Қазақстандық ғалымдарға тарихи зерттеулер жүргізу үшін үлкен мүмкіндіктер ашылды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Гүлнәр Мұсабалина BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.
«Қазақстанның барлық тарихшылары мен ғалымдары рухтанды. Оларға ең алдымен тарихи зерттеулер жүргізу үшін үлкен мүмкіндік ашылып отыр. Біздің ғылымның шетелдік тарих ғылымымен байланыссыз дамуы өте үлкен проблема болатын. Ғалымдардың мүмкіндігі шектеулі еді, тарих ғылымымыз әлемнің жетекші тарихи бағыттарынан қалып келді. Тарих факультеттерінің ашылуы ең алдымен барлық тарихи білім беру жүйелеріне серпін береді, өйткені көптеген дереккөздері әр түрлі орындарда сақталған. Дереккөздердің бұлайша жүйесіз сақталуы студенттер үшін де, докторанттар үшін де өте тиімсіз. Музейлерде өте бай дереккөздер бар, бірақ жүйе жоқ. Музейлердегі білім көзін ашу керек, онда терең білім жатыр, олардың барлығы бірдей зерттелген деп айта алмаймыз, бірақ оған қолжетімділік жоқ. Дегенмен қазір үлкен өзгерістер орын алуда, тарихты зерделеудің әдістері ауысып жатыр, шетелдік методологиялық әдістер зерттеліп, қолданыла бастады», - деді Гүлнәр Мұсабалина.
Сонымен қатар ғалым мамандардың жоқтығы тағы бір проблеманың себебі болып отырғанын атап өтті.
«Тағы бір проблема мамандардың жоқтығы болып табылады. Қазір ескі құраммен жұмыс істеп келеміз, олардың барлығы жақында зейнет демалысына кетеді. Ал тарихтану және тарихнама бойынша жас мамандар жоқ. Қазір тарих жаппай зерттеліп жатыр, ал егер нақты мамандар алатын болсақ, таппаймыз оны. Бізде тарихшылар дайындалып жатыр, бірақ сағаттар мен бағдарлама оны дамытуға үлкен мүмкіндік ашпайды. Жаңа факультеттер енді осы мамандарды дайындайды деп сенеміз. Олар, мысалға, Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеу, Қазақстанның орта ғасыр тарихын зерттеу кафедрасына бөлінеді. Шынымен де тарих ғылымын реформалау қажет»,- дейді Мұсабалина.