"Қыз Жібек" фильмі

2 Қыркүйек 2013, 03:26

Пәк махаббат пен шынайы сезімнің нышаны «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сарқылмас қазынасы, өшпес мұрасы.  Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» жырының желісімен түсірілген көркем фильмі бүгінде  қазақ киносының алтын қорына айналды. 1968-1970 жылдары түсірілген  «Қыз Жібек» көркем фильмінің тұсауы 1970 жылы Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеатрында кесілген болатын.  Бүкілодақтық тұсау кесері 1971 жылы Мәскеу қаласында өтті. Фильм сценарийін жазған Ғабит Мүсірепов. Ол Жібек пен Төлегеннің махабаттын ғана жазып қоймай, ел-жұртты бірлікке шақырып, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрді көрсетуге ұмтылған. Фильм музыкасын саз сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев ұлттық нақышқа келтірсе, ән өлеңдерін Қадыр Мырза Әлі жазған. Фильмнің сюжеттік желісіне арқау болған халықтың әдеби «Қыз Жібек» аңызы қазақ халқының 16-17 ғасырда әр бір орда басшыларының өзара қақтығыстары орын алған кезеңді бейнелейді. Аңыз бойынша жауласқан екі әулеттен шыққан қыз бен жігіттің сүйіспеншілігі мен махаббатымен қатар, фильмде ұлт біріктілігі мен берекесін аңсаған қарапайым көшпелі қазақтың тұрмысы мен болмысы айқын көрініс тапқан. Басты рөлді сомдаушылар Асанәлі Әшімов, Құман Тастамбеков, Меруерт Өтекешова сынды өнер майталмандары. Фильм режиссері Сұлтан Қожықов,  сценарий авторы Ғабит Мүсірепов, басты рөлдерді сомдаған актерлер Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Аталған фестивальде Гүлфайруз Ысмайылова, Кененбай Қожабеков, Сұлтан Қожықов дипломмен марапатталды. 1972 жылы Тбилиси қаласындағы (Грузия) V БКФ-де фильм көркемдік безендірілуі жағынан ең үздік болып танылып, диплом мен сыйлықты жеңіп алды. Сонымен қатар, актер Кенебай Қожабек пен режиссер Сұлтан Ходжиков та дипломды қанжығасына байлады. Фильм 1972 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бастысы - фильм қалың халықтың ыстық ықыласы мен үлкен марапатына ие болды. Фильмді түсіру жұмыстары Семей, Көкшетау, Ақтау өңірлері мен Алматы облысының сол кездегі Күрті ауданында, Жаркент маңында, Іле өзенінің жағалауында жүргізілген. Басты кейіпкер Жібек рөліне лайықты бойжеткенді табу үшін 1968 жылы 1 қаңтарда «Лениншіл жас» (қазіргі таңда «Жас Алаш») газетіне хабарландыру жарияланады. Фильмге Бішкек қаласының хайуанаттар бағынан киноға түсіру үшін арнайы аққулар әкелінген. Бүгінде аталған фильм дейін көпшілік көрерменнің ықыласына бөленіп келеді.

Пәк махаббат пен шынайы сезімнің нышаны «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сарқылмас қазынасы, өшпес мұрасы.  Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» жырының желісімен түсірілген көркем фильмі бүгінде  қазақ киносының алтын қорына айналды.

1968-1970 жылдары түсірілген  «Қыз Жібек» көркем фильмінің тұсауы 1970 жылы Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеатрында кесілген болатын.  Бүкілодақтық тұсау кесері 1971 жылы Мәскеу қаласында өтті.

Фильм сценарийін жазған Ғабит Мүсірепов. Ол Жібек пен Төлегеннің махабаттын ғана жазып қоймай, ел-жұртты бірлікке шақырып, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрді көрсетуге ұмтылған. Фильм музыкасын саз сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев ұлттық нақышқа келтірсе, ән өлеңдерін Қадыр Мырза Әлі жазған.

Фильмнің сюжеттік желісіне арқау болған халықтың әдеби «Қыз Жібек» аңызы қазақ халқының 16-17 ғасырда әр бір орда басшыларының өзара қақтығыстары орын алған кезеңді бейнелейді. Аңыз бойынша жауласқан екі әулеттен шыққан қыз бен жігіттің сүйіспеншілігі мен махаббатымен қатар, фильмде ұлт біріктілігі мен берекесін аңсаған қарапайым көшпелі қазақтың тұрмысы мен болмысы айқын көрініс тапқан.

Басты рөлді сомдаушылар Асанәлі Әшімов, Құман Тастамбеков, Меруерт Өтекешова сынды өнер майталмандары. Фильм режиссері Сұлтан Қожықов,  сценарий авторы Ғабит Мүсірепов, басты рөлдерді сомдаған актерлер Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

Аталған фестивальде Гүлфайруз Ысмайылова, Кененбай Қожабеков, Сұлтан Қожықов дипломмен марапатталды.

1972 жылы Тбилиси қаласындағы (Грузия) V БКФ-де фильм көркемдік безендірілуі жағынан ең үздік болып танылып, диплом мен сыйлықты жеңіп алды. Сонымен қатар, актер Кенебай Қожабек пен режиссер Сұлтан Ходжиков та дипломды қанжығасына байлады.

Фильм 1972 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Бастысы - фильм қалың халықтың ыстық ықыласы мен үлкен марапатына ие болды.

Фильмді түсіру жұмыстары Семей, Көкшетау, Ақтау өңірлері мен Алматы облысының сол кездегі Күрті ауданында, Жаркент маңында, Іле өзенінің жағалауында жүргізілген. Басты кейіпкер Жібек рөліне лайықты бойжеткенді табу үшін 1968 жылы 1 қаңтарда «Лениншіл жас» (қазіргі таңда «Жас Алаш») газетіне хабарландыру жарияланады. Фильмге Бішкек қаласының хайуанаттар бағынан киноға түсіру үшін арнайы аққулар әкелінген.

Бүгінде аталған фильм дейін көпшілік көрерменнің ықыласына бөленіп келеді.

Бөлісу: