дамытуымыз қажет».
Орта есеппен алғанда, әр қазақстандық жылына 40 килограмм қант, 50 грамм бал жейді. Ал негізінде, адам күніне кем дегенде 50 грамм бал жеуі қажет екен. Ресейлік омарташы Сергей Минченко – балдың денсаулыққа пайдасын зерттеп жүрген тәжірибелі маман. Балдың адам иммунитетін көтеріп, ағзаны сауықтырудағы баға жетпес қасиеті жөнінде дәйекті деректер келтірген ол осындай фестивальдің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сергей Минченко, омарташы:
«Бұның барлығы омарташылық шаруашылықты дамыту, бал тұтыну мәдениетін жандандыру және халық денсаулығын нығайту бағытында ұйымдастырылып отырған шара».
Фестиваль аясында омарташылардың шеберлік кластары мен көрме ұйымдастырылды.
Шара соңында жиналған жұртшылыққа арналып бал жәрмеңкесі өткізілді.
Жұрағат БАМАН
Baq.kz