Максим Раков пен Ержан Шынкеев жүлдесіз қалды

2 Қыркүйек 2013, 03:21

Бразилияның Рио де Жанейро қаласында дзюдодан әлем чемпионатына нүкте қойылады. Кеше Рио татамиінен несібесін алып кету үшін аса ауыр салмақтағы қыздар мен жігіттер татамиге шықты. Өкінішке қарай, біз үміт еткен әлем чемпионы Максим Раков Лондон Олимпиадасынан басталған сәтсіздік сериясын қайтадан жалғастырды. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Максим әлем чемпионатының екінші айналымында болашақ қола жүлдегер, чех балуаны Лукаш Крпалектен айла асыра алмады. Өз кезегінде Лукаш Асхат Житкеев пен Раковтың қарымды қарсыласы саналатын голландиялық Хенк Кролға есе жіберіп, қола жүлдегер атанды.Бұл салмақта әзірбайжандық Ильхам Маммадовқа бұйырды бас жүлде. Негізі, Максимнен күткеніміз көп еді. Алайда, әзірге Қазақстаннан шыққан жалғыз әлем чемпионы саналатын дзюдошымыз баяғы қарқынын жоғалтып алған секілді. 90 келіде ел намысын қорғаған Ислам Бозбаев та әлемдік доданы жалғыз жеңіспен аяқтады. Алғашқы айналымда Конго балуанынан ғана басым болды. Жапон Насиаши Исламға жарысты жалғастыруға мүмкіндік берген жоқ. 70 келіде сынға түскен Динара Құдарованың да жолы тура осындай. Екінші айналымда бразилиялық татами шеберінен ұтылып қалды. Кеше татамиге шыққан аса ауыр салмақтағы Ержан Шынкеев пен Гүлжан Исановалар жеңіліске ұшырады. Ержан бірінші кезеңде-ақ, мысырлық Ислам Эльшехабиден «иппон» әдісімен ұтылды. Риоға аттанған Қазақстан ерлер құрамасындағы 9 дзюдошының жетеуі алғашқы айналымда сүрінбеген. Тек, 66 келідегі Сергей Лим мен ауыр салмақтағы Ержан Шынкеев бірінші белдесуінде ұтылып қалды. Аса ауыр салмақта Лондон Олимпиадасының чемпионы, француз Тедди Риннерге тең келмеді ешкім. Олимпиада чемпионы әлемнің алтынын да жеңіп алды. Лондон Олимпиадасынан соң татамиге шықпаған Гүлжан Исанова алжирлік Сония Асселахты таза жеңгенімен, бразилиялық Мария Альземанға әлі жетпеді. Қыздар арасында кубалық Ортиз чемпион атанды. Азамат Мұқановтың күміс жүлдесі мен Дастан Ықыбаевтың 5-і, Елдос Сметов пен Асхат Тельмановтың 7-і орынынан соң, Қазақстан құрамасы жалпы есепте 14-і орында тұр. Көш басында 3 алтыны бар жапондар. Baq.kz  

Бразилияның Рио де Жанейро қаласында дзюдодан әлем чемпионатына нүкте қойылады. Кеше Рио татамиінен несібесін алып кету үшін аса ауыр салмақтағы қыздар мен жігіттер татамиге шықты. Өкінішке қарай, біз үміт еткен әлем чемпионы Максим Раков Лондон Олимпиадасынан басталған сәтсіздік сериясын қайтадан жалғастырды.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Максим әлем чемпионатының екінші айналымында болашақ қола жүлдегер, чех балуаны Лукаш Крпалектен айла асыра алмады. Өз кезегінде Лукаш Асхат Житкеев пен Раковтың қарымды қарсыласы саналатын голландиялық Хенк Кролға есе жіберіп, қола жүлдегер атанды.Бұл салмақта әзірбайжандық Ильхам Маммадовқа бұйырды бас жүлде. Негізі, Максимнен күткеніміз көп еді. Алайда, әзірге Қазақстаннан шыққан жалғыз әлем чемпионы саналатын дзюдошымыз баяғы қарқынын жоғалтып алған секілді.

90 келіде ел намысын қорғаған Ислам Бозбаев та әлемдік доданы жалғыз жеңіспен аяқтады. Алғашқы айналымда Конго балуанынан ғана басым болды. Жапон Насиаши Исламға жарысты жалғастыруға мүмкіндік берген жоқ.

70 келіде сынға түскен Динара Құдарованың да жолы тура осындай. Екінші айналымда бразилиялық татами шеберінен ұтылып қалды.

Кеше татамиге шыққан аса ауыр салмақтағы Ержан Шынкеев пен Гүлжан Исановалар жеңіліске ұшырады.

Ержан бірінші кезеңде-ақ, мысырлық Ислам Эльшехабиден «иппон» әдісімен ұтылды. Риоға аттанған Қазақстан ерлер құрамасындағы 9 дзюдошының жетеуі алғашқы айналымда сүрінбеген. Тек, 66 келідегі Сергей Лим мен ауыр салмақтағы Ержан Шынкеев бірінші белдесуінде ұтылып қалды. Аса ауыр салмақта Лондон Олимпиадасының чемпионы, француз Тедди Риннерге тең келмеді ешкім. Олимпиада чемпионы әлемнің алтынын да жеңіп алды.

Лондон Олимпиадасынан соң татамиге шықпаған Гүлжан Исанова алжирлік Сония Асселахты таза жеңгенімен, бразилиялық Мария Альземанға әлі жетпеді. Қыздар арасында кубалық Ортиз чемпион атанды.

Азамат Мұқановтың күміс жүлдесі мен Дастан Ықыбаевтың 5-і, Елдос Сметов пен Асхат Тельмановтың 7-і орынынан соң, Қазақстан құрамасы жалпы есепте 14-і орында тұр. Көш басында 3 алтыны бар жапондар.

Baq.kz

 

Бөлісу: